Графикалық редактор PAINT: Үзінділерге амалдар қолдану

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Солтүстік Қазақстан облысы [pic]

Айыртау ауданы

Златогорская орта мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі Мағзұм Н.





тақырыбы: Графикалық редактор PAINT:

Үзінділерге амалдар қолдану


Сабақтың мақсаты:


1) Білімділік: Үзінді, суретті форматтау қызметін

меңгерту


2) Дамытушылық: Графикалық бейнелеу жұмыстарын

орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін

дамыту


3) Тәрбиелілік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру,

нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге

дағдыландыру



Сабақтың типі: Аралас


Түрі: теориялық – практикалық


Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері.


Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық


Оқушылардың танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: түсіндірме – көрнекі, ізденіп, проблемалық, зерттеушілік.


Оқыту формалары: жеке, ұжымдық

Жабдықтау: көрнек материал (слайд, дайын суреттер), оқу

құралдары, проектор, компьютер.

І Көкейкестілігі:


а) негізгі ұғымдар: Үзінді, белгілеу, жылжыту, көшіру, өшіру, қою, бұру, қисайту, созу, баспаға басу командалары, бұрыштық өлшем, пайыз, тік, көлденең бағыттары.

ә) Оқушының қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері:

Компьютерлік графика үлгілерін көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту

б) Бақылау формалары:

Сұрақ – жауап, Суретте неше элемент бар? Қандай жолмен жасалған?


ІІ Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру.

а) Жаңа ұғымдар:

Үзінді, белгілеу, жылжыту, көшіру, кірістіру, бұру, қисайту, созу, баспаға басу командалары, бұрыштық өлшем, пайыз, тік, көлденең орналастыру бағыттары.

ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру:

Үзіндіге анықтама беру, белгілеу, жылжыту, көшіру, қою, бұру, созу, баспаға басу командаларының орындалу жолымен таныстыру.

б) Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:

- Көшіру және жылжыту, созу мен қисайту, бұру мен бейнелеу әрекеттерінің айырмашылығы

- дайын суреттер арқылы бұру бұрышын, пайыз өлшемін анықтау


ІІІ Жаңа түсінікті тексеру.

Сұрақтар арқылы командаларды игеру нәтижесін тексеру.


ІҮ Қолдану.


а) Қалыптастырылатын білім – біліктілер:

Үзіндіні белгілеп алуды, көшіру және жылжыту, созу мен қисайту, бұру мен бейнелеу, баспаға басу командаларын пайдалана білі\у білім дағдысын қалыптастыру.


б) Кері байланыс алу:

Компьютерде оқушылардың тапсырманы орындау нәтижесін бақылау. (сұрақ – жауап арқылы).


в) Өзіндік жұмыс типтері:


Ү Үй тапсырмалары:

- орындалмаған үй тапсырмаларын орындау;

- Кітаптан командалардың орындалу қызметін оқу;

- Қағазға және компьютерде сурет салу айырмашылықтарын жазу

ҮІ Сабақты қорытындылау:

Жұмысты бағалау, кемшіліктер мен жетістіктерді көрсетіп айту.