Калиева Салтанат Абужаровна,
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің I санатты информатика пәнінің оқытушысы
Пәні: Информатиканың теориялық негіздері және оқыту әдістемесі
Мамандығы: 0105000 - «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0105023 - «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі»
Курс, тобы: 2, ИБ-21
Сабақтың тақырыбы: Информатика пәнін басқа пәндермен кіріктірілген сабақтар өткізу Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге кіріктірілген сабақ туралы ұғым беру,кіріктірілген сабаққа қойылатын талаптармен таныстыру және информатика пәнін басқа пәндермен кіріктірілген сабақтар өткізуді үйрету;
Дамытушылық: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін және
танымдық белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін арттыру,
кіріктірілген сабақтың жоспарын құруға және өткізуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылық пен
тиянақтылыққа баулу, бір – бірін тыңдауға, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру
Сабақта қолданылатын әдіс: Деңгейлік саралап оқыту, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
Пәнаралық байланыс: информатика, математика, дүниетану, бейнелеу өнері
Сабақтың көрнекілік ДК, проектор, интерактивтік тақта, cлайдтар, бейнежазбалар,
құралы: деңгейленген тапсырмалар, үлестірме қағаздар, бағалау парақшасы,
жетондар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)
Студенттерді түгендеу.
Студенттерді екі топқа бөлеміз:
«Білікті» топ
«Білімді» топ
Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмалардан жинаған ұпай бал бағалау критерийіне сәйкес анықталып, жетондармен (өте жақсы – жұлдызшамен, жақсы – төртбұрышпен, қанағаттанарлық - үшбұрышпен) бағаланады және жетондарының қосындысымен қай топтың жеңіске жеткенін бағалаймыз. Топ басшылары қарсы топтың бағалау қағазын толтырып отырады.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексерудің әдістері мен тәсілдері
Жаңа сабақты бекітудің әдіс тәсілдері
Әртүрлі тәсілмен бағалаудың әдістері
Мағынаны ашу
- Білгім келеді...
Ой толғаныс
Мұндағы
1 - бөлім бойынша оқушылардың өткен тақырып бойынша білім деңгейін анықтау;
2 - бөлім бойынша жаңа ақпаратпен танысу;
3 - бөлім бойынша жаңа өтілген тақырып бойынша оқушылардың жаңа үйренген білімді меңгергенін анықтау.
II. Өткенді қайталау (20 мин)
Үй тапсырмасын тексерудің әдістері мен тәсілдері
Жаңа сабақты бекітудің әдіс тәсілдері
Әртүрлі тәсілмен бағалаудың әдістері
Кім шебер? (электронды портфолио құру шеберлігі)
III. Жаңа сабақ (25 мин)
«Мағынаны тани білу»
«Білгім келеді...»
Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады:
Проблемалық оқытуды қолдану;
Алгоритмдік оқыту;
Оқытуды ақпараттандыру;
Пәнаралық кіріктіру.
Кіріктірілген сабақ дегініміз – пәндер арасында байланысы бар сабақты айтамыз.
Кіріктірілген сабақ өткізуде бастауыш мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, баланың тұлғалық эмоциональды дамуы мен оның шығармашылық ойлауының қалыптасуына әсер ететін әлемді барлық қырынан көрсету мүмкіндігі пайда болады.
Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатынасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5 - 11 жаста қалыптасады.
Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:
- Математика мен орыс тілі курстарының сабақтастығы;
- Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.
Кіріктірілген сабақ келесідей мүмкіндіктер туғызады:
әртүрлі пәндерден тұтас бір материал ретінде жаңа материалды игеру мүмкіндігі;
Бастауыш мектеп балаларының дүниетанымын кеңейту, оқушылардың сөйлеуін дамытудың кең мүмкіндігі;
Ақыл-ой әрекеті дамиды;
Оқуға деген құлшынысы артады;
Жағымды адамгершілік қасиеттер қалыптасады.
Мысалы, информатика пәнін дүниетану пәнімен кіріктірілген сабақ өткізу арқылы баланың ой – өрісін, қызығушылығын, танымдық қабілетін арттыруға болады (слайд арқылы түсіндіру).
IV Сабақты қорытындылау (35 мин)
Жаңа сабақты пысықтау мақсатында төмендегі бөлімдер бойынша оқушылар тапсырмалар орындайды:
«Кубизм» әдісі бойынша тақтада кубик лақтырылады, сол кубиктың 6 қырындағы санға сәйкес нөмерленген үлестірме қағаздағы сұрақтарға жауап беру керек:
1 – Сабақтың мақсаты неше бөлімнен тұрады?
2 – Кіріктірілген сабақ дегеніміз не?
3 – Бастауыш мектептегі оқу процессіндегі кіріктірілген сабақтардың маңызы қандай, тиімділігі бар ма?
4 – Сабақтың түрлерін атаңыз?
5 – АКТ дегеніміз не?
6 – Психологтардың зерттеуі бойынша баланың логикалық ойлауы неше жастан қалыптасады?
V Бағалау (3 мин)
Топ басшылары бағалау парағы бойынша студенттердің жинаған ұпайларын қосып, бағалау критерийі бойынша оқушылардың бағасын анықтайды және қай топтың жеңіске жеткенін анықтайды.
VI. Үй тапсырмасы (2 мин)
Тапсырма студенттердің деңгейіне қарай беріледі:
1 – деңгей. Сөзжұмбақ құрастырып келу. Оқып келу;
2 - деңгей. Бүгінгі тақырыпқа сәйкес дидактикалық материал дайындау;
3 – деңгей. Кіріктірілген сабақ жоспарын құру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
К.З. Халықова «Информатиканы оқыту әдістемесі» Алматы, 2000 ж.
Е.Қ. Балапанов «Ақпараттық мәдениет негіздері», Алматы, 2005 ж.
Е.Ы.Бидайбеков «Информатикадан оқушылардың білімін бақылау, бағалау», Алматы, 2003 ж.