Урок по химии на тему Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мұғалімнің аты-жөні: Х.Битабарова

Сыныбы: 8 «А», «Ә»

Пәні: Химия

Қысқа мерзімді жоспар



3 сабақ




Химия



Күні:

Сабақ тақырыбы:

[link]  жатады, мысалы, сүт тасып кеткенде ол күйіп, көмірленеді. Пластмасса жанғанда басқа заттар тұзіледі.

Физикалық құбылыс кезінде заттардың табиғаты өзгермейді, тек олардың агрегаттык күйі мен пішіні өзгереді, жаңа зат пайда болмайды. 

Химиялық құбылыс кезінде бір зат басқа жаңа бір затқа айналады.
Заттардың химиялық қасиеттерін химия ғылымы зерттейді.
Осы кезде сан алуан заттар белгілі, олардың саны күн өткен сайын артып отыр, себебі тұрмыстық және өндірістік кажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қасиеттері әр түрлі заттар жасанды жолмен алынуда.
Заттардың қасиеттерін жете білу оларды саналы түрде колдана алуға мүмкіндік береді. «
Білмеген у ішеді» деген мақалда халықтың көп жылғы бақылауынан түйген даналық ой айтылған. Шынында да қасиетін білмей тұрып кез келген затты иіскеп, колға алып уқалап немесе дәмін татып көруге болмайды: себебі күйіп, тіпті уланып қалу қаупі бар.
Химияның атқаратын көптеген маңызды міндеттері бар.
1. Заттардың құрамы мен қасиеттерін зерттеу.
2. Қоғамның кажеттілігіне карай жаңа сапалы заттар алу.
3. Қоршаған ортаның байлығын тиімді пайдаланып, оларды корғау.
Біздің киген киіміміз, ішкен асымыз, тұтынып отырған заттарымыз — бәрі де химиялық қосылыстар. Тіпті біздің өмір сүруіміздің өзі ағзаларда жүретін химиялық құбылыстарға негізделген.

Кесте 1. Қоспалар

Біртекті

Әр текті

Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспалар біртекті қоспа деп аталады.

Құрамына кіретін заттардың бөлшектерін жай көзбен немесе микроскоп арқылы көруге болатын қоспалар әр текті қоспа деп аталады.

Ас тұзының (NaCl ) және қанттың судағы ерітіндісі

Fe +S қоспасы, NaCl пен қант, саз бен су



Қоспа екі немесе одан да көп заттардан турады

Мәселен, ауа бір ғана заттан құралмайды. Ауа — оттек, азот, көмірқышқыл газ, т.б. газдардың қоспасы екендігі сендерге бұрыннан мөлім. Табиғи минералдардың құрамына басты затпен коса бөгде заттар да кіреді. Айталық, Балқаш көлі мен Арал теңізінен өндірілетін ас тұзы бөлшектерінің арасында аздаған басқа тұздар да болады.

Қоспалар агрегаттық күйіне байланысты екіге жіктеледі: олар біртекті және әртекті қоспалар.

  1. Қоспалардың негізгі бөлу әдістері

[pic] [pic] [pic]

қоспаны айдау сүзу арқылы қоспадан тазарту қоспаны тұндыру арқылы бөлу












Сүрет.4 қоспаны магнит арқылы бөлу

Кесте 2. Қоспаларды бөлудің әдістері (құрамындағы заттардың қасиетіне байланысты)

Бөлу әдісітері

Негізі

Мысалдар

тұндыру

Тығыздықтары әртүрлі

су мен май, құм мен су

сүзу

Заттардың құрамын әртүрлі

ұсақ құм мен су

магнитпен тарту

Магнитке тартылуы

темір мен күкірт

дистильдеу

Қайнау температурасы әртүрлі

Этил спирті сумен

суалту

Заттардың қатты күйден газ күйіне айналуы.

йодпен тұз




Мынадай тәжірибе жасайық: қанттың кішкене кесегін стақандағы таза суға салып ерітейік. Бастапқыда қант қатты күйдегі таза зат, ал су сұйық күйдегі таза зат болатын. Олардың қоспасы қанттың судағы ерітіндісі — бір ғана сұйық заттан құралғандай көрінеді. Қанттың судағы ерітіндісі біртекті қоспаға жатады.

Біртекті қоспаның құрамына кіретін заттардың бөлшектері жай көзбен, тіпті микроскоппен қарағанда да көрінбейді.

