Инфоматика пәнінен сабақтың тақырыбы:Символдық алгоритмдерді программалауга есептер шығару

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Практикалық жұмыс №20-21.

Тақырыбы: Символдық айнымалыларды түрлендіру.


Жаттығулар.


Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары жəне процедураларын қолданып төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:


  1. Берілген мəтіндегі “а” əрпін “о” əрпімен алмастырыңдар.

  2. Сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар.

  3. Берілген əріп дауысты ма екенін анықтаңдар.


  1. 1 ашылған жəне 1 жабылған жақшасы бар мəтін берілген. Жақша ішіндегі барлық символдарды шығарыңдар.


  1. Сөйлемдегі неше сөз берілген əріптен басталады?


  1. Латын əрпімен жазылған сөздегі барлық кіші əріптерді бас əріппен алмастырыңдар.


Практикалық жұмыс №22.

Тақырыбы: Көмекші (ішкі) программа: функция жəне процедура.


Практика мазмұны:

1.Көмекші программа- функция.

2.Көмекші прог-ма- процедура. Формальды жəне нақты параметрлер.


Паскаль тілінде ішкі (көмекші) программаның 2 түрі бар: процедура жəне функция.


Процедура деп қандай да бір есепті шешуге арналған атауы бар программа бөлігін атайды.


Процедураның жазылуының жалпы түрі:

PROCEDURE процедура аты (типтері сипатталған формальды

параметрлер тізімі);

<сипаттау бөлімдері>


Begin

операторлар бөлімі


End;


Негізгі программаның қажетті жерінде процедураны шақыру операторы орналасады.

Процедураны шақыру операторының жазылу үлгісі:


Процедура аты (нақты параметрлер тізімі);


Мысал1: Екі натурал санның ең үлкен ортақ бөлгішін табу процедурасын қолданып (ЕҮОБ), 4 натурал санның ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар.


Program P1; {негізгі программа}

Var x, y, z, t, n1,n2,n: word;

Procedure EYOB (a,b:word; Var K:word;);

begin {процедура басы}

While a<>b do

If a>b then a:=a-b then b:=b-a;


K:=a {процедура нəтижесі}

end; {процедура соңы}

begin

readln(x, y, z, t);

EYOB(x, y, n1);

EYOB(z, t, n2);

EYOB(n1, n2, n);


Writeln(‘4 санның ЕҮОБ-і=’, n)

end. {негізгі программа соңы}


Мысал2: n!-ды табу процедурасын қолданып, бастапқы 5 жұп натурал

санның факториалдарын табыңдар.

Program m2;


Var i, n: integer; m:longint;

Procedure Fak (n:integer; Var p:longint);

var j:integer;

begin p:=1;

for j:=1 to n do

p:=p*j;

end;



{процедура нəтижесі}


begin

i:=2; while i<=10 do begin

Fak (i, m); writeln(i, ‘!=’,m);

i:=i+2; end;end.


Бір ғана функция мəнін есептейтін ішкі программаны Паскальда функция деп атайды.


Функцияның жазылуының жалпы түрі: