Сынып: | 10 |
Күні: |
|
Сабақтың тақырыбы: | Сығып шығару. Бөлімшелер (subdivide) |
Сабақтың мақсаты: | Blender бағдарламасын қолдана отырып модельдеу, cығып шығару құралдары көмегімен компьютерлік 3d модель үлгілерін жасай алу дағдысын жетілдіріп, логикалық үйлесімді ойлау мен ұжымда, топта жұмыс жасай алу қабілеттіліктерін дамыту |
Сабақтың түрі: | Аралас сабақ |
Әдіс-тәсілдер: | Жекелей жұмыс, жұппен жұмыс |
Көрнекіліктер: | Blender бағдарламасы, оқулық, макет суреттері, тақта, постер, |
Сабақтың жүру барысы |
Кезеңдер | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау |
Ұйымдастыру | 4 мин | 1. оқушыларды түгендеп, оқу құралдарын қарап шығу 2. оқушыларды капитан ойыны арқылы жұптастыру | Амандасу, шеңберге тұрып, ойын шарты бойынша жұптарын табу |
|
Үй жұмысын тексеру | 10 мин | 3D модельдеу бағдарламалары (Blender бағдарламасы) жайлы интеллект карта жасауға тапсырма беру. Бағалау критерилеріне сәйкес бағалау | Жұбымен ақылдаса отырып интеллект карта сызу | Бағалау критерилері: - мазмұндылық; - құрылымдық үйлесімділігі; - жұптағы екі мүшенің де жұмысқа араласуы |
Жаңа тақырып | 7 мин | §25. Сығып шығару. Бөлімшелер (subdivide) | Түсініксіз жерлерін сұрайды |
|
Практика | 20 мин | Тапсырма. Subdivide пен Extrude құралдарын қолдана отырып текшелерден құралған үстел модельін жаса.
| Жұптар бір –біріне көмектесе отырып, Blender бағдарламасында үстел макеттін тұрғызады.
Жұптар көрші жұптың жұмысын бағалайды. | Жұптар көрші жұптың жұмысын бағалайды. Бағалау критерилері: - макеттің толық аяқталуы; - ұқыптылығы; - уақыт үнемдеуі; -жұптың жұмыс жасаудағы ұйымшылдығы;
|
Бекіту | 5 мин | Зымыран сұрақтар. Мұғалім таңдауы бойынша оқушылар таңдалады
| Басқа оқушылар осы таңдалған оқушыларға 3 сұрақтан қояды |
|
Рефлексия | 3 мин | Оқушыларға стикерлер таратылып, сабаққа және мұғалімге кері байланыс жасау ұсынылады | Стикерлерге әр оқушы мұғалімнің сабақ жүргізу, түсіндіру әдістеріне өз бағаларын беріп, сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын жазып ағаш бұтақтарына іледі |
|
Бағалау | 2 мин | Ортақ бағаны есептеп, хабарлау | Күнделікке бағаларын қойдырады | Қорытынды баға |
Үйге тапсырма | 1 мин | §25-та берілген 3D MAX бағдарламасының мүмкіндігімен танысып, Blender бағдарламасымен салыстыра отырып ВЕНН диаграммасын толтырып келу | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазу |
|