ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
«Қаратоғай орта» КММ
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Бағыты: Жаратылыстану-математика
Секциясы: Информатика
Тақырыбы:
Орындаған: Мұқанова Ділназ 6-сынып оқушысы
Жетекшісі: Информатика пәнінің мұғалімі
Қалалбекова Аида
[pic]
2016 – 2017 оқу жылы
Жоспар.
Кіріспе
Негізгі бөлім.
Компьютер және оқушы.
Компьютердің пайдасы
Компьютердің зияны.
Компьютерде дұрыс отыру кеңесі.
Қорытынды.
Ұсыныс.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
[link] қадалып отыру көзді құртатыны, одан шыққан сәулелердің түрлі дерттерге ұрындыратыны бұл жәй сыртқы залалдары ғана. Ал, компьютердің адамға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліккен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға тұйық күн кешетін болады. Оған ата-ана, туған-туыс, бірге оқитын балалар дегеннің бірі де қажет емес. Оның монитордың ішіндегі өз әлемі бар, онда өзі би, өзі қожа, қалағанын жасап, емін-еркін өмір кешеді. Компьютер әлеміне терең еніп, адамдармен қарым-қатынас жасаудан қол үзіп бара жатқан пенделер қазір Батыс елдерінде көп кездеседі. Компьютерге кештеу көшкен елдерде бұндай жағдайлардың шет-жағасы енді ғана байқалып жүр. Ол, әсіресе, жастардың арасында жиі көрініс беріп жатады.
Ал, жұмысымызды жеңілдетіп, керекті мәліметтермен қамтамасыз еткен компьютер біздің ең басты байлығымыз, айналамыздағы жандармен қарым-қатынасымыздан қол үздіруде. Күн ұзағы жұмыстан шаршап келген ата-ана баласына мән бермей, бала ата-анаға қарауға шамасы келмейді. Осылайша, ата-анамен баланың ара-қатынасы алшақтап, әр пенде теледидар мен компьютерден, ұялы телефоннан өз қызығын тауып, оқшау тірлік кешуге көшкен түрі бар.1-сурет
2-сурет. Ежелгі ғалымдарының жазбаларында болашақта әрбір үйді өзінің еркіне бағындыратын жалғыз көзді құбыжықтың пайда болатындығы туралы мәтін бар. Ол жалғыз көзді құбыжықтың теледидар немесе компьютер екендігін қазір бәріміз көріп, біліп отырмыз. Компьютерді дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін компьютер керек емес-ау дейсің. Ендігі бір мәселе – компьютерге тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, сол көк жәжікті қызықтайтындар да кездеседі. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді. Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Компьютер ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Адамның бойындағы адами ізгі қасиеттерінен айырып, бір-бірінен алшақтатып бара жатқан жалғыз көзді құбыжықтың залалы қазір көріп, естіп жүргендерімізбен бітпесе керек. Яғни, ол біз ойлағаннан әлдеқайда ауыр зардаптарға ұшырататын сияқты.
Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.
Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Мұны барлығы біледі десек, артық айтқандық болмас.
Компьютердің алдында телміріп көп уақыт тапжылмай отырып, денеміздегі бұлшықеттерді қажытамыз, мойынымыз бен иығымыз талып кетеді және ең қауіптісі, омыртқамызға зиян болады.
Монитор қосулы тұрған кезде оның айналасында электростатикалық өріс пайда болады. Ол айналадағы шаң-тозаңдарды адамның қолдары мен бетіне қондырады. Ал ол денсаулық үшін пайдалы болмайды. Компьютердің мониторы мен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет.
Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз тіптен жақсы болады.
Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз. Міндетті түрде үзіліс қажет. Ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.
Оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз. Көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді.
Өмірдің шынайылығынан алшақтау адамның жеке басының мәселелерінің туындауына және әлеметтік ортадағы қиындықтардың тууына алып келіп соғады. Мысалы, жеке тұлға ретінде қалыпса алмауы, өмірдегі өзгерістер, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және жалғыздық. Кейде ойға алған істері орындалмай, тауы шағылған жандар компьютермен дос болып, өзіне серік іздейді.
Қорытынды: Компьютерге көп отырған баланың.
Айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасының бұзылуы (оларды елемеу, байланысын үзу);
Өз міндеттерін ұмытып, көп уақытын компьютермен өткізеді;
Сондай-ақ, компьютердің алдында шамадан тыс көп отыру төмендегідей зиян шектіреді:
Отырғанда денені дұрыс ұстамау омыртқа мен мойынға күш түсіреді;
Ұзақ әрі үзіліссіз отыру көздің көру қабілетін нашарлатады;
Компьютерде көп отыру бас ауруы мен биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады;
Кейбір адамдарда қан айналым жүйесі мен салмаққа қатысты қиындықтар тууы мүмкін.
