Сынып 9_______________ Күні:________________
Тексерген: _________ Пән
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі. Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға компьютермен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздік
ережелерін қайталата отырып, «алгоритм» ұғымы, алгоритмнің орындалуы
және оның қасиеттері туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылығы: «Алгоритм» ұғымы және оның қасиеттеріне мысалдар келтіре отырып
оқушылардың логикалық ой – өрісін дамыту;
Тәрбиелелігі :жауапкершілікке, ұқыптылыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу және
эстетикалық талғамы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Қауіпсіздік ережелерін қайталау
Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Қауіпсіздік ережелерін қайталау
Жалпы техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелеріне қойылатын қандай талаптар бар?
Компьютерлік сыныпқа кірер алдында қандай талаптар қойылады?
Компьютермен жұмыс істер алдындағы қойылатын талаптар қойылады?
Компьютермен жұмыс істер барысында қандай талаптар қойылады?
Компьютермен жұмысты аяқтағаннан кейінгі қойылатын талаптар?
Электр тогымен зақымданғанда қандай алғашқы көмек көрсету тәсілдері бар?
Күйген жағдайда қандай алғашқы көмек көрсету тәсілдері ?
Талып қалған жағдайда қандай алғашқы көмек көрсетуге болады?
Көз талғанда қандай жаттығулар жасалынады?
Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритм, программа ұғымдары
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл – Хорезми (763 – 850ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритм) болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Әл – Хорезмидің ұсынған тәсілін жақтаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютералдын – ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритм дегеніміз – іс – әрекеттің рет – ретімен орындалуы. Кез – келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді компьютердер орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбегін орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін программа деп қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағазға басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.
Алгоритмнің орындалуы
Алгоритмді орындаушының ролін негізінен, адам немесе автоматтандырылған құрылғы, яғни компьютер, робот, т.б. атқарады. Мысалы y=(ax+b)(cx-d) функциясын есептеу төмендегі қарапайым іс – әрекеттерден тұрады:
а – ны х – ке оны R1 деп белгілеу;
оған b-ны қосу, нәтижесін R2 деп белгілеу;
с- ны х – ке көбейту, оны R3 деп белгілеу;
одан d – ны азайту, оны деп белгілеу;
R2- ні R4 – ке көбейту, оны у деп белгілеу.
Алгоритммен программаға байланысты компьютердің мынадай жұмыс ерекшеліктері болады:
Есеп шығару жолы алгоритм түрінде өрнектелуі қажет;
Алгоритм программатүрінде жазулы тиіс;
Программа компьютер жадына енгізіліп, ретімен орындалуы керек;
Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек:
Мектепті тәмамдау
Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.
Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытындысымен бірге белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.
Конкурстан өту.
Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орнын анықтау
Бұл пункттердің орнын ауыстыруға болмайды. Олар көрсетілген ретпен кезегімен орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді. Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі. Техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс – әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.
Алгоритм қасиеттері
«Алгоритм» ұғымының мәнін ашатын мынадай негізгі қасиеттер мен оған қойылатын мынадай талаптар бар:
алгоритм анық әрі дәл өрнектелуі тиіс;
оның модульдік (бөлікке бөліну) қасиеті, яғни алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет;
алгоритм шектеулі уақытта нәтиже беруі тиіс, яғни алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек;
бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс.
Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық іс – әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болуы керек. Онда қандай қадамдар көрсетілсе тек солар ғана орындалуы қажет. Есеп шығаруға керектің бәрі біржақты анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үлкен алгоритмді бернеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек. Бұл қасиет бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан да кішіқадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке – жеке әрекеттерге жіктеледі. Сондықтан алгоритмді екі – үш бөлікке бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде жұмыс істелінуі қажет.
Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез – келген алгоритмнің нәтижесі болу керек. Әрекеттердің шектеулі санымен кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет.
Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.
Алгоритмнің формалды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы оның әр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді. Орындаушы алгоритм командаларында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындауы үшін командалар орындаушының білім деңгейіне сәйкес болуы қажет. Мысалы, «Х санын квадратта» деген команданы бастауыш сынып оқушылары түсінбейді, ал осыны «Х санын Х санына көбейту» деп айтсақ онда бұл команданы олар орындай алады. Орындаушы өзі атқарып отырған әрекеттердің мағынасын түсінбесе де, алгоритм командаларын орындайотырып, белгілі бір нәтиже алады, яғни орындаушы формальды әрекет етеді.
Тапсырма (13 бет 2 ә)
Х – тен 5 – ті азайтып, нәтижені К1 деп өрнектеу;
К1 – ді квадраттап, нәтижені К2 деп өрнектеу;
3 – тен К2 – ні азайтып, нәтижені К3 деп өрнектеу;
К1 –ге 8 – ді қосып, нәтижені К4 деп өрнектеу;
К3 –ті К4 - ке бөліп нәтижені у деп өрнектеу;
Сабақты бекіту сұрақтары
Алгоритмұғымы қайдан шықты?
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?
Алгоритмнің үзіктілігі дегенді қалай түсінуге болады? Мысалы келтір
Алгоритмнің нәтижелігі дегенді қалай түсінуге болады? Мысалы келтір
Алгоритмнің жалпыламалығы дегенді қалай түсінуге болады? Мысалы келтір
Алгоритмнің формалды орындалуы дегенді қалай түсінуге болады? Мысалы келтір
Үйге тапсырма: 1.1,1.2,1.3 тақырыптарын оқу, 13 бет 2(а), (3) тапсырманы орындау.