Информатика пәні Ходжамурадова Л.М.
Информатика пәнінен ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Сабақтың тақырыбы: «Үздік информатик»
Сыныбы: 10-Б сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру, сабақта алған білімдерін бекіту.
Білімділік: пәнінен алған білімдерін жинақтау, пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге,білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: тест, сұрақ-жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі парақтар, доп т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта өз еркінше бөлініп 2 топ болып отырады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар! Бүгін біз сендермен күнделікті сабаққа ұқсамайтын, сабақтан тыс іс-шарада кездесіп отырмыз. Бүгін сендер информатика пәнін басқа жағынан көріп, өздеріңнің білімдеріңді тексересіңдер. Бұл іс-шараның аты «Үздік информатик» сайысы деп аталады.
Балалар сендер сайыстың атына қарап, түсінген шығарсындар – бүгін біз сендермен – кім «Үздік информатик» екенін анықтайтын боламыз! Ал балалар барлық күш-жігерлеріңді жинап өз білімдеріңді және біліктіліктеріңді бірге көрсетіңдер. Ал сәт сапар тілеймін!
Топқа бөліну:
Жарысқа екі топ қатысады. Топ басшысын мұғалім таңдайды, ал топ мүшелерін, топ басшы таңдап алады. әр топ өз атын қояды, және тобын постер арқылы қорғайды.
Өздеріңіз көріп отырғандай 2 тобымыз 6 оқушыдан құралған. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Балалар, алдарыңда бағалау парағы жатыр. Бүгін өз-өзімізді бағалаймыз. Тапсырма орындап біткеннен өздеріңе баға қоясыңдар. Енді ортаға шығып сергіту сәтін жасап алайық.
Бір-бірімізге қарама-қарсы қарап тұрып аламыз.
Амандасу салтымен сабағымызды бастайық. Қазір мен әр елдің амандасу түрін айтамын, сендер соны іс-қимыл арқылы көрсетесіңдер.
Қазақтар қол алысады;
Италияда құшақтасады;
Бразилияда бір-бірінің иығын қағады;
Никарамада арқасымен /тигізіп/;
Зимваве де шынтақпен;
Австралияда шапалақпен, секіру, бөксемен амандасады екен.
I. «Мақсатты тану»
Тақтада «Идея себеті» суреті ілінеді.
Әр оқушыға стикер тарқатамын, яғни әрбір оқушы сол стикерге жалпы информатика пәні бойынша нені үйреніп жүргендіктерін жазып жапсырады. /корзина ішіне/М: компьютерді жетік меңгеріп жатырмын, дискілермен жұмыс жасағанды ұнатамын, слайд жасай аламын т.б.
Өзін-өзі бағалау кретерийлері бар бағалау парағы таратылады. Өз мақсатымызға жету үшін болашақта өзіміз дұрыс шешім қабылдай алу үшінөзін-өзі бағалау өте жақсы көмектеседі, өзін-өзі тануға үйретеді.
Оқушыларға бағалау парағын таратамын.
1-кезең. «Таныстыру»
Командалар топ атын, ұранын және 5 минут ішінде жасаған эмблемаларын таныстырады.
Мұғалім сөзі: Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған білімалушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпін. Ал, үздік информатиктер 2-кезеңімізді бастаймыз.
2 - кезең. «Бой сергіту»
Ойынның шарты: Әр топтың басшысы слайдтағы түрлі-түсті сұрақтары бар шаршыны таңдайды.
Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпайдан есептеледі. (қызыл,жасыл,сары).
Жасыл түстің сұрақтары:
Информатика дегеніміз не?
Ақпараттық процесс дегеніміз не?
ЭЕМ-нің даму буындары нешеге бөлінеді?
Монитор не үшін?
5. Сканер не үшін?
Қызыл түстің сұрақтары:
Компьютер дегеніміз не?
Ақпарат дегеніміз не?
1-ші компьютер қашан шыққан?
Пернетақта не үшін?
Принтер не үшін?
Сары түстің сұрақтары:
Компьютер дегеніміз не?
Ақпарат дегеніміз не?
1-ші компьютер қашан шыққан?
Пернетақта не үшін?
Принтер не үшін?
3-кезең.
«Кім жылдам?» Берілген тор көздегі әріптерден көрсетілген сөз жұмбақта жасырылған сөздерді кім көп табар екен?
