Сабақ жоспары9. Компьютерлік модельдеу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Cабақ жоспары №21


Күні:___________________________

Пәні: Информатика

Сынып: 9 «А», 9 «Ә», 9 «В», 9 «Д»

Тақырыбы: Компьютерлік модельдеу

Мақсаты: Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру.
1.  Білімділік: Оқушылар элементтері, индекстерін көрсете білуі, жиым элементтерін реттеу программаларын жаза білуі қажет.
2. Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту компьютерлік сауаттылығын ашу Оқушыларды білім мен біліктілікке тәрбиелеу. Оқушылар техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып еңбекке баулу.
3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика сабағында техникалық қауіпсіздігін сақтай отырып еңбекке баулу және отан сүйгіштікке тәрбиелеу
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер. Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары. Оқулықтар. Жұмыс дәптері.
Сабақ түрі: Аралас сабақ Практика
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.

Сабақ барысы.  1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру

  1. 1.      Үй жұмысын сұрау

  • Тест тапсырмасы

Жаңа сабақ

Модель дегеніміз – нақты обьектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың модельдерін (макеттерін) құру.

Әрбір адамның күнделікті іс-әрекеттің белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның сана-сезімінде алдын ала орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу, т.с.с. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс-әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.

Модель көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады.

Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модельдер жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын Бодық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызды сол қаланың моделін жасай бастаймыз. Мұндағы жалпы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған модельі мүлде өзгеше болады, өйткені оның мақсаты үйлер, мекемелердің үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта жасау болып табылады.

Модельдің түрлері Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттық белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.
Динамикалық модель уақыт барысында объектінің қасиеттерінінің өзгеріс көрсету мүмкіндігін береді.

Ақпараттық модельдер Мақсаты: оқушыларды ақпараттық модельдің түрлерімен таныстыру.

Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беру.

Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпараттар жинағы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.           Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпартқа ғана құрылады. Мұндай модель қоршаған ортаны ақпарттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. Ақпараттық модель вербальдық және таңбалық болып бөлінеді.

Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель дегеніміз арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралымен көрсетілген ақпараттық модель.
Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.
Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен іске асатын модельдерді айтады.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.
Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.
Үй тапсырмасын беру Модельдер, модельдеу түсінігі. Модельді анықтау