Қысқа мерзімді жоспар. №3 сабақ Тексерген ____________
Пән: Информатика Сынып : 5
Күні:
Сабақ тақырыбы:
Ақпаратты өңдеу тәсілдері
Жалпы мақсат:
Білімділік: тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: сыныптағы ынтымақтастық ықпалдастық орта қалыптастыру, өзін- өзі реттеуге үйрету.Топта жұмыс істеуге, бір-бірін бағалауға, сыйлауға үйрету
Оқу нәтижесі:
Ақпаратты сақтаудың, өңдеудің және ақпарат жеткізу түрлерін анықтау тәсілдерін біледі.
Негізгі
идеялар:
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру
Оқыту
әдістері:
Жаңа әдістер
Сұрақ- жауап, диалог,СТО, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың
көрнекілігі:
Слайд, компьютер
Тапсырмалар:
Сұрақтар құрастыру мен терминдерге жауап іздеу, тақырыпқа байланысты постер жасау,сөйлемдер құрастыру.
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(3 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сынып оқушыларымен амандасу.
Оқушыларды түгендеу
Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушыларды топтарға бөлу.
Оқушылар тыңдайды
Топтарға бөлінеді,бір-біріне жақсы тілектер айтып,
Үй тапсырмасын сұрау ( 7 мин )
1.СТО-ды дамыту үшін миға шабуыл стратегиясы.
Жұппен жұмыс жасау. Бір оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды. Мұғалім оқушы жауабын тыңдайды. Сұрақтар экранда көрсетіледі.
1.Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер? Мысалдар келтір.
2. Адамның пайд болуына дейін ақпарат болды ма?
3. Қандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады?
4. Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен алады? Мысалдар келтір.
Оқушылар жауап береді
Жаңа сабақ
(15 мин)
1. Әңгіме-диалог.
Жаңа сабақ әңгіме-диалог сұрақ-жауап арқылы басталады
Біз ақпаратты қайда кездестіреміз?
Біз ақпаратпен не істейміз?
Қандай да бір әрекетсіз ақпарат бола ма?
Сонымен ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады. Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады. Мұғалім әр ақпараттық кезеңдерге мысалдар келтіре отырып толықтырады.
1. Қазір сабақта біз бір-бірімізбен ақпарат алмасамыз. Осы ақпарат беру кезеңде ақпаратты кім қабылдайды, ал ақпарат көзі кім?
2. Қандай жағдайда біз орын алмастыра аламыз?
Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
2. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:
А- деңгейі
WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар.
«Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер.
Өз ақпаратыңды сақтап, программаны жабыңдар
В- деңгейі
WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар.
«Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер
Өз ақпаратыңды сақтап, программаны жабыңдар
С- деңгейі
«Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» бөліміндегі 6-тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез-келген программаны қолданыңдар.
Оқушылар берілген тапсырманы топпен орындайды. Ақпараттарға сипаттама береді.
IV.Қорытындылау ( 10 мин)
Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақ-жауап.
Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?
Адам ақпаратты қалай сақтайды?
Ақпаратты қайда сақтауға болады?
Ақпаратты жөнелту арналары деген не?
Адам ақпаратты қалай өңдейді?
Оқушылар жауап береді
V. Үйге тапсырмасын беру (2 мин)
§3 оқу, сұрақтарға жауап беру
Үйге тапсырманы күнделікке жазып алады
VI. Бағалау
(5 мин)
Критерийалық бағалау , критерийлеріне сай болуын қадағалау формативті бағалау.
Бағалау барысында топтар жетекшісі берілген киртерий бойынша бағалайды
VII. Рефлексия ( 3 мин )
Соңында:
1. Сабақ туралы жалпы ойың?
2. Сіздің дамуға әсер еткен сабақтағы аспектініз?
Әр бала өздеріне сабақтың ұнаған, ұнамағанын білдіретін смаиликтерін тақтаға іледі.