Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
1
2
Ұйымдастыру кезеңі
Үй жұмысын тексеру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін сабаққа аудару
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
1 мин
1 мин
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Отыра қойыңдар. Партада сабаққа қажетті заттар ғана қалсын, артық заттарды алып тастайық. Бүгін сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
Слайдтағы сұрақтарға жауап беру
Сәлемдеседі.
Орындарына жайғасады.
Сабаққа қажетті құралдарын дайындайды.
Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.
Үй жұмысына қандай тапсырма берілгенін айтып, барлығы бірге тексереді.
3
Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушыларды операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері жайында түсінік беру.
20 мин
-Қызығушылықты ояту. Ребус шешу.
ActivInspaire бағдарламасында.
-Оқушылар, ребусты шешкенде қандай сөз шықты?
-Ендеше, бүгін біз сабақта «Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері» туралы танысамыз.
WINDOWS операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда жұмыс үстелі пайда болады. Стандартты түрде жұмыс үстелінде :
Компьютер;
Желі;
Қоржын;
Басқару тақтасы сияқты нысандардың белгішелері;
Есептер тақтасы;
Бастау батырмасы орналасады.
Бастау батырмасын басқаннан кейін WINDOWS-тің Бас мәзірі ашылады. Жұмыс үстелінің сыртқы
пішімін өзгерту үшін Персонализация бұйрығы қолданылады. Бетперде монитордың экранын бұзылудан сақтау үшін керек.
Компьютермен жұмыс істеу – оның ОЖ-мен жұмыс істеу болып табылады.
Алдымен ОЖ-мен жұмыс бастау үшін компьютерді іске қосу керек.
Windows типті ОЖ – графикалық жүйе, болып табылатындықтан, оның негізгі обьектілері терезе мен белгіше түрінде бейнеленеді.
Windows ортасында жұмыс үстелінің рөлін дисплей экраны орындайды.
Жұмыс үстелі-операциялық жүйе жүктелгеннен кейінгі экран беті.
Жұмыс столында обьектілер мен басқару элементтері орналасады.
Windows-тың обьектілері.
Windows-та обьекті болып қапшықтар, файлдар, терезелер, таңбашалар, белгішелер, маус нұсқағышы есептеледі.
Әр обьектінің өз қасиеттері болады. Мысалы файл обьектісінің қасиеттеріне оның атауы, типі, өлшемі, құрылған мерзімі жатады.
Шартбелгі бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне:дисплей экранындағы программа, терезе, құжаттардың жеке файлдары, командалық файл.
Қапшық(Бума)- бұл обьектілер қоймасы.
Қапшық ішінде файл, белгіше, таңбаша, сонымен бірге басқа қапшық та орналаса алады. Қапшықтар ашық немесе жабық болады. Ашық қапшық терезе түрінде жабық қапшық белгіше түрінде көрінеді.
Windows-тың басқару элементтері.
Олар: Пуск батырмасы, Бас меню, меню жолдары, бағыныңқы меню және командалар жатады.
Команда бұл берілген команданың белгішесінде маусты шерткенде жүретін әрекет.
Команда ұзын немесе қысқа болады.
Қысқа команда деп программа белгісінде шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз.
Ұзын команда деп белгілі бір нәтижеге әкелетін нұсқауды айтамыз. Мысалы: Пуск-Программы-Стандартные-Блокнот
Есептер тақтасы - бұл экранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолақ.
Есептер тақтасында
ПУСК батырмасы,
іске қосылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.
уақыт
тіл индикаторы, т.б.
Пуск батырмасы(Іске қосу) – бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің бас менюі пайда болады.
Бас менюде:
1. Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізім.
2. Жуық арада ашылған құжаттардын 15-тен аспайтын тізімі
3. Баптау
4. Іздеу
5. Анықтама
6. Орындау
7. Жұмысты аяқтау
Обьектілер негізінен маус арқылы басқарылады. Маус көмегімен обьектілерді жылжытуға, көшіруге, қосуға, созуға, ашуға, жабуға .т.с.с. әрекеттерді жасауға болады.
Бұл әрекетреді жасау үшін маусты басқаруды үйрену керек. Маустың сол жақ батырмасы негізгі, оң жағы қосымша батырма.
Мауспен жұмыс.Маус обьектілер мен басқару элементтерін іске келтіру үшін қолданылады.
Батырма Әрекет Әрекет нәтижесі
Сол жақ батырма Обьект бойынша шерту Обьектіні белгілейді, яғни қолдануға дайындайды.
Басқару элементін шерту Басқару элементін әрекетке келтіреді
Екі рет шерту Обьектілермен операциялар жүргізеді: бағдарлама іске қосылады; қапшық, файл ашылады; дыбыс және бейне файлдар ойналады.
Апару немесе тасу Қолданбадағы белгішелер, терезелер, таңбашалар, есеп тақтасы, құралдар тақтасы.
Созу Терезенің өлшемін, диагональ, тік және көлбеу бағыттарда өзгертеді.
Оң жақ батырма Обьектіні немесе басқару элементін шерту Динамикалық (контекстік) менюді шақырады.
Апару немесе тасу Жылжыту, көшіру, таңбашалар жасау командалары бар динамикалық контекстік менюді шақырады.
Терезе– жақтаулармен шектелген эканның төртбұрышты аймағы.
Терезе түрлері:
1.Қапшық терезелері – Windows-тың басқа обьектілерінің белгілері мен басқару элементтері бар.
