Сабақ жоспары
Пән: Информатика
Сынып: 6
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Программа интерфейсімен танысу, презентациялар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: бағдарлама интерфейсімен таныстыру, Microsoft PowerPoint бағдарламасында презентация жасауды үйрету. Презентацияны безендіру жолдарын көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту, компьютерде жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу, компьютерлік сыныпта қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу. Оқушыларға өз шешімін дұрыс орындауға баулу, компьютерге деген сауаттылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта,
Сабақтың өту барысы:
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Мағынаны тану.
5. Сабақты қорытындылау
6.Ой-толғау
6.Үйге тапсырма беру.
1 Қызығушылықты ояту.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. (2-3 минут)
2. Үй тапсырмасын сұрау. (5-15 минут)
Кесте дегеніміз не?
Кесте қалай құрылады?
Кестеге мәліметтер қалай енгізіледі?
Кестенің ұяшықтарын бояу үшін қандай команда орындаймыз?
Кестенің өлшемін өзгерту үшін қандай команда қолданамыз?
3. Жаңа сабақ (5-7 минут)
Жаңа түсініктер:
Презентация ұғымы өзінің толық мағанасында (лат.рrаеsеntо тапсырамын немесе ағыл. рrеsеnt – ұсыну ) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну.
Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд-фильм деп те атайды.
Слайдта орналастырылатын объектілерге:
• фон
• мәтін
• гиперсілтемелер (мәтіннің ерекше түрі ретінде);
• колонтитулдар (мәтіннің ерекше түрі ретінде);
• кестелер;
• графикалық бейнелер;
• жазулар;
• диаграммалар;
• дильм;
• дыбыс;
• бағдарша (ярлык) жатады.
Слайдты безендіру үшін Әрлендірме(Дизайн) бетпарағы қолданылады. Дизайн бетпарағында келесідей әрекеттерді жасауға болады:
Беттің бағдарлануын(ориентация) өзгерту;
Беттің параметрлерін(параметры страницы) өзгерту;
Беттің фонын өзгерту;
Слайд дизайнын арнайы тақырыппен әрлендіру бөлімін таңдау.
Презентацияны демонстрациялау дегеніміз- оны демонстрация файлы ретінде сақтау. Презентацияны демонстрация ретінде сақтау үшін келесі команданы орындаймыз:
4. Жаңа сабақты бекіту. (15-20 минут)
Microsoft Office PowerPoint бағдарламасы не үшін арналған?
Microsoft Office PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін не істейміз?
Слайд дегеніміз не?
Слайд неден тұрады?
Слайдтың фонын қалай таңдаймыз?
Компьютерде практикалық жұмыс орындау.
Жаңа сабақты бекіту үшін компьютерде практикалық тапсырмалар орындау.
5. Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру.
6. Үй тапсырмасын беру. Программа интерфейсімен танысу, презентациялар.
7.Оқушыларды бағалау:
Үй тапсырмасына дайындалып келуі. (2 ұпай)
Жаңа сабақты толық меңгеруі. (2 ұпай)
Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қосуы. (2 ұпай)
Өз пікірін ашық айтуы,басқада пікірлерді тыңдап құрметтеуі.(2 ұпай)
Компьютерде тапсырмаларды орындауы
(2 ұпай)
Жалпы ұпай:
9-10 ұпай-«5»
7-8 ұпай –«4»
5-6 ұпай-«3»