К О И Н Ф О Ф Р А П В И Н М А
Б М И Е Р Р М Т К И К С Е Р С
А П Ь Ю О Г А А Л Р П Е Л Ь С
Й Т К Т Е Л Ц И Я О Р И М С И
А А И Б Р И М А Р Г Р Т М К В
Л К И Е Р Ф М А О К А Ы О А Я
Г О Т Е Н П Е Р Ф Е Т М Р З Е
Ш Р И К О М Д И С К А О Д Е В
Е М Т Ц И П А К С К В Е Н М О
Н Н О Л К Т Н О Н Ъ Ю Я С О Р
Р Е Н Б А Р Д И Р И Н И Э Р Ы
А Д Т И Н З И С О Н К Ц Р Г О
К Т О Р Ы М Е Т В Д И Я М О Н
А Р И Ф М О Т О А Е Э Б И К А
Л О Г И К А Р Р Н И Б Б И Д Ж
4-кезең. «Көрермендермен ойын»
Қағаз бетінен алады,
Бірден компьютерге салады. (сканер)
2. Компьютермен енеді
Қағазға басып береді (принтер)
3. төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
4. Мәліметті сұраған-экранға шығарған (монитор)
5. Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың (тышқан)
6. Тетігін бассаң алаңсыз, жазады қалам, қағассыз (компьютер)
7. Биологияда бұл паразит қөзге зорға көрінер,
Информатикада өлшем бірлік, ақпаратты өлшетер (бит)
8. Басы С дан басталады, ішінде бәрі сақталады (себет)
9. Бұтақ орнында мың бір инесі, компьютер жаны мекені (кактус)
10. Вирустан қорыққан, интернетке шықпас (.................)
11. Байт биттен құралады. (..................)
12. Веб дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (..........)
5-кезең. «Құпия алаң»
Құпия алаңда 20 түрлі-түсті шаршы берілген, әр шаршының астына сұрақтар жасырылған. Әр топтан оқушы шығып, қайталамай бір-бір шаршыдан таңдайды. Жасырылған сұрақтардың астында ұпай сандары берілген. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, ол өзінің тобына қосымша ұпайлар әкеледі. Жауап бермесе, командасынан кез-келген оқушы жауап беруге болады, бірақ берілген ұпайы 5-ке кемиді.
6-кезең «Бейнені тану»
Мына суреттегі адам 26 желтоқсан 1791 жылы дүниеге келіпті. Ағылшын математигі. Компьютердің атасы деп те атайды. Және жанындағы суретте не бейнеленген, сол туралы да бейнелеп беріңдер.
Сұрақ: ол кім? Біз ол туралы не білеміз?
Алдарыңдағы парақшаға өз ойларыңды жазыңдар және жариялаңдар.
(ойлануға уақыт беріледі және болған топ өз белгісін білдіреді).
Жұмыс 3 минутта тоқтайды. Оқушылар бір топ екінші топқа ауысады, бір-бірін бағалайды. Параққа бағаларын түсіреді және не үшін ондай баға қойғандарын айтып түсіндіреді.
7 -кезең «Дұрыс па, бұрыс па?» ұғымы қайсысы қане көрелік.
Осы атамыздың жасап кеткен компьютерінің пайдасы мен зияны туралы мағлұмат білсек.
1-топ мақтайды. 2-топ даттайды.
Қорытынды: Доп лақтыру арқылы сабағымызды қорытындылаймыз.
Аман сау болыңыздар.
Бағалау парағы Оқушының аты-жөні:_______________________________________
Таныстыру Топ атын қорғау.
Топты көрермендерге керемет таныстырдым
Өз ойымды жеткізе алмадым
Өз ойымды жеткізе алмаймын
Бой сергіту
Сұрақтарға толық жауап бердім
Жауаптарға қиналдым
Біраз сұрақтар есімнен шығып кетіпті
Кім жылдам?
Сұраққа түсінген жоқпын
Сөздердің біразын таптым
Мүлдем таба алмадым
Құпия алаң
Жауап таба алмадым
Сұрақтарға өте жақсы жауап бердім
Сұраққа түсінгенім жоқ
Бейнені табу
Суретті анықтадым, талдауға қатыстым
Суретті бейнені таптым, талдауға толық қатыспадым
Суреттегі бейнені есіме түсіре алмадым
Дұрыс па, бұрыс па?
Талдауға қатыстым, өз ойымды толығымен жеткізе алдым
Талдауға қатыстым, өз ойымды толығымен жеткізе алмадым
Ойымды жеткізу қиын болап тұр
Сабақ қорытындысы
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Ш.Байменов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№7 Бабыр атындағы ЖОМ КММ
Информатика пәні
10-сынып
Сайыс сабақ
Тақырыбы:
«Үздік информатик»
Орындаған информатика пәні мұғалімі:
Ходжамурадова Л.М.
Ақсукент – 2016ж.