Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу. Практикалық жұмыс..doc 5 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:15-16.04.16

Пәні

информатика

Джалмаганбетова Р

5 «а, ә, б, в, г,д» сыныптар

Оқу-ісінің меңгерушісі

____________Сарғожаева А

Тақырыбы

Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу. Практикалық жұмыс.

Жалпы мақсаттар

Калькулятор бағдарламасында қарапайым есептеулерді шығару дағдыларын қалыптастыру.  

Түйінді идеялар

Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады

Әдіс-тәсілдер

Топпен, АКТ, кері байланыс.

Күтілетін нәтиже

  • Микрофонды, құлаққапты қосуды

  • дыбыс жазу программасында дыбыс жазуды пайдалана алады.

  • мәтіндік құжатқа дыбыс орнатуды меңгере алады.

  • Бірлесіп жұмыс істей отырып, пікірлерін ортаға салады.

  • Диалогтік оқыту арқылы логикалық ойлауы дамиды

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, оқулық, слайд

Сабақтың жоспары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Топқа бөлу

Бойымен тұрғызып топқа бөлу

Топ ережесін құру

Бойы бойынша топқа бөлініп отырады

Үй тапсырмасын тексеру


1.Блокнот бағадарламасын іске қосу әрекеті атаңыз.
2.Қағаз пішімі, өріс мөлшері,беті албомьдық немесе кітаптыққа ауыстыру әрекетін атаңыз.

3.Формат-шрифт әрекетін не үшін керек. 
4.Калькулятор бағдарламасын іске қосу .
5.Қарпайым түрі функционалдық батырмаларын атаңыз
6.Инженерлік калькулятор ашу әрекетін атаңыз
7.Статистикалық есептеулер жүргізуге арналған функционалдық батырмаларын атаңыз
8.Қосымша функционалдық батырмаларын атаңыз.

Жаңа сабақ





Жаңа сабақ

1. Мультимедиа сөзін естіп пе едіңіздер?
Мультимедиа-бұл компьютердің аппараттық жабдықтамасы және бір уақытта мәтінді, суреттерді, дыбысты, бейнежазбаны, әуенді және анимацияларды /қозғалыста болу/ қолданатын бағдарлама.
Мульти-көп,медиа- мәтін , дыбыс, бейне қолданылатын бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы аты. Мультимедиа компьютерде қолдану үшін қосымша аппаратық жабдықтамалар болу керек. Олар:
1.Колонкалар, динамик,құлақ қалқа
2.Микрофон
3.Дыбыс картасы
Windowsxp қолданбалы мультимедиалық бағдарламалар:
- ¬wav пішімінде дыбыстық файлдар жазуға, өңдеуге, ойнатуға Звукозапись бағдарламасы 
- Дыбыстық файлдармен бейне файлдар ойнатуға арналған әмбебеп Windows Медиа ойнатқышы
- Бейне монтаж құралдары бар Windows Movie Maker бағдарламасы.

2.Windows Медиа ойнатқышымен мына жазбалар түрлерін ойнатуға болады:
- әуендік компакт-дисклер мен DVD –дискілер
- әр түрлі пішімдегі жергілікті аудио жіне бейнежазбалар
- интернеттің ағындағы аудио және бейне жазбалар
Windows Медиа ойнатқышы бағдарламасы қосымша қызметтеріне мыналар жатады:
- әуендік компакт-дискіден жолдарды көшіру,
- әуендік компакт-дискілер жазу
- компьютерде мультимедиалық жазулар кітапханасын жүргізу
- ойнату тізімін құру
Элементтері:Меню жолы ,
Ағымдағы жазу, 
ойнату тізімінің мазмұны, 
жаңғырту құралдары.

Іске қосу: Пуск-все программы-стандартные-Развлечение-Проигрыватель Windows Медиа.
Әуен ойнату үшін Воспроизводить батырмасын шерту қажет. /сж қарастырамыз/

3.Дауыс қатылығын реттеу екі түрі болады:
1.Тапсырмалар тақтасындағы Громкость белгішесін бір рет шерсек дыбыс қатылығын реттеуіш шығады, одан тышқан нұсқағышын сырғытпаға орналастырып жоғары немесе төмен жылжытып дауыс қаттылығын өзгертуге болады. /158-сурет ,202 бет//
2. Тапсырмалар тақтасындағы Громкость белгішесін екі рет шерсек дыбыс қатылығын реттеуіш шығады, әр қайсысына тышқан нұсқағышын орналастырып сырғытпаға жоғары немесе төмен жылжытып дауыс қаттылығын өзгертуге болады,бұл жалпы қолдануға болатын дауыс қаттылығы./159 -сурет,202 бет/

Фонограф – бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама.Жұмыс істеу жолы:
1. Пуск-все программы-стандартные-Развлечение-Звукозапись әрекетін орындағанда Звукозапись бағдарламасының терезесі пайда болады.
2.Микрофонды қосып, Запись батырмасын шертеміз, сөйлейбастаймыз./ ұзақтығы 60 сек/
3.Стоп батырмасын шертеміз
4.Переход в начало батырмасын шертеміз
5.Воспроиз ведение батырмасын шертеміз.
6.Файл-сохранить әрекетін таңдаймыз.

5.Сарамандық жұмыс 
өлең оқиды тыңдалады.
Сенбе жұртқа, тұрса да қаншамақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алыпшығар,
Еңбегің мен ақылыңекі жақтап.

Сергіту сәті.


Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай

3-4 рет айналым жаса

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.

Компьютермен жұмыс

Фонограф – бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама.Жұмыс істеу жолы:
1. Пуск-все программы-стандартные-Развлечение-Звукозапись әрекетін орындағанда Звукозапись бағдарламасының терезесі пайда болады.
2.Микрофонды қосып, Запись батырмасын шертеміз, сөйлейбастаймыз./ ұзақтығы 60 сек/
3.Стоп батырмасын шертеміз
4.Переход в начало батырмасын шертеміз
5.Воспроиз ведение батырмасын шертеміз.
6.Файл-сохранить әрекетін таңдаймыз.

5.Сарамандық жұмыс 
өлең оқиды тыңдалады.
Сенбе жұртқа, тұрса да қаншамақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алыпшығар,
Еңбегің мен ақылыңекі жақтап.


Сабақты бекіту


  1. Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?

  2. Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?

  3. Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?

  4. Дыбыс файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?

  5. Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?

Бағалау кезеңі


Оқушылардың пікірімен санаса отырып бағалайды


Бір-бірін бағалайды.

Үйге тапсырма


Мұғалім үй тапсырмасын жариялайды.

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады.