7 сабақ жоспары информатика векторлық графика

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Информатика

7 сынып

Күні: 19. 02. 2016ж

Қаралды:________


Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу. Практикалық жұмыс


Жалпы мақсаты: Inkscape бағдарламасында жұмыс жасаудға үйрету. Фигураларды салуға арналған құралдармен танысып, фигураларды салуды үйренеді. Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеруде, программаны біледі.Дербес компьютерде жұмыс жасау барысында белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артып, топта бірлесіп жұмыс жасай алатын болады.


Күтілетін нәтиже: Inkscape бағдарламасында фигураларды салуды, жұмыс жасауды.


Негізгі идеялар қолданылатын әдістер: тапсырмалар, cөздік, практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар: Оқулық, дербес компьютерлер, интерактивті тақта, тұсаукесер

Сабақ кезеңдері

І. Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

ІІ. Негізгі бөлім

Inkscape графикалық редакторында фигура салу үшін арнайы құралды таңдау керек, панель параметрлерінде қажетті парметрлерді орнатып, контур және құйып бояу түстерін таңдап, кенепте созу қажет.

Inkscape графикалық редакторы сурет салу үшін келесі құралдарды ұсынады:

Тікбұрыш тікбұрыштар мен шаршыларды салуға арналған.

Көлемді тікбұрыш параллелепипедтерді салуға мүмкіндік береді.

Эллипс элипстердің, доғалардың және дөңгелектердің кескінін салу үшін пайдаланылады.

Көпбұрыш тұйық көпбұрыштармен жұлдыздарды салады.

Спираль спиральдарды салады.

Эллипс құралын пайдаланып, сегмент алуға болады екі радиусы бар, жабық эллипс немесе доға жабық емес эллипс.көпбұрыш құралы екі режимде: дұрыс және жұлдыз режимінде жұмыс жасай алады. Режимді параметрлер панелінде таңдауға болады. Бұл құрал үшін төбелер саны дөңгелектеу, бұрмалау, ал жұлдыздар үшін-негізгі радиусы және сәуле төбесінің параметрлерін беруге болады.

Радиустар қатынасы азайған сайын сәуле бұрыштары сүйірленеді, ал көбейген сайын жұлдыз көпбұрышқа айналады.

Спиральдың орамдарынан басқа, орамдар арақашықтығын қаншалықты біркелкі өзгеретіндей етіп және ішкі орманың радиусын орнатуға болады.


Практикалық жұмыс

А деңгейі

Inkscape редакторын іске қосып, төмендегі суретті спираль құралын пайдаланып салыңдар.


[pic]


В деңгейі

1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

2. [pic] Күн салыңдар. Көпбұрыш құралын қолданыңдар, сәуле санын-27, радиустарлың қатынасын-0,5 деп көрсетіңдер.


С деңгейі

1.В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

2.Тікбұрыш және эллипс құралын пайдаланып, ағаштың суретін салыңдар. [pic]

3. Күнмен ағаш кескіндерін сәйкестендіріңдер. Күн алдыңғы планда [pic] болу үшін,

Нысан – Көтеру бұйрығын таңдаңдар.

4. Суретті сақтаңдар.

ІІІ. Қорытынды бөлім

1. Inkscape графикалық редакторында фигуралар салуға арналған қандай құралдар бар?

2. фигураларды салу құралына бастапқы баптауларын қайтару үшін не істеу керек?

3.Іс-әрекетті қайтаруды қалай жүзеге асыруға болады?

4. Inkscape құжаттарын қандай пішімде сақтауға болады?

5. Көпбұрыштың қандай режимдері бар?

IV. Рефлексия.

V. Үйге тапсырма: Фигураларды салу. Оқып келу.

VI. Бағалау.