28.02.2015 ж
Сабақтың тақырыбы:Кестелерді түзету
Сабақтың мақсаты:кестені редакциялау және өзгерістер енгізу дағдысын қалыптастыру
Күтілетін нәтиже:Кез келген құрылымда кесте жасай біледі. Кестелер салу туралы өзіндік ой-пікірлерін ортаға салады. Шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Негізгі идеясы : Сілтеме: 1. «Информатика әдістемелік құралы» 32-33 б.б.
2.6-сыныпқа арналған информатика оқулығы. Авторы: Е.а.Вьюшкова, Н.В.Параскур, Б.Қ.Әбенов
3. «Адамның жасына байланысты атаулар»
Бағалау критерийлері:
Оқушылардың
аты-жөні
Білу, түсіну
І деңгей
Оқулықпен, қосымша деректермен жұмыс
Талдау, Қолдану
ІІ деңгей
Топтық іздену жұмысы
Жинақтау
ІІІ деңгей
Шығармашылық жұмыс
Рефлексия
Суммативті бағалау
Дескрипторлар
Оқулықпен жұмыс;
Сұрақтарға жауап.
әңгіме-дабат
топтық әңгіме
зерттеушілік әңгіме
Өз бағасы.
Топ жетекшісі.
Мұғалім бағасы.
«5» - қатесіз, нақты, толық жауап беру
«5» - қатесіз, нақты, толық жауап беру
«5» - қатесіз, нақты, толық жауап беру
Ортақ баға шығару
Дұрыс жауап беруіне итермелеу, қателерін түзеп, жұмыстарын толықтыру, іздену, оқу, қайта тапсырмаларды тапсыру талап етіледі.
Сабақтың типі:Бекіту сабағы
Сабақтың түрі: Инновациялық сабақ
Сабақтың әдісі: СТО негізінде өз беттерімен білім алу, түсіндіру, ізденушілік, талқылау
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық. Сергіту сәті. Топқа бөлу. «Білім», «Бақыт», «Денсаулық» 2 минут
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. 5 минут
1.Информатика пәні нені зерттейтін ғылым?
2. Компьютер деген не?
3. Microsoft Word қандай бағдарлама?
4. Microsoft Word қалай іске қосылады?
5. Компьютердің миы қалай аталады?
6. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары туралы не білеміз?
7. Кесте дегеніміз не?
8. Кесте жасау әдістері?
ІІІ Жаңа сабақ
Модульдер
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Білу, түсіну
І деңгей
СТО
Ой шақыру.
(Өз бетімен реттелетін оқу)
АКТ
Оқулықпен алдын ала жұмыс.
Кеслелер тақырыбына жауап іздейміз
1.«Жуан - жіңішке сұрақтар»5 минут
1.Кесте құру бұйрығы қайда орналасқан?
2.Экспресс-кесте бұйрығының қызметі:
3.Кестенің ұяшықтары бойынша қалай жылжытуға болады?
4. Кестенің соңында жаңа жол қосу үшін қандай пернені басу керек?
5. Кестенің бір ұяшығына кері жылжу үшін қандай пернелерді басу керек?
2.Кестелерді түзету слайд 4 минут
Бүгінгі сабағымызда кестелерді түзету туралы түсіндіреміз.
1. Кестенің жолдары мен бағандарының мөлшерін өзгерту
2. Кестенің элементтерін ерекшелеу
3. Кестенің құрылымын өзгерту
4. Кестедегі түзетулерге нақты тоқталып өтеміз.
Оқулықпен жұмыс жасайды, негізгі білім көздерін дәптерлеріне түсіреді. Толық, дұрыс жауап бергенге дейін оқулықтан, қосымша материалдардан ізденеді.
Оқушылар өз білгендерін ортаға салады, ой бөліседі
Талдау,
Қолдану
ІІ деңгей
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері
Топтық жұмыс
1-топ:(әңгіме-дебат барысында ) Тіршілікте қолданылатын ұзындық өлшемдері тақырыбы бойынша кесте құрыңдар.
2-топ: (топтық әңгіме барысында) Мүшел жас берілген тақырып бойынша қалай кесте құрған ыңғайлы болаы?
3-топ: (зерттеушілік әңгіме барысында) Адамның жасына байланысты атаулар берілген тақырып, текст бойынша қандай кесте құруға болады? 12 минут
Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс
жүргізеді, ізденеді, мұғаліммен бірге талдайды, теориялық білімдерін қолданады.
Постер қорғайды.
Жинақтау
ІІІ деңгей
Дарынды және талантты балалармен жұмыс
Сабақты
қорытындылау
Шығармашылық, іздендіру жұмысы.
1-топ.Оқушы өзіңе апталық жоспар жасайды.
2- топ. Мүшел жас кестеге үйлеріңдегі адамдардың қай мүшелге жататындығын кестеге жол, баған қосу арқылы жазыңдар.
3-топ. Жасалған кестеге тағы баған, жол қосу арқылы үйлеріңдегі адамдардың жасына байланысты кіммнің қай жерде екенің жазып көрсетіңдер.12 минут
Шығамын десең биік шыңның басына,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа.
Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,
Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма!
Берілген тапсырмаларды орындайды, кесте қалай құрып өндегені тексеріледі.
Оқушылар ойы тыңдалады.
Рефлексия
Формативті, Суммативті бағалау
Екі жұлдыз, бір тілек 2 минут
Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.
Үйге
ДжТБЖ
1. 156 бет . Өзіңді тексер! орындау
2. Өздеріңе арнап апталық, айлық күнделік жасау 1 минут
Үй тапсырмасын алады.