Урок Графика (8 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән аты: Информатика Сынып: 8 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Графика

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды графика туралы түсінік бере отырып, онымен жұмыс жасай алуды, практика жүзінде қолдануға үйрету;

Дамытушылығы: Оқушыларды графика құрылыммен таныстыра отырып, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту арқылы пәнге қызығушылығын арттыра отырып құзіреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ барысы:

Сәлеметсізбе оқушылар ,отырыңдар .Бүгін сабақта кім кезекші ? бүгін кім жоқ?

Қызығушылықты ояту:

Оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту мақсатында логикалық тапсырмалар ұсыну.Балалар мынау бізде не ?Ия дұрыс әріптер , ал енді айтындар біз соңғы қаңдай тақырыпты өттік ? (ГРАФИКА)



Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазіргі дербес компьютерлердің графикалық ақпараттарды енгізу, шығару,және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар. Графикалық ақпаратты енгізу үшін – сканер, ал шығару үшін дисплей экраны және плоттер пайдаланылады.

Графикалық программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland International фирмасы СRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар.

Дисплей экраны нүктелер жиыны болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режимдерде жұмыс атқара алады. Екі режимде де пиксель деп аталатын дисплей экранының режимде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады.

Графикалық режимде графикалық нүктелердің өзінің «координаталар жүйесі» енгізіледі.

Сергіту сәтті. «Көзді жаттықтыратын жаттығулар істеу»

Экрандағы графикалық бейне графикалық экранның буферінің күйіне байланысты графикалық нүктелердің жарықталуынан құралады. Экран буфері дегеніміз – бұл графикалық экранда әрбір пиксельдің жарықталыну түсі мен белгісі кодталған оперативті жадының бөлігі. Пайдаланылған графикалық экранның режиміне, дисплейдің типіне және жадының көлеміне тәуелді графикалық экран үшін бір немесе бірнеше буфер ұйымдастырылуы мүмкін. Мұндай буферлер графикалық экрандық беттер деп аталады. Дербес жағдайда, физикалық экран тек бір ғана бетпен байланысты болуы мүмкін. Графикалық ақпаратты сол мезетте шығаруға бағытталған буфер активті бет (буфер) деп аталады.

Графикалық режимді алғаш рет іске қосу (инициализациялану) үшін INITCRAPH («драйвер», «режим», «жолы» ) процедурасы қолданылады. Мұндағы, «драйвер» - графикалық драйверге арналған integer типті айнымалы, «режим» - адаптердің жұмыс режиміне арналған integer типтіайнымалы (тағайындалатын графикалық режимінің нөмірі), жолы – графикалық драйвердің файлына баратын жолды көрсететін string типті өрнек.

Дисплей экраны нүктелер жиыны болып табылатын төртбұрышты аймақ болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режимдерде жұмыс атқара алады. Графикалық режимде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады

Сабақты бекіту сұрақтары

* Бейнемонитор қандай құрылғы?

* Пиксель дегеніміз не?

* Бейнеадаптер қандай құрылғы?

* Графикалық экранның мүмкіндігі қандай?

Үйге тапсырма:Графика