Ақпарат – Информация - Information
Көшірме – Копия - Copy
Терезе – Окно - Windows
Телефон – Теле дыбыс - Telephone
Тінтуір – Мышка - Mouse
Кітап – Книга - Book
Диск –Диск - Disk
Желі – Сеть - Net
Батырма – Кнопка - Button
Камера – Бейне бақылағыш – Camera
ІІІ кезең. «Кім жылдам» 5 топқа тапсырма беріледі.
1. Б, Д, М әріптерінен басталатын информатикалық терминдерді жазу керек
2 .
а) Сәйкестендір:
1. Пернетақта ------ Түрлі ақпараттарды экранға шығару құрылғысы
2. Тышқан ----------- Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы
3. Жүйелі блок ----- Түрлі ақпаратты баспа бетіне шығару құрылғысы
4. Монитор --------- Компьютердің жұмысын басқаруға арналған құрылғы
5. Принтер ---------- Ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы
б)Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге 3 ұпайдан беріледі.
Сөздер ---- жауаптары (компьютер, модем, файл, монитор, принтер, сканер, тышқан, антивирус)
Ретьюмопк
Демом
Лайф
Ротином
Нирперт
Красен
Шытқан
Тиврсуиан
3 . 2,5,11,23, ... берілген тізбек 2 санынан басталады. Тізбектің келесі мүшесін табыңдар. (1+ , 2* керек)
4.
[pic]
Суретте бейнеленген фигураның ауданы шаршы сантиметрмен алғанда неге тең?
5. Жетпей тұрған санды көрсетіңіз (бос орын арқылы: ең алдымен жоғарыдағысын, содан кейін төмендегісін) –
16 15 17 14 _
32 33 31 34 _
Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Ойынымыздың қорытындысын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Осыменен бұл ойынды тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ
ІV кезең. «Логикалық есептер» 7 тапсырма беріледі.
1)1-ден 99-ға дейінгі барлық сандар қатарынан жазылған. 5 цифры қанша рет кездеседі?
2)Бір айда бес жексенбі бола ала ма?
3)Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?
4)Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
5)Үш метрлік 60 бөренені жарты млетрлік шөркелерге арамен бөлу керек. Қанша рет аралап кесу керек?
6)Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын?
7)
1+1+1+1+1
1+1+1+1+1
1+1*0+1=?
V кезең. «Суретшілер әлемі» әр тақырыпта тапсырмалар беріледі.
Марапаттау:
Оқушыларды қатысқандары үшін мадақтап, жауап беріп отырған оқушыларды бағалап, сұрақтарға мүдірмей жауап берген топ басшыларын бағалау.
І, ІІ, ІІІ орын иелерін және одан төмен ұпай алған топтарды – «Ізденімпаз», «Жүйріктер», «Белсенділер» номинациясымен марапаттаймыз.
Сайысымыздың қорытындысы: Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады. Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз!
Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар!
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Бүгінгі көріп тамашалаган «Білгірді болсаң, озып көр» атты ойын сағатымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.
Қош, сау болыңыздар!
Назар аударғандарыңызға рахмет.
ХАТТАМА
Сыныптан тыс сабақ тақырыбы: «Білгір болсаң, озып көр»
Қатысушылар: 5 класс оқушылары
Ұйымдастырушы: Оналбаева М.Е.
Қатысқандар:
Сөйлегендер:
--: «Білгірді болсаң, озып көр» іскерлік ойынның мақсаты оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету. Бүгінгі іскерлік ойын арқылы оқушылар ойлау, жауапкершілік,ізденіс, бір-біріне көмек көрсету арқылы жақсы жақтарынан көрсете білді. Бүгінгі іскерлік ойын өз мақсатына жетті деп ойлаймын.
-: «Білгірді болсаң озып көр» тақырыбында өткен іскерлік ойын өз деңгейінде жақсы өтті деп ойлаймын. Оқушылар белсене ат салысып, берілген тапсырмаларды бірігіп шешімін тауып, өз топтары үшін тырысып бақты. Жалпы іскерлік ойын маған ұнады.
- ұйымдастырып отырған іскерлік ойыны жақсы деңгейде өтті. Ойынның тақырыбын ашып, оқушыларға деңгейлі тапсырмалар мен сұрақтар қойылды және бағаланды. Іскерлік ойында слайд, сұрақ-жауап, таратпа материалдар, көрнекілік құралдар қолданылды.
- Іскерлік ойын жақсы ұйымдастырылған, оқушылардың белсенділіктері, қызығушылықтары көрінді. Оқушының және оқушылардың үлкен дайындықпен келгендері көрініп тұр. Сабақ деңгейлі өтті.