2.Қолданба терезелері – Қолданбаға жүктелген құжатты көрсету қызметін атқарады.
3.Диалог терезелері – Windows пен оның қолданбаларын басқару үшін және баптау қызметін атқарады.
4.Анықтама терезелері – Windows пен оның қосымшаларының жұмысы бойынша анықтама шығару қызметін атқарады.
Терезе элементтері:
1. Тақырып жолы- терезенің ең жоғарғы шекарасының астында орналасқан
2. Меню жолы – бұл берілген терезеде орындауға болатын командалардың тізімі
3. Құрал-саймандар тақтасы – бұл жиі қолданатын командаларға жылдам қатынасуға арналған белгішелер мен батырмалар бар
4. Жұмыс аймағы – бұл обьектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы. Жұмым ұстелінде белгішелер, қапшықтар. файлдар таңбашалар орналасады
5. Шекаралар- терзелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтауларды атайды
6. Айналдыру жолақтары
7. Жағдай жолы...
Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі бар:
1) Жималау (свернуть). Есептер тақтасында тек қана батырмасын қалдырып, терезені Жұмыс орнынан алып тастайды
2) Жаймалау (развернуть). Терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді
3) Қалпына келтіру (восстановить). Терезені аралық қалыпқа келтіреді, бірақ өлшемінен кіші болады
4) жабу батырмасы
Екпінді терезе- басқаларынан тақырып жолы айқын, ең бетінде тұрады, есеп тақтасында атауы батыңқы болады.
Терезені екпінді ету үшін оның кез-келген жерінен шерту, (тақырып жолынан шерту, есеп тақтасында атауында шерту)
Терезені экранда орналастыру жағдайлары:
• қалыпты-экранда шағын ашылғаны ( -терезе түрінде жималау батырмасында шерту)
• толық экранды-экранда толық ашылады. ( -жаймалау батырмасында шерту )
• шарт белгі-есеп тақтасында белгі болып тұрады.(есеп тақтасына жималау батырмасы)
Терезенің өлшемін өзгерту:
Маус нұсқағышын шекараның біріне орналастырып(бұрышының біріне), нұсқағыштың қос бағдаршаға айналуын күтіңіз, содан соң маусты қажетті бағытқа тартыңдар (оңға, солға, төмен, жоғары).
Терезені жабу Х -жабу батырмасында (alt+F4) шерту.
Терезені экранда жылжыту тек қалыпты жаңдайда ғана орындалады, ол үшін маус нұсқағышын тақырып жолына шертіп, жібермей қажетті бағытта жылжыту.
Ашылған бірнеше терезені экранда орналастыру.
Есеп тақтасының жанама менюінде маустың оң жағын шертіп қажетті параметрді таңдау: окна каскадом, отображать окна рядом, отображать окна стопкой.
- Драйвер және Утилита
Тақырыпты назар салып тыңдайды.
Керек мәліметтерді дәптерге жазып алады.
4
Бекіту кезеңі
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін қадағалау
15 мин
Тест тапсырмалары:
Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер:
а) саймандар тақтасы
в) нысан белгішелері
с) есептер тақтасы
д) бастау батырмасы
Экранның сағатты көруге болатын аймағы:
а) жұмыс үстелі
в) есептер тақтасы
с) бас мәзір
д) нысан белгішелері
Компьютерді өшіру үшін ... жеткілікті:
а) бас мәзірдегі тиісті бұйрықты таңдау
в) компьютердің жүйелік блогындағы өшіру батырмасын басу
с) менің компьютерім белгішесін пайдалану
д) тілдер тақтасын қолдану
Бас мәзірді шақыру үшін ... керек:
а) менің компьютерімді ашу
в) бастау батырмасын басу
с) есептер тақтасын ашу
д) қоржынды ашу
Бас мәзірдің құжаттар бұйрығы:
а) музыкалар топтамасын ашады
в) файлдарды іздетеді
с) бейнелер топтамасын ашады
д) құжаттар топтамасын ашады
Бас мәзірдің бейнелер бұйрығы:
а) музыкалар топтамасын ашады
в) құжаттар топтамасын ашады
с) бейнелер топтамасын ашады
д) файлдарды іздетеді
Бас мәзірдің басқару тақтасы бұйрығы:
а) компьютердің параметрлерін баптайды
в) файлдарды іздетеді
с) бейнелер топтамасын ашады
д) принтерді баптау терезесін ашады
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
5
Қорытындылау кезеңі
Өтілген сабақты қорытындылау.
3 мин
Сұрақтар қою арқылы:
• Windows ОЖ-нің негізгі обьектілері не?
• Обьектілерге нелер жатады?
• Жұмыс столы деп нені айтады?
• Windows-тың басқару элементтеріне не жатады?
• Маус арқылы обьектілермен қандай әрекетер жасауға болады?
• Команда дегеніміз не?
• Қысқа командаға, ұзын командаға мысал келтір.
• Есептер тақтасы деп нені айтады?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
6
Үйге тапсырма беру
Үй тапсырмасын беру
3 мин
Бүгінгі өткен тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастырып келу.
Берілген тапсырманы күнделікке жазып алады.
7
Бағалау
Оқушыларды берілген тапсырмаларды тиянақты орындауына, сабаққа белсене қатысқандары үшін оқушыларды бағалау
3 мин
Сонымен бүгін сабағымызға белсене қатысқан ..... 5-деген баға, ...... 4-деген баға, ......3-деген баға
Осыменен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!
Сау болыңыз