Жакиянова Асел Бейсембековна,
Алматы облысы, Көксу ауданы,
Мектепке дейінгі шағын орталығы бар
Мұқаншы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар.
Информатика, жаратылыстану-математикалық бағыт, 11-сынып
Жалпы мақсаты Оқушыларға гиперсілтемелермен жұмыс жасай алу үшін бағыт-бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айтуға дағдыландыру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Түйінді идеялар
Гиперсілтемелерге қолданылатын командаларды білу;
Гиперсілтемелермен жұмыс істеу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар гиперсілтемелермен жұмыс жасай алатын болады;
Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана біледі;
Теориялық білімдерін практикада қолдану дағдысы қалыптасады;
Информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері дамиды;
Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.
Сабақтың түрі
Практика элементі бар жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Блум таксономиясы, АКТ
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру
Сәлемдеседі, кезекші сынып туралы мәлімет береді, сабаққа дайындалып отырады.
Білу
1-тапсырма. Оқулықты пайдаланып, сұраққа жауап жаз:
Гиперсілтеме дегеніміз не?
Гиперсілтемелер қандай объектілерге қолданылады?
Гиперсілтеме – ағымдағы Web-беттер арасында байланыс жасау мен басқа түйіндермен байланыс жасаудың әдісі.
Гиперсілтемелер мәтіндік және графикалық объектілерге қолданылады.
Түсіну
2-тапсырма. Суреттерде көрсетілген іс-әрекетті түсіндір:
[pic] [pic]
[pic]
[pic] [pic]
[pic]
Гиперсілтемені қосу командасы көрсетілген.
Гиперсілтемені қосу терезесі көрсетілген, қай файлды ашуға сілтеме таңдау мүмкіндігін береді.
Гиперсілтемені мәтіндік және графикалық объектілерге қолдану көрсетілген.
Гиперсілтемені өзгертуге және жоюға болады.
Қолдану
3-тапсырма. Төменде берілген практикалық жұмысты компьютерде орында:
Мектептегі оқушылар тізімі туралы веб-бет құр, ол үшін барлық оқушыларды сыныптар бойынша бөліп, оларды гиперсілтемелермен байланыстыр. Сілтеме: /жұмыс үстелі/оқушылар тізімі.docx
Компьютердің құрылғылары туралы мәліметі бар веб-бет құр, гиперсілтемені қолдан. Сілтеме: /жұмыс үстелі/компьютер құрылғылары/*jpg
[pic]
[pic]
Талдау
4-тапсырма. Объектінің басқа нысанға гиперсілтеме ретінде қолданылатынын қайдан білесің?
Объект, егер мәтіндік гиперсілтеме болса, онда оның асты әдетте көк сызықпен сызылады және объектіге тышқан нұсқағышын апарғанда пішіні алақан түріне өзгереді.
Жинақтау
5-тапсырма. «Гиперсілтеме» сөзіне 5 жолдан тұратын синквейн құра.
Гиперсілтеме
Ыңғайлы, қажетті
Байланыстырады, ауысады, өзгереді
Веб-сайт беттерін құруға көмектеседі
Интернет
Бағалау
6-тапсырма. «Веб-беттеріндегі гиперсілтемелердің атқаратын рөлі қандай?» тақырыбына 5 сөйлемнен тұратын өз пікіріңді жаз.
Әр оқушы өз пікірін эссе түрінде жазады.
Қорытынды
Оқушыларды берілген 6-тапсырма бойынша жинақтық бағалау
Тапсырмаларды дұрыс орындағандарына байланысты бағаланады.
Үйге тапсырма
Өтілген тақырып бойынша шығармашылық жұмыс