Ашық сабақ Графикалық ақпаратты өңдеу (бейнелерді өңдеу, трансформациялау). Баспаға дайындау, баспаға шығару.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7 сынып Информатика Жасуланова Г.Т.


Сабақтың тақырыбы: Графикалық ақпаратты өңдеу (бейнелерді өңдеу, трансформациялау). Баспаға дайындау, баспаға шығару.

Сабақтың мақсаты: Кескіндерді өңдеу тәсілдерін қолдану


Күтілетін нәтиже:

  • Графикалық кескін типін ажырата алады;

  • Кескін кірістіре алады;

  • Кескіннің өлшемін өзгерте алады;

  • Кескінді өңдеу түрлерін қолдана алады;

  • Кескінді экспорттай алады;

  • Кескіндер слайд-шоуын көрсете алады;

  • Кескінді баспаға шығара алады.


Сабақтың түрі: түсіндірмелі, практикалық.


Аппараттық және программалық қамтамасыз ету: ДК, интерактивті тақта, Inkscape, Gimp программалары.


Жаңа сабақты бастау үшін түрткі сұрақтар қоюға болады:

  • Графикалық кескіндердің қандай типтері бар екенін білесіңдер?

  • Олардың айырмашылықтары неде деп ойлайсыңдар?

  • Импорт, экспорт сөздерінің мағынасын түсіндіре аласыңдар ма?


Жаңа сабақ:

  1. Миға шабуыл: Айырмашылығы неде?

[pic] [pic]


  1. Оқушылардың графикалық кескінмен жұмыс жасау программаларын таңдауға мүмкіндік беру (Inkscape, Gimp программалары).

  2. Мұғалімнің шебер сыныбы: Көрсетілетін жұмыс түрлері:

  • Кескінді импорттау; Өлшемін өзгерту; Өңдеу түрлерінің бірнешеуін көрсету; Өңделген кескіндерді экспорттау; Кескіндер слайд-шоуын қарау.

[pic]

  1. Өзіндік жұмыс: Кез-келген кескін алып, оған 10 түрлі өңдеу түрін қолдану. Экспорттау.

  2. Көрме аралау: Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тамашалау.

  3. Бағалау: Оқушыларға сыныптастарын бағалауға мүмкіндік беру.

  4. Сыныпқа сұрақ қоюға болады: Осы дайындаған суреттерді қалай қағаз бетіне басып шығаруға болады? (оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйеніп жауап бере алады)

  5. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау. Қорытынды тестке дайындалу