Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу. Абзац.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Берілген параметрлер бойынша мәтінді пішімдеуді жалғастыру.
2.Дамытушылық:Абзацты (азат жолды) пішімдеуді және мәтіндерді реттеуді, сызғыштыпайдалануды, мәтінді тізім ретінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды меңгерту.Теорияны тәжірбиеде іске асыра білу.
3.Тәрбиелік:Компьютерде сауатты жұмыс жасау білуге тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережесінескеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі:түсіндірмелі,сұрақ-жауап,тәжірибелік жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар,презентация,интерактивті тақта,компьютерлер.
Пәнаралық байланыс:ағылшын,
Cабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу. Ынтымақтастық ақуал қалыптастыру.
Оқушылардың назарларын аудару.
Үй тапсырмасын тексеру. Үлестірмелі карточкамен жұмыс.
1-карточка
Графикалық редактор дегеніміз не?
2- карточка
Paint қандай редактор?
3- карточка
Мәтіндік редактор дегеніміз не?
4 -карточка
WordPad қандай редактор?
5- карточка
WordPad мәтіндік редакторында бас әріпті қай батырманың көмегімен жазамыз?
6- карточка
Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса қай батырманы пайдаланамыз?
7- карточка
к қызметтерін атаңыз
8- карточка
Іскерлік хаттар, рефераттар үшін әріптің мөлшерімен гарнитурасы қандай болуы керек?
9- карточка
Мәтіндік редакторды пайдаланып құрған құжатымыздың бізге тиімділігі қандай?
10- карточка
-- Қызметін айтыңыз. -қызметін айтыңыз.
14
Times New Roman
11- карточка
Пиксель дегеніміз не?
Жаңа сабақ
Автор құжаттың қандай принтерде, қандай әріппен және мөлшермен басып шығарылатынын білмейді. Сондықтан көбіне тақырып ортаға, ал авторға сілтеме немесе құжат құрылған мерзім – оң жақ шеті бойынша түзеледі.
Абзац үшін келесі баптаулар анықталады:
Түзету;
Жоларалық интервал;
Шегінулер.
Түзету
- Мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады.
.
- Мәтін ортаға теріледі.
- Мәтін жолдың соңынан, оң жақтан теріледі
Шегіністер
- Мәтін жолдың соңынан, оң жақтан теріледі Шегіністерді сызғыштағы жүгіргіштерді жылжытып та бекітуге болады.
Оң жақтан шегініс
Шегініс
Абзацтың бірінші жолынан шегінісі
Мәтіннің сол жақ жолдан шегінісі
Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілген жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдардың бірі – Табуляция.
Табуляцияның мәнін анықтай отырып, мысалы, мәтінді екі бағанға бөлуге болады.
Тізім
Тізімде әрбір абзац бірдей пішімделген және нөмірден немесе арнайы таңбашадан – маркерден басталады
Тізімді бастау немесе аяқтау үшін Тізімді бастау батырмасын . басамыз
Абзацты тізімдегі шегініспен құру үшін, Shift және Enter пернелерін бір мезгілде басамыз.Осылай мәтінге абзац символы емес,жолды күштеп айыру символы кірістіріледі.Жолдың басында маркер пайда болмайды.
Сабақты бекіту
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А-деңгейлі
1.WordPad программасын ашыңдар.
2.”Мен мәтінді пішімдеуді үйренудемін” мәтінін теріңдер және оны тағы 4 рет көшіріңдер.
3.Пішімдеудің келесі параметрлерін тағайындаңдар
Жол Гарнитура
Әріп мөлшері
Әріп
пішіні
Түзеу
Бірінші жолдағы шегініс
1-2
Times New Roman
14
қарапайым
Сол жақ шетіне
1см
3-4
Arial
12
Жуан
ортасына
0 см
5-6
Times New Roman
16
курсив
Оң жақ шетіне
5 см
7-8
Arial
20 асты
сызылған
Сол жақ шетіне
0 см
4.Әр жол үшін өзінің түсін таңдаңдар.
5.Файлды өз бумаларыңда Пішімдеу –А атауымен сақтаңдар.
В-деңгейлі тапсырма
1.А-деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.
2. Әрбір екі абзацты әртүрлі тізіммен безендіріңдер.
3. Өзгертулерді пішімдеу-В атауымен сақтаңдар.
Сабақты қортындылау.
Үйге тапсырма:§ 23 оқу,176 бет түйін жазу.