Бордың бір түйірін ұнтақтап, стақандағы таза суға салып араластырайық. Қанша шайқасак та бордың суда ерімейтінін көреміз. Лайланған ерітінді бор мен судың әртекті коспасынан тұрады. Жай көзбен қарап, коспаның әртекті екеңдігін анықтаймыз, өйткені ол ұсақ бордың катты түйіршіктері мен сұйық судан тұрады. Қоспадағы әр заттың өзіне тән жеке қасиеттері сақтала ма? Оған тәжірибе жасап, көз жеткізіп барып, жауап берейік. Екі заттың ұнтағы берілген: біріншісі — сүр түсті темір (4,а-сурет), екіншісі — сары түсті күкірт (4,ә-сурет). Олардың таза зат ретінде магнитке тартылуын қарастырсақ: темірдің ұнтағы магниттің бетіне тартылады, ал күкірт ондай қасиет көрсетпейді. Енді екі затты араластырып, әртекті қоспаға айналдырайық. Ол сұрғылт сары түсті ұнтақ болып шығады. Осы ұнтақты қағаздың бетіне жайып, оған астыңғы жағынан бір парақ қағаз жапқан магнитті жақындатайық. Сұр түсті түйіршіктер қоспаның бетін жапқан қағаз парағының астына жабыса бастағанын көреміз (4-сурет). Демек, темір затының бөлшектері коспаның құрамында болганына қарамастан, өз қасиетін сақтап қалган

Тапсырмалар

І-тапсырма. Өзіндік жұмысы.

І-деңгей

1. Төменде келтірілген атаулардың ішінен химиялық заттар мен физикалық денелерді тауып,

бөліп жазыңдар: су, кесе, үстел, қасық, күміс, пластмасса, қалам.

2. Төменде берілгендерді көшіріп жазып, тек химиялық заттардың ғана астын сызыңдар:

шыны, стақан, дәптер, кітап, қағаз, резеңке, бор, су, тұз.

ІІ-деңгей

1. Металдан жасалған қандай бұйымдарды күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрсіңдер,

мысалдар келтіріңдер.

2. Өздеріңді қоршаған бұйымдар мен күнделікті тұрмыста пайдаланатын нәрселердің ішінде

пластмассадан жасалған қандай заттар бар, мысалдар келтіріңдер.

3. Физикалық дене — стақанды қандай химиялық заттардан жасауға болатынын айтындар.

4. Заттар мен денелердің қатарындағы бір "артық" сөзді көрсетіңдер:

а) стақан, қалам, су, сызғыш;

е) ас тұзы, ас содасы, темір, пышақ;

ІІІ-деңгей

1. Алюминий мен пластмассаның қасиеттерін (агрегаттық күйі, түсі, иісі, қаттылығы, иілгіштігі,

электр өткізгіштігі) салыстырыңдар. Олар қандай заттар жасау үшін қолданылады?

Мысалдар келтіріңдер.

2. Темір мен мыстың қасиеттерін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.

Олардан қандай нәрселер жасалады, мысалдар келтіріндер.

ІV-деңгей

1. Дәптерлеріңе екі бағаннан тұратын кесте сызыңдар. Оны бізді қоршаған физикалық денелер

мен химиялық заттардың мысалдарымен толтырыңдар.

2. Қүмшекер мен ас тұзының қасиеттерінде қандай ұқсастыктар мен айырмашылықтар бар?

Төмендегікестені дәптерлеріңе көшіріп жазып толтырыңдар:

Заттар

Қасиеттері

Агрегаттық күйі

Түсі

Иісі

Дәмі

Суда ерігіштігі

Құмшекер

Ас тұзы

 

 

 

 

 



ІІІ-тапсырма. (орыс тілінде)

1. В каждом случае назовите физическое тело и вещество, из которого оно изготовлено (например, «стеклянный стакан»: стакан - тело, стекло - ве- щество).

Медная монета, железный гвоздь, хрустальный башмачок, таблетка аспирина, серебряный колокольчик, кристалл сахара, ледяной дворец, оловянный солдатик, золотое кольцо.

2. В каких примерах речь идет о физических телах, а в каких — о вещест- вах?

Кирпич, сахар, стакан, проволока, ртуть, железо, поваренная соль, дрова, сера, кислород.

3. Определите, в чем явное отличие между следующими веществами:

а) алюминий и ртуть;

б) вода и углекислый газ;

в) медь и алюминий;

г) поваренная соль и сахар;

д) уксус и бензин;

е) алюминий и свинец.

Бағалау

Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.

Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма

§ 2, 1— 8-жаттығулар.