Бейметалдар 8-сынып сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бейметалдардың жалпы сипаттамасы. ІV А топша элементтерінің жалпы сипаттамасы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бейметалдардың ІV А топша элементтеріне жалпы сипаттама беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сөздік - көрнекілік
Қолданылған көрнекіліктер: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру сәті
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Жаңа сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
6. Оқушыларды бағалау
Амандасу, сабаққа әзірлеу..
1. Атомдар мен иондардың өлшемдері;
 
2. Иондау энергиясы;
 
3. Электрон тартқыштығы.
 
4. ТЭ.
 
5. ТД
 
6. жай заттар мен қосылыстарының тотығу - тотықсыздану қасиетінің өзгеруі.
 
7. Бейметалдық, Металдық қасиетінің өзгеру.
R ↑ ИЭ, ЭТ↓ жоғ. төмен е – Ят. қүш.↓ БМЕ↓, МЕ↑
Белгілі 109 элементтің 22 - сі бейметалдарға жатады. Бейметалдар топырақ массасының 84%- ін, өсімдік массасының 98, 5%- ін және адам денесі массасының 97, 5%- ін құрайды. Көміртек, сутек, азот, фосфор және күкірт органогенді элементтер болып табылады. Біз демалатын ауа бейметалдардан түзілетін жай заттардың қоспасы болып табалады.
Сутекпен және электртерістігі төмен бейметалдармен әрәкеттескенде барлық бейметалдар тотықтырғыш қасиеттер көрсетеді. Сонымен қатар барлық бейметалдар (фтордан басқа) тотықсыздандырғыш қасиеттер көрсете алады. Бір бейметалдың өзі тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсете алатын реакциялар да бар. Мұндай реакциялар өздігінен тотығу тотықсыздану реакциялары (диспропорцялану) деп аталады:
СІ2 + Н2О → HCІ + НСІ0
3CІ2 + 6К0Н = 5КСІ + КСІО3 + ЗН20
Бейметалдар оксидтері 2 топка бөлінеді: тұз түзетін ж\е тұз түзбейтін. Тұз түзбейтін оксидтерге N2O, NO, CO жатады. Бейметалдардың тұз түзуші оксидтері қышқылдық оксидтер типіне жатады. SіО2 - ден басқа барлық қышкылдық оксидтер суда ериді, нәтижесінде қышқылдар түзіледі. Егер бейметалл екі немесе одан да көп оттекті кышкылдар түзсе, бұл қышқылдардың күші бейметалдың тотығу дәрежесінің артуымен өседі (Усанович теориясын еске түсіріңдер):
+1 +3 +5 +7
НСІ0 →НСІ02 →НСІ03 →НСІ04
Бейметалдардың сутектік қосылыстарының суда ерігіштігі әр түрлі. Метан және силан суда ерімейді.
ІV А топша р - элементтер: көміртек, кремний, германий, калайы, және қорғасын жатады.
Реттік нөмірінің өсуімен ІV А топша элемент атомдарының радиусы заңды түрде артады, иондану энергиясы және салыстырмалы электртерістігі кемиді. Көміртек және кремний топшаның қалған элементтерінен қасиеттері жағынан ерекшеленеді. Бұлар нағыз бейметалдар. Германийде металдық белгілер бар, ал қалайы мен қорғасында металдық қасиеттері басым болып келеді.
Бұл топ элементтері үшін +2 тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстары да тән. Кремнийдің мұндай қосылыстарының беріктігі әлсіз, бірақ қорғасынға қарай артады.
4. Химиялық диктант:
1. Алюминий гидроксиді екідайлық қасиет көрсетеді. (иә)
2. Бор – металл элемент. (жоқ)
3. Галий – ІV топ элементі (жоқ)
4. Алюминий – күмістей ақ түсті ауыр металл (жоқ)
5. Алюминийді балқымаларынан электролиздеу арқылы алады (иә)
6. Белгілі 109 элементтің 22 бейметалдарға жатады (иә)
7. Сутек органогенді элементтер қатарына жатады (иә)
8. Азоттың (ІІ) валентті оксиді тұз түзетін оксид (жоқ)
1. Қандай оксидтерді тұз түзбейтіндер деп атайды? Түз түзбейтін бейметалл оксидтерінін формулаларын жазындар. Тұз түзбейтін оксидтердегі бейметалдардың тотығу дәрежелерін көрсетіндер.
2. Бір бейметалдан түзілген оттекті қышкылдардын күші оның тотығу дөре - жесіне қалай төуелді?
3. Барлык бейметалдардын агрегаттык күйлерін көрсетіңдер. Бейметалдардын молекулалары канша атомнан түрады?
5. Үйге § 8, 3; 8, 4 оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.