Пәні: Информатика
Күні:
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар.
Мультимедиялық презеньациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары.
Сабақтың мақсаты:
білімділік:
программа интерфейсінің негізгі элементтері; Power Point қолданбалы программасын баптау және оны іске қосу, слайд түсінігі мен оның мәні туралы түсінікті, программаны практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;
слайдтың макетін өзгерту, слайдтың фонын құру, эффектілерді өзгерту, безендірудің қаріптік және түсті схемасы, презентацияны сақтау алгоритмі және шаблондарды қолдану;
слайдтың макетін таңдау және шаблондарды қолдану арқылы жаңа слайд қоса білу;
дамытушылық:
тәрбиелік:
презентация құру үшін аталған программаны меңгерту және оны қолданудың қажеттілігіне көз жеткізу;
жаңа білімді алуға, қызығушылыққа және байқампаздыққа тәрбиелеу;
ақыл-ой, қиял, жад, эстетикалық талғамға тәрбиелеу;
оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Программалық-дидактиклық жабдықталуы: дербес компьютер, Microsoft Word 2010 мәтіндік процессор, презентация үлгілері.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Сабақтың өзектілігі:
Ақпаратты, сөз сөйлеу, баяндама немесе қандай да бір нысан мен танысуды көрнекі түрде көрсетудің бір түрі презентация болып табылады.
Мұғалімнің сұрақтары:
Жарнама не үшін керек?
Жарнама құрудың қандай түрлері сендерге белгілі?
Жарнамаға қандай талаптар қойылады?
Презентация мен жарнама түсінігі бір-біріне ұқсас. Олардың екеуі де белгілі бір талаптарға жауап береді. Жарнама мен презентацияның талаптарын анықтау.
Презентация сөзін қалай түсінесің?
Презентация қандай болу керек?
Презентацияны не үшін құрады?
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Microsoft Power Point 2010 интерфейсін оқыту. Microsoft Word 2010 мәтіндік процессор терезесінің негізгі элементтерін қайталаудан бастау.
Microsoft Power Point презентациясының әр слайды көрсетілім кезінде әсер ететін қасиеттеріне ие:
Слайдтың саны;
Слайдтың орналасуы (слайдта тақырыпшалардың мәтіннің және нысанның орналасуы);
Безендіру шаблоны (слайд дизайны);
Слайдтан слайдқа көшу эффектісі.
Слайд жасау технологиясын қарастыру:
Microsoft Power Point-та Құру (Создать) терезесінде жаңа презентацияны бірнеше тәсілдермен құруға болады:
Шаблондар негізінде:
Microsoft Online негізінде:
Microsoft Power Point презентациясын құру процесі жалпы безендіру ретінде, жаңа слайдты ішіндегісімен қосу, слайдтың орналасуы, слайдты безендіруге қажетті өзгерту, түсті схеманы өзгерту, түрлі безендіру шаблондарын қолдану және слайдты көрсету кезіндегі анимация эффектісін және сондай эффектілерді құру сияқты әрекеттерден тұрады. Microsoft Power Point-тың стандартты шаблондарынан басқа өздігінен құрылған шаблондарды қолдануға болады.
Оқулықтан слайдтың безендірілу критерийлерін оқушылармен бірге талқылау:
Жалпы дизайні – презентацияны дұрыс безендіру, эстетика талаптарына жауап береді, дизайні презентация мазмұнына сай келеді.
Стилі – презентациядан алшақтап кетпеу керек.
Түсі – бір слайдта 3 түстен артық түс болмау керек (фонға бір түс, тақырыбына бір түс, мәтініне бір түс):
фоны мен мәтініне қарама-қарсы түстерді қолданыңдар;
алдыңғы және соңғы гиперсілтеме түсінің ерекшеліктері болуы керек. Анимациялық эффектілер – назарды слайдтағы ақпараттан басқаға аудармау үшін керек.
IV Жаңа білімді қорытындылау.
Компьютердегі тәжірибелік жұмысты орындау.
Өздерің осы және келесі бірнеше сабақ бойы жұмыс істейтін тұсаукесер құру үшін тақырып таңдап алыңдар. Осы тақырып бойынша тұсаукесер құрыңдар.
V Үй тапсырмасы.
Тақырыпты оқып келу, бақылау сұрақтарына жауап беру.