Сабақ жоспары WordPad үйірме сабақ (4 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторында мәтінмен және графикалық объектілермен

жұмыс

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға алмасу буферімен жұмыс істеуді, мәтінге графикалық объектілерді және графикаға мәтін енгізу әдістерін үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту

3. Тәрбиелілік: Оқушыларды шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, тест.

Оқыту әдісі: іздендіру, проблемалық, практикалық Б.Блум жүйесі

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Cабаққа дайындық

3. Практикалық жұмыс

4. Бағалау

«Иә - жок» ойыны

1. WordPad редакторы есептеулер жүргізу үшін қолданылады (ЖОҚ)

2. [pic] батырмасы жаңа құжат құру үшін қолданылады (ИӘ)

3. Қаріпті, өлшемді және әлпетті қатар өзгерту үшін ФОРМАТ - ШРИФТ (ПІШІМ - ҚАРІП) командасын орындаймыз (ИӘ)

4. Құжат үзіндісінің көшірмесін алмасу буферіне көшіру үшін ТҮЗЕТУ- КӨШІРУ (ПРАВКА - КОПИРОВАТЬ) командасы орындалады (ИӘ)

5. Paint графикалық редакторында салынған суретті WordPad редакторына кірістіруге болады ма? (ИӘ)

6. Құжатты 1-ші рет сақтау үшін ФАЙЛ-САҚТАУ (ФАЙЛ-СОХРАНИТЬ) командасын орындаймыз (ЖОҚ)

7. Сақталған құжатты ашу үшін ФОРМАТ-АШУ(ФОРМАТ-ОТКРЫТЬ) командасын орындаймыз (ИӘ)

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

1. Редакторын іске қос

2. Төмендегі жұмбақ мәтінін теріп жаз және не жасырылғанын тауып суретін кірістір.

Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасы с
үйек қатты.

(АЛМА)

Өмірді өлшейді,

Ешкімнен сұрамай.

Тіліңді алмайды,

Тетігін бұрамай.

(САҒАТ)

Есек құлақты,

Мысық аяқты,

Түйе ерінді,

Ешкі құйрықты.

ОЯН)

Информатикалық диктант

1. Объектіні баспаға шығару үшін . . . - . . . командасы орындалады.

2. Paint редакторындағы суретті мәтінге кірістіру үшін . . . - . . . және . . . - . . . командасы орындалады.

3. Кірістірілген суретті жылжыту үшін . . . -.. . пернелер жұбын қолданамыз.

4. Мәтінге графикалық объект кірістіру үшін . . . командасын орындаймыз.

5. Алмасу буферіндегі объектілерді қажетті жерге орналастыру . . . деп аталады.

ЖАУАБЫ:

1. Объектіні баспаға шығару үшін Файл - Баспа командасы орындалады.

2. Paint редакторындағы суретті мәтінге кірістіру үшін Түзету - Көшіру және Түзету - Қою командасы орындалады.

3. Кірістірілген суретті жылжыту үшін CTRL+X және CTRL+V пернелер жұбын қолданамыз.

4. Мәтінге графикалық объект кірістіру үшін Кірістіру - Объект командасын орындаймыз.

5. Алмасу буферіндегі объектілерді қажетті жерге орналастыру объектілерді кірістіру деп аталады.