Мен өз жұмысыма қосымша дерек ретінде мектеп оқушыларының быразына сауалнама жургізген болатынмын. Сауалнама (3 - сурет) мынадай үлгідегі сұрақтармен берілді.
Сіз бос уақытыңызда немен айналысасыз?
__________________________________
Үй жұмысын орындаған кезде компьютерді қолданасызба?
_____________________________________
Компьютерде бір күнде неше сағат отырасыз?
_____________________________________
Ата-анаңыз компьютерге отыруға рұқсат етеме?
____________________________________
Компьютерге отырғанда көзіңіз ауырып, шаршайсызба?
____________________________________
Сауалнама қорытындысы:
Ұсыныс:
Сондықтан да, компьютермен жұмыс жасауға отырмас бұрын мына кеңестерді басшылыққа алып жүруді ұсынамын. Компьютерде жұмыс істеу үшiн 14 кеңес.
1. Өзiңізге қолайлы жұмыс орнын жасаңыз.
2. Егер сiз компьютерде 2 сағаттан артық отыратын болсаңыз, ноутбукке арналған арнайы тығыршықты қолданыңыз.
3. Монитор мен сiздiң көздерiңiздiң арасындағы қашықтық 50 см-ден кем болмауы керек.
4. Жоғарғы бөлiгi сiздiң көзiңiздің деңгейінде орналасатындай биiктiк бойынша монитор күйiн келтiрiңiз.
5. Сiзге терезе немесе жарық сәулелері кедергі жасамайтындай етiп монитор күйiн келтiрiңiз.
6. Егер бұл жарықтың дұрыс түсуіне мүмкiндiк бермесе, мониторды 10-20 градусқа артқа қисайтыңыз.
7. Биiктiгі бойынша пернетақта сiздiң шынтақтарыңыздың деңгейінде болуы керек.
8. 10 градусқа пернетақтаны артқа қисайтыңыз. Сонда сiздiң қолдарыңыз жинақы болады.
9. Реттелетiн кресло немесе орындықты қолданыңыз.
10. Өз көздерiңе демалыс беру үшін,түкпiрдегі объектілерге көзқарасты мезгіл-мезгіл шоғырландыра берiңiз.
11. Әлсiн-әлсiн креслодан тұрыңыз және арқаның бұлшық етiн асықпай тартыңыз.
12. Монитор тiкелей сiздің алдыңызда болуы керек. Бұл бастың тұрақты бұрылыстарына мүмкiндiк бередi.
13. Сіздің жұмыс орныңыз көңілді, жақсы болса, деңеңіз бір қалыпты болып, шаршамайсыз. Сондықтан мониторды , пернетақтаны, креслоны мерзімінде түзетіңіз.
14. Сiз компьютерде өткiзетiн уақытты азайтуға тырысыңыз.
1-сурет 2-сурет
[pic] [pic]
[pic]
3-сурет
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информатика әлеміне саяхат оқулығы.
Балапанов.Е.Қ, Бөрібаев.Б, Даулетқұлов.А.В «Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ».
Ғаламтор беттері: Bilimtime.kz, ustaz.kz, google.kz
Аңдатпа
Балаларға компьютердің пайдасы мен зиянын түсіндіре отырып, компьютердің адам өмірінде алатын орны туралы кең мағлұматтар алу. Оқушыларды ізденпаздыққа, ұйымшылдыққа, ұжымда жұмыс жасай білуге үйрету. Жұмысты тиянақты аяқтай білуге,қорытынды жасай білуге жетелеу.
Аннотация
Дать разъяснения детям о пользе и вере компьютера, дать полную информацию о том, какое место в жизни человека занимают компьютерные технологии. Научить детей тому как работать в обществе с людьми, привить такие качества, как организованность, научить правильно распределять время и расставлять приоритеты, равить в них творчество.
Annotation.
Profit and the computer, with clarification of harm of life of the computer and children the place of convergence. Training in collective to create in organization of operation of pupils, and the nobility exact to finish operation, to lead the nobility the inference.
Күршім ауданы, Қаратоғай орта мектебінің
6 – сынып оқушысы Мұқанова Ділназдың
«Компьютердің пайдасы мен зияны» атты ғылыми зерттеу жобасына
ПІКІР
6 сынып оқушысы Мұқанова Ділназдың «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбында жазылған ғылыми жобасы бірнеше тараулардан тұрады. Бұл жұмыста алға қойылған мақсат – Компьютер оқушы өміріне қаншалықты керекті құрал болсада, соншалықты зиян екендігін ашып айту Қазіргі таңда қоғамды ақпараттандыру үрдісі күннен – күнге қарқынды дамып келеді. Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол - өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстардың бірі – осы ақпарат. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы. Сол себепті компьютерде жұмыс істеу үшін оқушының 14 кеңесін алып жүруді қолдаймын.
Қаратоғай орта мектебінің информатика
пәні мұғалімі Қалалбекова Аида