Өрнектер және олардың жазылуы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Молдабекова Айгүл Рысбек қызы

Математика - информатика пәнінің мұғалімі

« №2 Ақсуат орта мектебі» КММ

9 сынып. Информатика.

Сабақтың тақырыбы:Өрнектер және олардың жазылуы.


Сабақтың мақсаты:


Білімділік:Оқушыларды кез келген математикалық өрнекті Паскаль

тілінде, қажетті шарттарды сақтай отырып,жылдам аударып

жаза білуге үйрету

Дамытушылық:Оқушылардың бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу

дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде

жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.


Тәрбиелік:Оқушыларды жауапкершілікке, өзара көмектесуге, бір-бірін

бағалауға тәрбиелеу.


Сабақтың типі:Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Сабақтың көрнекілігі:Электронды оқулық, интерактивті тақта,ActivInspire

бағдарламасы,флипчарттар,тест.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Стандартты функциялар» тақырыбы. (Флипчартта)

Өткен тақырып бойынша қайталауға арналған сұрақтар:

1.Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?

2.Паскальда қолданылатын арифметикалық амалдар.


ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Электронды оқулық,флипчарт.

- Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың ,функциялардың,тұрақтылардың жиынтығын айтады.Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан,тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін.

Мысалы:(5+7*x)/1.8; (sin(x)+5*cos(2+x))/ln(x) т.б.

Өрнектердің қатесіз жазылуы және оның нәтижесі дұрыс болу үшін төмендегі ережелерді ескеру қажет: (флипчартты пайдалану)

1.Екі амал қатар жазылмайды (А+-В өрнегі дұрыс жазылмаған,өрнек А+(-В) түрінде жазылу керек).

2.Басымдығы жоғары амалдар алдымен орындалады(мына өрнекте x*y-d/4 алдымен көбейту мен бөлу амалдары,сонан соң азайту амалы орындалады).

3.Егер барлық амалдардың орындалу басымдығы бірдей болса,олар солдан оңға қарай орналасу ретімен біртіндеп орындалады(2/h*j өрнегінде алдымен 2 саны һ-қа бөлініп,сонан соң нәтижесі j-ға көбейтіледі).

4.Жақшаның ішіндегі амалдар алдымен орындалады((a+b)*(c+d)) өрнегінде көбейту амалы ең соңынан орындалады.

5.Математикалық мағынасы жоқ өрнек жазуға болмайды,мысалы:нөлге бөлу,теріс саннан түбір табу, т.с.с.

6.Паскальда өрнек бір жолға тізбектеліп жазылады.


Мысал:

Математикалық түрі және Паскаль тілінде жазылуы

[pic]

IV.Есептер шығарту.Интерактивті тақтада оқушылар тапсырма орындайды.


1.Өрнектерді Паскаль тілінің ережесі бойынша жаз.


[pic]


2.Паскаль тілінде жазылған төмендегі өрнектерді математикалық түрде жаз.


а) sqrt(a+b)-sqrt(a-b) ; б) a*b/(c+d)-(c-d)/d*(a+d);

в) a+b/(c+d)-(a+b)/c+d; г) 1+sqr(cos((x+y)/2)).


3.Төменде математикалық түрде және Паскаль тілінде жазылған өрнектер келтірілген,осылардың қайсысы бір-біріне эквивалентті?

[pic]

-Turbo Pascal программасы жұмыс істеп тұрған кезде компьютерді сандық өрнек мәнін тікелей есептеуге қосу үшін CTRL+F4 басу керек.

Мысалы:15+14.2-23+8.7← нәтижесінің экранда көрінуі 14.9.Бұл кезде терілген өрнек пен оның есептелу нәтижесі қосымша терезеден көрінеді,ал терезені алып тастау үшін ESC пернесі басылады.

Компьютермен жұмыс.

4. а,в бүтін сандар а=6, в=20 болғандағы өрнекті есепте.

  1. a*10div8

  2. a*bmod4

  3. 2+bmod 3


V.Шағын тест. Оқушылар жанында отырған көршісімен дәптерлерін ауыстырып,тақтадағы тестің жауаптары бойынша бір-бірін тексереді,баға қояды.

10 сұрақтан тұратын тест флипчартта беріледі.

Тестіге қойылатын бағалардың өлшемдері:

5 (өте жақсы) -9-10 дұрыс жауап;

4 (жақсы)-7-8 дұрыс жауап;

3 (қанағаттанарлық)-5-6 дұрыс жауап;

2 (қанағаттанарлықсыз)-5-тен аз дұрыс жауап.

Тест

1. Паскаль тілінде Х санның бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады?

A) INT (X) Ә) ABS (X) Б) ABC (X) В) TRUNC (X)

2. Берілген өрнекті есепте: 10div3*5

А)18 Ә) 15 Б) 2 В) дұрыс жауабы жоқ

3. 14 DIV 5 – функциясының мәні неге тең?

А) 2,8 Ә) 2 Б) 5 В) 11

4. Түбір астындағы Х-ті Паскаль тілінде қалай жазуға болады?

А) SQR (X) Ә) SQRT (X) Б) ABS (X) В) MOD (X

5. Қай өрнекте қате бар?

А) (х1/х2)*у Ә) b+(a-c/3) Б) (sqrt (p)*q)/r В) (a(b/(c*(d/(ef)))))

6. Sqr операторының қызметі

А) Санның квадраты Ә) Санның квадрат түбірі

Б) Х-тің 5 дәрежесі В) Санның абсолют шамасы

7. tg x функциясының Паскаль тілінде жазылуы

А) TAN (X) Ә) TGx

Б) Arctan (x) В) Sin (x) / Cos (x) ;

8. := қандай белгі?

А) теңдік Ә) айнымалыларды салыстыру

Б) меншіктеу В) бөлу.

9.x7 математикалық функциясының Паскаль тілінде дұрыс жазылуын көрсет:

А)exp(x*ln(7)) Ә )sqr(x) Б )sqr(x)+sqr(x) B)exp(7*ln(x))

10.abs(x) жазуы нені білдіреді?

А) х- тің модулі Ә) х- тің дәрежесі Б) абсолюттік шама В) экспонента



.Сабақты бекіту.

Сұрақ-жауап түрінде :

-Арифметикалық өрнек дегеніміз не?

-Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?


VII.Бағалау.


VІІІ.Үйге тапсырма. №4 (г,д), оқулықтан 2.8. тақырыпты оқу

[pic]















[pic] [pic]






[pic] [pic]


[pic] [pic]