Жұлдызды сағат сыныптан тыс сабақ (база 11)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«ЖҰЛДЫЗДЫ САҒАТ» интеллектуалды сайыс

Сабақтың тақырыбы: «ЖҰЛДЫЗДЫ САҒАТ» интеллектуалды сайыс

Сабақтың мақсаты: Информатиканың теориялық негіздерін және медицинада, денсаулық сақтау және күнделікті өмірде замануи ақпараттық және коммуникациондық технологияларды пайдалануды меңгеру.

Сабақтың міндеттері:

  • Білімділік: Білім алушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.

  • Дамытушылық: Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік: Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: ойын сабақ

Технология: АКТ, ойын технологиясы.

Құрал жабдықтары: Интерактівті тақта, проектор, презентация, тараптпа материалдар.

Сабақтың барысы:

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

(7 білім алушысы шығады.)

Армысыздар, ұстаздар мен білім алушылар!

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары білім жарысында, жүлде алсын», - деп бүгінгі «Жұлдызды сағат» атты интеллектуалдық ойынымызға кош келдіңіздер.

Бастамас бұрын сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Әділ қазылар алқасының төрайымы:

  1. Тойкина Г.О.

  2. Шакетова А.Ш.

  3. Досымжанова Ж.К.


Сайыстың өту кезеңдері:

1- кезең. «Адасқан әріптер»

2-кезең. “Бұл кім?”

3- кезең. “Бәйге”

4- кезең. “Қызықты сөздер”

5- кезең. «Кім білгер?»

Сайыскерлерімізге кезеңдерімен таныстырып өттейік. Бірақ әр бір сайыс соныңда аз жинаған ұпай білім алушыларды шығарып отырамыз. Соңында 2 сайыскерден бір жеңімпаз шығарамыз.

Енді сайысымызды бастайық.



І. «Адасқан әріптер» (30 секунд)

Бұл кезеңде білім алушыларға әріп орындары ауысып келген сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі. Бұл кезеңде ең аз ұпай жинаған 2 білім алушысы сайыстан шығады.

[pic] [pic]

[pic] [pic]

[pic] [pic] [pic]







IІ. «Бұл кім?»

Бұл сайыста төртбұрыштың астында жасырылған суреттер бар. Сұраққа жауап беріп, суретті дұрыс тапса 1 ұпайдан беріледі. Бірақ бұл кезеңде ең аз ұпай жинаған 1 білім алушысы сайыстан шығады. Белгіні бірінші көтерген бала сұраққа жауап бере алады.

  1. Әлемді өзгерткен үшінші алманы қалаған адам (Стив Джоб)

  2. «Мен жұмысқа жалқау адамдарды аламын. Себебі олар кез келген қиын мәселені шешудің оңай жолын тез-ақ табады» кімнің сөзі?(Билл Гейтс)

  3. 1995 жылы Калифорнияда Стэнфорд университетінің екі студенті бір-бірімен кездескен. Бүгінде олар әлемдегі ең танымал іздеуші сервис - Google-дың бәріне танымал негізін салушылары. (Сергей Брин, Ларри Пейдж)

  4. 2011 жылға сәйкес оның жеке қаражаты $17.5 миллиард деп есептелінді. Facebook негізін қалаған 2004 жылы Гарвард университетінің студенті. (Марк Цукерберг)

  5. Осы заманғы компьютерлерді жасаушылардың атасы, операторлар теориясын  кванттық  механикаға қолданушы ғалым, сонымен қатар Манхэттен жобасына қатысушы және ойындар теориясы мен жасушалық автоматтар тұжырымдамасын жасаушы ретінде өте танымал тұлға. (Джон фон Нейман)

  6. Ресей бағдарламашы, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әлемдегі жетекші мамандардың бірі болып табылады (Евгений Касперский)

  7. Ақпараттар бірлігі ретінде бір  бит  (ағыл. bitbinarydigitекілік сан) алуды ұсынды. (Клод Шеннон)

  8. Instagram әлеуметтік желілісін қалаған адам. (Кевин Систром)

  9. Тұңғыш әйел бағдарламалаушы… (ЛАВЛЕЙС Августа Ада Кинг)

  10. Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. (Никлаус Вирт)


IІІ. «Бәйге»

Информатика пәні бойынша ұяшықтардың деңгейіне қарай сұрақтар жасырылған. Әр ұяшыққа сәйкес ұпайлары беріледі. Бұл кезеңде ең аз ұпай жинаған 1 білім алушысы сайыстан шығады.


