Тақырыбы: |
| [link] |
Оқушы жетістігін бағалау: |
| • Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет. |
Үй тапсырмасы: |
| • Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы |
| • Бонус-балл тапсырмасы |
САБАҚ БЛОКТАРЫ |
Тақырып жоспары:
1. Желілермен таныстыру;
2. Жергілікті желілер;
3. Желілік топология типтері.
Слайдтар:
1-слайд Компьютерлік байланыстың міндеті. [pic] Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары.
Жергілікті желі, ауқымды
компьютерлік желі
2-слайд Желінің жасалу тарихы мен міндеті Желінің міндеті – ақпаратты жылдам жеткізу және сақтау. 1957 жылы Кеңес Одағы космостық кеңістікте бірқатар алға шыққан болатын. Бұл өз кезегінде АҚШ-да біршама алаңдатушылық тудырып, АҚШ Қорғаныс Министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жобаларды зерттеу агенттігі (ARPA) компьютерлік желі құруды ұсынды. Компьютерлік желі RPANET деп аталып, 1969 жылы төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. ARPANET желісінің даму қарқыны өте жылдам болды, оны әр түрлі ғылым саласындағы зертеуші-ғалымдар да кеңінен қолдана бастады. «Википедия» беттерінен
3-слайд Компьютерлік желі Барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
4-слайд Территориалық орналасуына байланысты ақпараттық желілерді екі негізгі типке бөлуге болады
Бүкіләлемдік желілер
Жергілікті желілер
5-слайд Жергілікті желі [pic] Салыстырмалы түрде кішігірім кеңістікті
қамтитын, мысалы ғимараттар,
аумақтағы абоненттерді біріктіреді.
6-слайд Бүкіләлемдік желі [pic] Бір-бірінен өте үлкен қашықтықтағы:
қаланың екі бұрышы, әртүрлі қалалар,
мемлекеттер, континенттердегі
абоненттерді байланыстырады.
7-слайд Жергілікті желілер: жұмыс жасауға, файлдардың, құжаттардың
айналымын жеңілдетуге, жұмысты қадағалауға;
программы сияқты құнды ресурстарды
тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
8-слайд Желі топологиясы
Компьютерді желіге қосу, жалғастыру құрылымын
зерттейтін сала.
Желі топологиясы— территориялық, әкімшіліктік жөне ұйымдастырушылық факторларды ескере
отырып, тораптардың нақты орналасулары мен
жалғастыруларын көрсететін желінің жалпы схемасы.
«Бұтақтар» тәрізді топология
«Жұлдыз» тәрізді топология
«Сақина» тәрізді топология
«Шина» тәрізді топология
9-слайд
10-слайд «Шина» тәрізді топология — барлық тораптары жалпы бір сызықтық ақпарат-тық арнаға қосылған компьютер желісінің архитектурасы.
[pic]
11-слайд Сұрақтар жергілікті немесе бүкіләлемдік деп бөлінеді?
Мектеп қабырғасындағы желі қайсысына жатады, неге?
Кішігірім сынып бөлмесінде қай топология
түрін пайдаланған тиімді? Бірнеше қабатты ғимараттарда ше?
12-слайд Қорытынды
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Желілердің типтерін атаңыз.
Жергілікті желі пайдалынылатын мысал келтіріңіз.
Топология типтерін атап өтіңіз.
Қай желі типінің ақпарат тарату жылдамдығы артық? Неліктен?
Сынып ішіндегі компьтерлік желі арқылы файлдарды тасымалдап үйреніңдер.
Өте үлкен ауқымдағы компьтерлер санын бір желіге қосу үшін ең тиімді топология типі қандай?
Бүкіләлемдік желіден ақпарат алғанда қандай қиындықтар туындауы мүмкін?
ІІ деңгей тапсырмалары
Топология типтерін сызып көрсетіңіз.
Сынып ішінде қай топология типі пайдаланылады?
ІІІ деңгей тапсырмалары
Бүкіләлемдік желі қандай ара-қашықтыққа дейін жұмыс істейді?
Топтық жұмыс.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________