САБАҚ ЖОСПАРЫ «Тексерілді»
Оқу ісі-жөніндегі орынбасары «___________» ________2015 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары
Сабақтың мақсаты:
Компьютердің сәулеті туралы түсінік қалыптастыру, компьютердің қызмет ету функциялары мен негізгі мінездемелері туралы оқып-үйренуді жалғастыру
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Үйге тапсырма
V. Қортындылау
І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?
А) Шоттар
В) Арифмометр
С) Калькулятор
Д) Соробан
2. Программа бойынша жұмыс істеген бірінші құрылғы
А) Арифмометр
В) Холлерит машинасы
С) Шоттар
Д) Беббидж машинасы
3. Бірінші программалаушы кім?
А) Чарльз Беббидж
В) Герман Холлерит
С) Ада Августа
Д) Длез Паскаль
4. ЭЕМ буыны терминін қалай түсінеміз?
А) тек бір ғана ғылыми және техникалық принциптерге негізделіп жасалған ЭЕМ-нің барлық түрлері мен модельдері
В) барлық есептеу машиналары
С) ақпаратты өңдеуге, сақтауға және тасымалдауға арналған машиналар жиыны
Д) процессордың Pentium моделінің барлық түрлері
5. Бірінші электрондық компьтер болған есептеуіш машина қалай аталады?
А) АВС
В) ДВК
С) БЭСМ-2
Д) ENIAC
6. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?
А) 1946ж
В) 1949ж
С) 1980ж
Д) 1956ж
7. Қазіргі кезде компьютердің неше буыны бар?
А) 3
В) 4
С) 5
Д) анықталмаған
8. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:
А) транзистор
В) интегралдық сызба
С) электрондық лампа
Д) үлкен интегралдық сызба
9. Екінші буын компьютерлерінің элементтік базасы:
А) транзистор
В) интегралдық сызба
С) электрондық лампа
Д) үлкен интегралдық сызба
10. Қай буынның компьютерлері дербес компьютерлер деп аталады?
А) екінші
В) үшінші
С) төртінші
Д) бесінші
ІІІ. Жаңа сабақ.
Компьютер құрылғыларының әрқайсысының бір – бірінен тәуелсіз жасалуы, тестіленуі және қолданыста болуы мүмкін. Компьютер компаненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады.
[pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]
Ақпараттық бөліктер (компаненттер) арасындағы байланыс принциптері компьютердің сәулетімен (архитектурасымен) анықталады.
Компьютердің сәулеті – компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы. Егер компьютердің аппараттық бөліктері (компоненттері) арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда оның сәулетін стандарттық деп атайды.
Өндіруші стандарттардың барлығына қосылған бермейді. Егер стандарттың иесі оған жол берсе, онда ол стандарт ашық стандарт деп аталады. Компьютердің көпшілігі Джон фон Нейманның сәулетіне негізделген және құрастырудың модульдік (ашық сәулет) принципін пайдаланады.
Джон фон Нейманның принципі
1946 жылы үш ғалым – Артур Беркс, Герман Голдстайн және Джон фон Нейман – «Электрондық есептеу құрылғысын, логикалық құруды алдын ала қарастыруы» атты мақала жариялады. Джон фон Нейманның аты сол кездегі ғылым кеңістігінде кеңінен танымал болатын. Сондықтан, онымен бірігіп жазған авторлық екінші қатарға ығыстырылып, бұл идеялар «фон Нейманның принциптері» деген атауға ие болды.
Екілік принципі – деректер мен бұрықтарды бейнелеу үшін қолданылады.
Программалық басқару принципітері – программа бұйырықтар жиынтығынан тұрады, процессор оларды бірінен соң бірін белгілі бір ретпен орындайды.
Жадтың біртектілік принципі – бір жадта программалар да, деректер де сақталады.
Жадтың мекенжай принципі - жады нөмірленген ұяшықтардан тұрады, процессор кез келген сәтте әр ұяшыққа қатыса алады.
Тізбектеп программалық басқару принципі – барлық бұйрықтар жадта орналасады және тізбектеліп, біреуі аяқталған соң екіншісі орындалады.
Шартты көшу принципі – программаның бұрықтары әрқашан да бірінен соң бірі орындалмайды.
Дербес компьютердің (ДК) сәулеті – процессор, есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ), ішкі видео жүйе, шеткері орналасқан (перифериялық) құрылғылар мен енгізу – шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы.
Дербес компьютердің электрондық компонеттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген. Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина деп аталады. Ол үш түрлі шинадан тұрады: адрестік шина, басқару шинасы, деректер шинасы. Адрестік шинаның көмегімен процессор байланыстырылатын жады ұфшықтарын таңдайды. Басқару шинасы бойымен жедел жадтан процессорға бұйрықтар, ал деректер шинасы арқылы деректер жеткізеді. Шинаның сипаттамасы – разрядтылығы.
Дербес компьютерге процессор мен жедел жадтан басқа деректерді енгізу, басып шығару және ұзақ уақытқа сақтау үшін қажетті тағы да көптеген құрылғылар керек. Олармен процессор микробақылаушы арқылы байланысты. Құрылғы өзінің бақылаушысымен байланысты, ал одан кейін бақылаушы процессормен қатынас жасайды. ІВМ РС компьютерлерінің сәулеті шиналық болып саналады.
Шиналық сәулетте:
Әрбір құрылғы өз шинасына жалғанады
Әрбір шина өз бақылаушысына қосылады
Әрбір бақылаушы өзінен жоғары деңгейдегі шинаға қосылады.
Заманауи компьютерлерде күнделікті пайдалану үшін USB (Universal Serial Bus) шинасы қолданылады – ол арқылы сыртқы құрылғылардың көпшілігі (пернетақта, принтер, фото және видеокамера) қосылады.
USB шинасының артықшылықтары:
128 құрылғыға дейін қосуға болады
Компьютерді өшірмей – ақ қоса беруге болады
Арнайы программалар орнатудың қажеті жоқ
Аналық тақша – заманауи дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі – екі негізгі үлкен микросызбадан тұрады.
Солтүстік көпір (ағылшын North Bridge) – орталық процессордың, жедел жадтың және видеокартаның жұмысын қамтамасыз ететін жады бақылаушысы.
Оңтүстік көпір (ағылшын South Bridge) - ол аналық тақшада шоғырланған құрылғылар бақылаушысының (локальдық есептеу желісінің, дыбыстық ішкі жүйенің) жұмысын, сонымен қатар сыртқы құрылғыларымен өзара байланысты қамтмасыз ететін енгізу –шығару бақылаушы концентраторы.
ІV. Үйге тапсырма:
«ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары» тақырыптарын оқып келу.
V . Қорытындылау:
Дербес компьютердің сәулеті деп нені атайды?
Ашық сәулет принципінің мәні не?
Оқушыларды бағалау.