Сабақтың тақырыбы: Алгоритм түрлері(сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер) 6 сыныпқа арналған

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



49 орта мектеп












Ашық сабақ




Тақырыбы: Алгоритм түрлері








Сыныбы: 6 «ә» сынып




Пән мұғалімі: информатика пәні мұғалімі


Сейітхан Гаухар












2016-2017 оқу жылы


Сабақ жоспары

Күні:17.11.2016ж

Пәні: Информатика

Сыныпбы:6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм түрлері(сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Сабақтың мақсаты: Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.

Білімділік: Оқушыларға алгоритмтүрлері, яғни сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер туралы түсініктеме беру

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру, алгоритм жайлы білімдерін толықтыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ (топтық жұмыс, жеке жұмыс, практикалық тапсырма орындау, сұрақ-жауап)

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритм түрлерін үйреніп,оларды ажырата біледі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушыларды алгоритмнің графикалық жазылу формасы арқылы 2 топқа бөлу,топ басшыларын сайлау, назарын сабаққа аудару

3. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін "Ұшақ ұшыру" тренингін жасау. А4 қағазынан ұшақ жасатып, оның екі қанатына екі тілек жазып, карсы топқа ұшырады және тілектерін оқиды.

II. Үй тапсырмасын тексеру.( әр топ өз фигуралардың қандай қызмет атқаратынын айтып шығады. )

  1. Блок-схема құрыңыз.

C = A+B есепті графикалық түрде бейнелеңдер.

  1. Ертегідегі бос орынды толықтырыңыз.

Ертедеатақты араб математигі өмір сүріпті, оның есімі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезмиекен . Ол 763-850 жылдары есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан алгоритм ұғымын енгізген екен. Уақыт өте келе алгоритмнің жазылу формаларын ұсыныпты. Ол алгоритмнің жазылу формалары:

  • Тәбиғи тілде,

  • Графикалық түрде,

  • алгоритмдік тілде, және программалау тілінде болыпты.

Олай болса балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз қалай аталатынын ребус шешеіп корейік?

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Алгоритм блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақталу және циклдік түрлерге бөлінеді.









Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы, Ағаш отырғызу алгоритмі

  1. Шұңқырқазу

  2. Көшеттішұңқырға салу

  3. Көшеттітопырақпен жабу

  4. Көшетке су құю

2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмдер шартты тексеру немесе тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, онда, әйтпесе түйінді сөздері пайдаланылады.

Егер көшеде жаңбыр жауып тұрса, онда қолшатр аламыз.

Мысалдар,


1. [pic]







  1. Ертегі кейіпкері әрекетінің графикалық алгоритмін құру.

Иван ханзада айдай сұлу Василисаны іздеп жолға шығады. Аз жүрді ме, әлде көп жүрді ме, ол жағы беймәлім, бір күні жолдың ортасында тұрған үлкен тасқа кезігеді. Таста мынадай жазу бар еді: “Оңға барсаң – атыңнан айырыласың, солға барсаң – басыңнан айырыласың…”

3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.

Мысалдар,

  1. Қаламсапты сабақта қолдану;

  2. Бала әдебиеттен берілген төртшумақ өлеңді жаттауы керек. Ол өлеңді бір рет оқып, есіне сақтауға тырысады. Осылайша, ол өлеңді қатесіз айтқанша қайталайды. Баланың әрекеті қанша рет қайталанатынып көрсетейік.

Үш топқа топ аттары бойынша тапсырма беріліді. Берілгіен тақырыпқа байланысты блок-сызба түрінде көрсетейік.

  1. Сызықтық алгоритмі - Апана жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.

  2. Тармақталу алгоритмі–Егер күн аяз болмаса сабаққа барамыз.

  3. Қайталану алгоритмі –математикадан есеп шығару.


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Келесі жұмыстарды атқаратын орындаушылардың атаулары қандай?

  • Көшені тазалау – тазалықшы;

  • Жолаушыларды тасымалдау – автубус;

  • Жалақы беру –есепші;

  • Емтихан тапсыру – оқушы;

  • Оқушыларға сабақ беру – мұгалім.

2. Дәмді тамақ ішкеннен соң Әлия үстелден барлық ыдыстарды жинап алды. Енді оның ыдыстарды жуу керек.Оны қалай істеуге болады?

ІІ деңгей тапсырмалары

1.Егер күн жауын болса, онда үйде отырамын, әйтпесе, Дарханға барамын. Аалгоритмінің блок-сызбасын құр.

2. Дорбадағы асықтардың ішінен қызыл асықты табу алгоритмінің блок-сызбасын құрыңдар

ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады.” Алгоритмнің қай түріне жатады? [pic]





  1. Сергіту сәті.

  2. Топпен жұмыс

[pic]

IV. Сабақты бекіту.Тест тапсырмасы

    1. Алгоритм неше түрі бар?

  1. 2

  2. 3

  3. 4

    1. [pic] кескінде алгоритмнің қай түрі көрсетілген ?

  1. Толық тармақталған

  2. Жартылай тармақталған

  3. Қайталану

    1. Әрекеттердің бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритм......... деп аталады.

  1. Тармақталу

  2. Қайталану

  3. Сызықтық

    1. Шартқа байланысты орындалатын әрекеттер ...... деп аталады.

  1. Тармақталу

  2. Қайталану

  3. Сызықтық

    1. Бір әрекетің бірнеше рет қайталанып орындалуы ...... деп аталады.

  1. Тармақталу

  2. Қайталану

  3. Сызықтық

6. [pic] қай алгоритм түрі көрсетілген:

  1. Сызықтық

  2. Тармақталу

  3. Қайталану

7. [pic] қай алгоритм түрі көрсетілген:

  1. Сызықтық

  2. Тармақталу

  3. Қайталану

8. [pic] ғалымның аты кім?

  1. әл-Хорезми

  2. Алгоритм

  3. Algorithmi

9. [pic] кескінде алгоритмнің қай түрі көрсетілген ?

  1. Толық тармақталған

  2. Жартылай тармақталған

  3. Цикілдік

10. Алгоритм жазылу формасының неше түрі бар?

  1. 2

  2. 3

  3. 4


V. Сабақты қорытындылау

Әр оқушы сабақ туралы бір сөйлеммен өз пікірін айтады.


Бүгін мен .................................. білдім.

...................................... қызықты болды.

....................................... қиын болды.

Мен ...................................... үйрендім.

Мен тапсырмаларды ................................ орындадым.

............................... мені таң қалдырды.

Енді мен .............................істей аламын.

VI.Бағалау  кезеңі:

Бағалау парағы

Үй тапсырмасы

Диктант

Әрбір бос орын 1 бал

Жаңа тақырыпқа тапсырма

10бал


Деңгейлік тапсырмалар

10бал

Топпен жұмыс

10балдан

Бекіту

тест

10бал










VI. Үйге тапсырма: §10-11.Алгоритм типтері. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары


VII. Оқушыларды бағалау: Топ басшылары өзінің тобының мүшелерін бағалайды.