Информатикадан Web-беттердегі гиперсілтемелер тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары (11-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы

Web-беттеріндегі гиперсілтемелер

Сілтеме

Информатика, 11-сынып. Оқулық. Әдістемелік құрал. Практикум. Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғайбаланова, Алматы: Жазушы, 2011

Жалпы мақсаты

Оқушыларға  гиперсілтемелермен жұмыс жасай алу үшін  бағыт-бағдар  беру.  Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айтуға дағдыландыру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Түйінді идеялар

Гиперсілтемелерге қолданылатын командаларды білу;

Гиперсілтемелермен жұмыс істеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар гиперсілтемелермен жұмыс жасай алатын болады;

Тапсырмаларды  орындауда  ережелерді қолдана біледі;

Теориялық білімдерін практикада қолдану дағдысы қалыптасады;

Информатикалық  терминдік  тілде сөйлеу қабілеттері дамиды;

Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Сабақтың түрі

Практика элементі бар жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

Блум таксономиясы, АКТ

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру

Сәлемдеседі, кезекші сынып туралы мәлімет береді, сабаққа дайындалып отырады.

Білу

1-тапсырма. Оқулықты пайдаланып, сұраққа жауап жаз:

  1. Гиперсілтеме дегеніміз не?

  2. Гиперсілтемелер қандай объектілерге қолданылады?

  1. Гиперсілтеме – ағымдағы Web-беттер арасында байланыс жасау мен басқа түйіндермен байланыс жасаудың әдісі.

  2. Гиперсілтемелер мәтіндік және графикалық объектілерге қолданылады.

Түсіну

2-тапсырма. Суреттерде көрсетілген іс-әрекетті түсіндір:

  1. [pic] [pic]

  2. [pic]

  3. [pic] [pic]


  1. [pic]







  1. Гиперсілтемені қосу командасы көрсетілген.





  1. Гиперсілтемені қосу терезесі көрсетілген, қай файлды ашуға сілтеме таңдау мүмкіндігін береді.




  1. Гиперсілтемені мәтіндік және графикалық объектілерге қолдану көрсетілген.






  1. Гиперсілтемені өзгертуге және жоюға болады.

Қолдану

3-тапсырма. Төменде берілген практикалық жұмысты компьютерде орында:

  1. Мектептегі оқушылар тізімі туралы веб-бет құр, ол үшін барлық оқушыларды сыныптар бойынша бөліп, оларды гиперсілтемелермен байланыстыр. Сілтеме: /жұмыс үстелі/оқушылар тізімі.docx

  2. Компьютердің құрылғылары туралы мәліметі бар веб-бет құр, гиперсілтемені қолдан. Сілтеме: /жұмыс үстелі/компьютер құрылғылары/*jpg

  1. [pic]



  1. [pic]

Талдау

4-тапсырма. Объектінің басқа нысанға гиперсілтеме ретінде қолданылатынын қайдан білесің?

Объект, егер мәтіндік гиперсілтеме болса, онда оның асты әдетте көк сызықпен сызылады және объектіге тышқан нұсқағышын апарғанда пішіні алақан түріне өзгереді.

Жинақтау

5-тапсырма. «Гиперсілтеме» сөзіне 5 жолдан тұратын синквейн құра.

Гиперсілтеме

Ыңғайлы, қажетті

Байланыстырады, ауысады, өзгереді

Веб-сайт беттерін құруға көмектеседі

Интернет

Бағалау

6-тапсырма. «Веб-беттеріндегі гиперсілтемелердің атқаратын рөлі қандай?» тақырыбына 5 сөйлемнен тұратын өз пікіріңді жаз.

Әр оқушы өз пікірін эссе түрінде жазады.

Қорытынды

Оқушыларды берілген 6-тапсырма бойынша жинақтық бағалау

Тапсырмаларды дұрыс орындағандарына байланысты бағаланады.

Үйге тапсырма

Өтілген тақырып бойынша шығармашылық жұмыс