Информатика анимация және тұсаукердің көрсетілуі (6 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



189 орта мектеп














Тақырыбы: Анимация және тұсаукесердің көрсетілуі

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6 «Б»

Өткізген: Информатика пәнінің мұғалімі Рысбаева М.Ғ






















Cабақтың тақырыбы: Анимация және тұсаукесердің көрсетілуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға презентация құру жолдары мен безендіру шаблондарын қолдануды үйрету

Дамытушылық:Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру.

Тәрбиелілік:Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.


Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап).

ІІІ. Жаңа тақырып.

ІҮ. Практикалық жұмыс.

Ү. Сергіту сәті

ҮІ.Сәйкестікті тағайындау

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІІ. Бағалау.

Сабақтың өту барысы:

Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз.

-Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды.

-Тағайындалған орынға отыру керек.

-ДК-дің мониторын қолмен ұстауға тыйым салынады.

-Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен

-ДК-ді өздігіңмен жөндеуге болмайды.

-ДК бұзылған жағдайда жұмысты тоқтату керек.

-Экраннан арақашықтық кем дегенде 60 – 70 см отыру керек және т.с.с.

Жарайсыңдар!

Үй тапсырмасы

Нысандарды компьютерлік тұсаукесерге кірістіру


Microsoft Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз?

(Пуск – Программы - Microsoft Power Point )

Презентация дегеніміз не?

(Өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, енгізу нәтижесін бақылауды және басқада көптеген дүниені ұсыну. Қорытып аитқанда ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну бұл әрдайым презентация)

Слайд дегеніміз не?

(Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді)

Слайдта орналасатын обьектілерге........

(Фон, мітін, гиперсілтемелер, колонтитулдар, кестелер, графикалық бейнелер, жазулар, диаграммалар, фильм, дыбыс, бағдарша (ярлык) жатады)

Power Point тұсаукесеріне..........

Мәтін, сурет, фигуралар, дыбыстар, видеоны кірістіруге болады.


ІІІ. Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.

Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз.

Тұсаукесердегі анимацияның екі түрін қарастыруға болады: слайдтар және нысандар. Кейде анимацияның екі түрін бірге қолданады. Слайдтағы нысан ретінде мәтінді, суретті, кестені қарастыруға болады














103—сурет. Анимацияның жіктелуі



Қайсібір нысанға анимациялық әсер тағайындау үшін оны ерекшелеп,

Анимация=>Анимацияны баптау бұйрықтарын таңдаңдар, мына терезе пайда болады


[pic]


Анимацияны баптау




Егер слайдта анимациялық әсерлер бірнеше нысанға қолданылса, онда құру режимінде

олардың қасында өз әсерлерімен қандай кезекпен көрсетілетінін білдіретін нөмірлер

шығады.

[pic] [pic] [pic]



Слайдты ауыстыру

Слайдты көрсету екі режимде орындалуы мүмкін:


1. Слайдтар бірін-бірі автоматты түрде ауыстырады;
2. Слайдтардың ауысымы тұтынушының бұйрығы бойынша атқарылады.

Слайдтардың алмасуы


[pic]



[pic]

108 сурет Уақыт бойынша баптау

[pic]

109 сурет Репетиция


ІҮ. Практикалық жұмыс.

Бүгінгі тақырып бойынша қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, компьютерде тапсырманы орындау. Оқушылардың тапсырмаларын тексеру. Қатемен жұмыс.

Тапсырма: Power Point бағдарламасында әр оқушы компьютерде өзінің ойындағы тақырыптан   2 – 3 слайд дайындау керек


Ү. Сергіту сәті

Әдетте үнсіз тұрамын

Белгі берсең ұғамын

Жазуы бар қағаздың

Құралы боп шығамын (Принтер)


Компьютердің айнасы

Бағдарыңды таңдашы

Сурет сөзін көрсетіп

Тиер саған пайдасы (Монитор)


Қанша тетік тізілген

Саусағыңды сезінген

Барлық сенің ойыңды

Компьютерге енгізген(Пернетақта)


Бар нәрсеге жетік

Миы күшті тетік

Ол арқылы сөйлесіп

Кетесің шетелге де өтіп(Интернет)


ҮІ.Сабақты бекіту үшін «ақпараттық диктант» орындаймыз.

Сәйкестікті тағайындаңдар

Анимация не үшін қолданылады?

Анимация әсерді жолақтағы Анимация бөлімінің бұйрықтары көмегімен слайдқа тұтастай немесе оның жеке элементіне қолдануға болады.

Тұсаукесерді қандай жолмен тартымды етуге болады?

Тұсаукесерді көрсету режимін баптау слайдтарды көрсету тіркеме бетінің құралдары көмегімен іске асырылады

Анимациялық әсерлерді қалай қосамыз?

Анимация Анимацияны баптау бұйрықтарын таңдап, іске қосамыз.

Тұсаукесердегі анимация нешеге бөлінеді?

2 ге Слайдтар, Нысандар.


ҮІІ. Үйге тапсырма: Түйін жаттау

ҮІІІ. Бағалау.