Windows ОЖ

  1. Бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі...- Тілдесу (интерфейс)

  2. Бір ашық терезеден 2-ші терезеге өту үшін қай жерде керекті терезенің батырмасын басу керек? тапсырмалар үстелінде

  3. Пайдаланушылармен сұхбат ұйымдастыратын, компьютердің құрылғылары мен қор көздерін басқаратын жүйе қалай аталады?

Операциялық жүйе

MS Office

  1. Текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы… (MS WORD)

  2. Баған мен жолдыңқиылысуындаорналасқан элемент… (ұяшық)

  3. MSEXCEL 2007 бағдарламасында неше жол бар? (1 048 576 жол)

Интернет

  1. Бір немесе бірнеше мемлекет аумағында орналасқан желілер қалай аталады? (ғаламдық)

  2. Internet-тегі Қазақстандаға тиесілі домен атауын көрсетіңіз? (.kz)

  3. Internet қызметін ұсынушы компания - Провайдер


Вирус

  1. Компьютерлік вирус деген не? (арнайы жазылған шағын көлемді программа)

  2. Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді: (резиденттік және резиденттік  емес)

  3. Қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді (жасырын информацияны оқып жария етеді, жедел жадтағы информацияларды "басқа жаққа" жіберуге дайындайды) орындататын вирус… (Троян аттары)


ІV. «Қызықты сөздер» (1 минут)

Берілген кестеден үлгі бойынша пәнге байланысты терминдер тауып алу керек. Тапқан сөзге 1 ұпайдан беріледі. Бұл кезеңде ең аз ұпай жинаған 1 білім алушысы сайыстан шығады.



1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма

[pic] [pic] [pic]



V. “Кім білгір”.

Бұл кезеңде әр қатысушы сұрақтың түсін таңдап, сұрақ қойылады. Қойылған сұраққа тез арада дұрыс жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.

Жасыл шаршы:

  1. Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдері зерттейтін ғылыми пән... (Информатика)

  2. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Чарльз Бэббидж)

  3. ЭЕМ-нің даму буындары нешеге бөлінеді? (5 буын)

  4. Деректерді сақтауға арналған құрылғы? (жады)

  5. Ақпараттың сандық көшірмесін шығаратын құрылғы? (Сканер)

  6. 1 Кбайт қанша байтқа тең? (1024 байт)

  7. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 - 70 см)

Қызыл шаршы:

  1. Ақпарат деген не?(түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіреді)

  2. Жүйелік қорапта қандай құрылғылар бар?(аналық тақша, процессор,оперативті жады,тұрғылықты диск,диск жетек,бейне жады,дыбыстауыш,желілік тақша, енгізу-шығару порттары)

  3. Пернетақта неше бөліктен және пернеден тұрады?(4 бөліктен және 104 пернеден)

  4. Оперативті жадының қызметі қандай? (қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді)

  5. Клод Шеннон қандай өлшем бірлікті енгізді? (бит)

  6. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (Антивирус )

  7. Ақпаратты шығару құрылғысы? (Принтер)


Жеңімпазды анықтау.

Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. Жеңімпазды анықтап, марапаттау және белсене қатыстандарға мақтау қағаз беріледі.


VІ. Қорытындылау.






Бүгінгі көріп тамашалаган «Жұлдызды сағат» атты интелектуалдық ойын сағатымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.

Қош, сау болыңыздар!

Назар аударғандарыңызға рахмет.