Сабақ жоспары, информатика 7-сынып, тақырыбы Программа және оның құрылымы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Программа және оның құрылымы.

Сыныбы: 7

Мерзімі: ______________________


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға программа құрылымы, айнымалыларды, тұрақтыларды, белгілерді сипаттау және операторлар бөлімі туралы, сонымен қатар Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік қалыптастыра отырып оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық және практикалық сабақ


І.  Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастырушылық сәт.

  2. Үй жұмысын тексеру. Білімді өзектілеу.

Оқушылардың дәптерлері тексерілуге жиналып, 3-4-тапсырмаларды орындау кезінде тексеріліп, кері қайтарылады.

Жаңа сабақты үйренудің алдында, өткен сабақтан сұрақтар қойылады (Әр дұрыс және толық жауапқа оқушыға жетон беріледі, жетон үшін қалай және қанша баға алатынын түсіндіріп өту қажет):

Сұрақтар:

  1. Бағдарламалу тілі дегенімңз не?

  2. Компиляция деген не?

  3. Компилятордың жұмысын түсіндіріп беріңдер.

  4. Free Pascal бағдарламалау тілінің алфавитін сипаттап беріңдер.

  5. Free Pascal бағдарламалау тілінің терезесін сипаттап беріңдер.


  1. Жаңа сабақ.

54-беттегі 9-параграфты «Программа және оның құрылымы» мәтінін оқыңдар.


  1. Ақпаратпен жұмыс. Оқушылар берілген жеке парақта тапқан ақпараттың дұрыс немесе дұрыс еместігін белгілейді.

Ақпарат

Дұрыс

Дұрыс емес

Программа кодын тікелей жазуды бастау үшін оның құрылымын білу керек.



Паскаль тілінде программа үш бөлімнен тұрады.



Программа құрылымында VAR – процедуралар бөлімі.



Программа денесі – бұл операторлардың өзі.



Программа соңында міндетті түрде нүкте қойылады.



Program жазылмаса да программа жұмыс істей береді.



Write және Writeln мәтінді экранға енгізетін операторлар.



Компиляцияны қосу үшін F9 пернесін басу қажет.



Writeln меңзерді (курсорды) жаңа жолға ауыстыруға көмектеседі.



Бір бұйрықты екінші бұйрықтан айыру үшін арасына үтір қойылады.




  1. Мәтінді пайдаланып сұрақтардың жауабын тап, ауызша жауап бер.

  • Паскаль тілінде программа қандай бөлімдерден тұрады?

  • Программа құрылымындағы сипаттау бөлімінде қандай операторлар бар?

  • Программа қандай екі кілт сөздердің арасында болуы керек?

  • End сөзінен кейінгі нүкте компиляторға қандай белгі береді?

  • Program кілт сөзінен кейін не жазылады?

  • Мәтінді экранға шығаратын операторларды атаңдар.

  • Олардың айырмашылығы неде?

  • Программаны компиляциялау дегеніміз не?

  • Alt+F5 пернелер үйлесімі не үшін қажет?


Оқушылар дәптерлерін ашып, үй жұмысына қойылған бағаны көреді. Бағасына келісетінін немесе келіспейтінін айтады. 100% дұрыс орындаған оқушы жетон алады.


  1. Оқулықтың 59-бетін ашып, 10-тапсырманы дәптерге орындаңдар.

Дәптерге тапсырманы 100% дұрыс орындаған оқушы жетон алады.


  1. Практикалық жұмыс:

59-беттегі берілген тәжірибелік жұмысты Паскаль программасын ашып орындаңдар. Программанның соңында Ctrl+F9 батырмаларын басып, қандай нәтижеге қол жеткізгендеріңді айтыңдар.


  1. Сабақта үйренген жаңа сөздерді жазыңдар:

_____________________________________________________________________________



  1. Үй тапсырмасы:

    1. Мәтінді пайдаланып дәптерге 59-61-беттердегі «Өзіңді тексер!» тестін орындау.


  1. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді бір-екі сөзбен аяқтаңдар:

_____________________________________________________________________________


[pic] [pic] [pic] [pic]