Тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» практикум сабағы
Білімділік мақсаты:
PAINT графикалық редакторындағы салу құралдары жөнінде алған білімдерін жинақтау.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушыларды осы редакторды толық меңгеруіне көмек бере отырып, сабақ үстінде жылдам, әрі тиянақты жұмыс істеу қабілеттерін дамыту..
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтай отырып, адамгершілікке, тапқырлыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикум сабағы
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, проектор, слайд.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, ұландарды орнындарына отырғызып, тексеру.
Психологиялық тренинг:
Мұғалім сөзі
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыр болғандықтан адамзатқа компьтерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауатылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мұндай сабақтардың оқушылардың информатикадан алған білімдерін жетілдіріп, суреттер салу, пән аралық байланысты нығайтуға тигізер пайдасы зор.
2. Өтен сабақты қайталау: Өткен материалдарға қатысты слайд арқылы сұрақтар қойылады. (Ұландардың жауабы тыңдалады және слайдтан дұрыс жауап көрсетіледі)
Қойылатын сұрақтар:
PAINT графикалық редакторы деген не?
PAINT графикалық редакторының іске қосу әрекетінің тізбегін ата.
PAINT графикалық редакторының терезесінің элементтерін көрсет.
3.Практикалық тапсырма. Vision программасы арқылы, ұландардың тапсырманы қалай орындағанын бақылай аламыз.
1. «Қарақшы» Бөліктерді жылжыта отырып қарақшыны киіндір.
[pic]
2. «Бөгде планеталықтар» Геометриялық фигуралардан (шеңбер, тік төртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, эллипс) композиция құр. Фигураларды бұруға және еңкейтуге болады.
[pic]
3.«Суретші» суретті қолыңды алмай сал. Сызықтарды салу ретін көрсет.
[pic]
Сабақты қорытындылау: Сонымен «PAINT графикалық редакторы» тақырыбы бойынша не білгенімізді, үйренгенімізді тақтаға топтастырамыз.
Суретті сақтау
[pic]
Сурет салу
бояу
Суретті жылжыту
Жаңа құжат ашу
Суретті бұру, еңкейту
Ұландарды бағалау.
Үйге тапсырма.
Жұмыс дәптерге «Саңырау құлақтың» суретін салу.