САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітілді»
_________________
Оқу ісінің меңгерушісі
Сабақтын тақырыбы:Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Сабақтын мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Windows XP операциялық жүйесі, объектілері туралы мәлімет беру, жұмыс істеудің бастамасымен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, оқулық,слайд.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты тексеру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер:
Қазіргі кезде Windows – барлық дербес компьютерлерге арналған кең таралған оперциялық жүйе. Windows бірнеше операциялық жүйелерді біріктіреді, олар бір – біріне ұқсас болғанымен, әр түрлі мүмкіндіктері бар және әр түрлі мақсаттарға арналған.
Windows операциялық жүйесінің атауындағы XP әріптері «eXPerience» ағылшын сөзінің бөлігі болып табылады, ол «өмір тәжірибесі», «білім» дегенді білдіреді.
Жұмыс істеудің бастамасы:
Компьютердің жүйелік блогының алдыңғы бетінде орналасқан POWER деп аталатын қосу/өшіру батырмасын басып, оны іске қосыңдар. Сонда компьютердің процессоры тұрақты жадтайтын құрылғыда жазылған программалармен қатынасады.
Операциялық жүйе жүктеледі де, экранға WindowsXP жүйесі жүктелуін білдіретін қыстырма бет пайда болады.
Жүктелу процесі бірнеше минутқа созылады, сондықтан сендер оның аяқталуын күтулерің керек. Жүйенің жүктелуі аяқталғаннан кейін экранда Windows – тің жұмыс үстелінің бейнесі пайда болады, оның сырт пішіні жүйенің бапталуына байланысты. Экранда Добро пожаловать в Windows терезесі пайда болуы мүмкін, жүйемен жұмыс жасау үшін оны экраннан алып тастау керек. Ол үшін пернетақтаның төменгі сол немесе оң жағында орналасқан .батырмасын басып, оны жібермей, пернетақтаның жоғарғы жағында орналасқан батырмасын басыңдар.
Жұмысты аяқтау үшін Пуск батырмасына барып, оның сол жақ батырмасын шерту керек. Сонда экранда “Компьютерді өшіру ”(“Выключить компьютер”) тақтасы шығады.
[pic]
Жүйе жұмысын аяқтау үшін Выключение батырмасын басу керек. Егер қайта қосқыларың келсе, Қайта жүктеу (Перезагрузка) батырмасын басыңдар.
Күту режимі ( Ждущий режим) батырмасын басқанда компьютерді өшірудің ерекше режимі таңдалады. Барлық ағымдағы ақпарат компьютердің жадынан қатқыл дискіге жазылады да, компьютер өшеді.
Windows объектілері
[pic]
Пуск батырмасы Белгішелер Жұмыс үстелі Тапсырмалар тақтасы
Әр объектінің өзіне тән қасиеттері болады. Олар бір бірінен осы қасиеттері бойынша ажыратылады. Windows XP-дің объектілеріне қапшықтар, файлдар, терезелер, таңбашалар, белгішелер мен тышқан нұсқағышы жатады.
Мысалы, файл объектісінің қасиеттеріне оның аталуы, типі және өлшемі, құрылған мерзімі жатады. Ал қатты диск объектісінің қасиеттерін оның типі және сыйымдылығы анықтайды.
Объектілер жұмыс орнында әр түрлі белгішелер түрінде көрсетілген.
Белгішелердің тағы бір түрі – таңбашалар.егер белгішелер өзі объект болса, онда таңбашалар оның бейнесін көрсетеді.Бір объектінің көптеген таңбашалары болуы және олар кез келген жерде орналасуы мүмкін.
Қапшық (бума) – бұл объектілер қоймасы. Қапшықтардың ішінде тек файлдар, белгішелер, таңбашалар ғана емес, басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшықтар ашық немесе жабық болады.
Бас менюдің негізгі командалары төменде берілген.
Мои документы
(Сақталған файлдар мен қапшықтардың тізімін шығару)
Мой компьютер
(Сіздің комьпютеріңіздегіні шығарып көрсету)
Недавные документы
(Жақында ашылған құжаттар тізімін шығару)
Панель управления
(Баптауы өзгеруі мүмкін жүйе компоненттерінің тізімін шығару)
Поиск
(Қапшықты, файлдарды іздеу)
Справка и поддержка
(Анықтама жүйесін шақыру)
Выключение
(Компьютерді қайта жүктеу немесе жұмысын аяқтау)
Выполнить
(Программаны іскет қосу, қапшықты ашу немесе Ms Dos командасын орындау)
Сабақты бекіту сұрақтары:
Windows XP операциялық жүйесі дегеніміз не?
Windows XP объектілерін ата.
Жұмысты бастаудың жолдарын атап бер.
Windows XP-дің объектілеріне нелер жатады?
Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
Үйге тапсырма: Windows XP операциялық жүйесі тақырыбын оқу.
Бағалау.