Информатикадан күнделікті сабақ жоспары " Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру "
5 сынып. 1 сабақ. Мерзімі: 05.09.2013 жыл
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: Техника қауіпсіздігі ережелерінің маңызын жеткізе отырып, орындалуын қатаң орындауын талап ету.
Сабақ міндеттері:
Білімділік:Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютерлер, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өтілгенді пысықтау
Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
V. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
Бақылау кезеңі
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
II. Өтілгенді пысықтау
Есептеуіш техника кабинетінің басқа кабинеттерге қарағанда қандай ерекшелігі бар?
Есептеуіш техника денсаулыққа зиян келтіре алады ма? Қандай?
III. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстырукезеңі
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
Жалпы
ДК-де жұмысты бастау алдында
Жұмыс істеу кезінде
Авариялық жағдайларда
Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
Келушілер кіргенде окушынардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді өшіру);
Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек
көрсету;
Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек керсету:
Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
Күйген жеріне май жағу (винилин);
Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Талып қалғанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі токтағанда көмек көрсету:
Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған
болса. қолмен орнына келтіру;
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан- ауызға) керек.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР1-жаттығу
- Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
- Көздерінді талдырмандар.
- Алысқа қадалын қарандар.
3-жаттығу
- Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалын қарандар.
4-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қарандар.
5-жаттығу
- Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қараңцар.
6-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып караңдар.
7-жаттығу
- Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.
IV. Жаңа ұғымдарды бекітукезеңі
«Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру» кроссвордын шешу.
V. Жаңа ұғымдарды қолданукезеңі
Көз талғанда жасайтын жаттығуларды орындау.
VI.Бақылау кезеңі
Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.
Үйге тапсырма: «Информатика - 5 сынып» Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, §1, 6-11 беттер.
[link]
Информатикадан күнделікті сабақ жоспары "Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі."
5 сынып. 7 сабақ. Мерзімі: 17.10.2013 жыл
Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі.
Сабақтың мақсаты: Бағдарлама және бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен таныстыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Бағдарлама түрлері мен міндеттері жөнінде мағлумат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютерлер, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Өтілгенді пысықтау
Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
Бақылау кезеңі
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
II. Өтілгенді пысықтау
Компьютердің сыртқы құрылғыларын ата?
Енгізу-шығару құрылғыларын айтыңыз
Пернетақтаның блоктарын айт.
Негізгі пернелердің қызметі қандай?
III. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
Бағдарламалық құралдар - әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды. Олар:
►► Жүйелік деп аталатын, к-ң барлық кұрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын;
►► Қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;
►► Бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАР
Компьютердің бағдарламалық жасақтамалары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.
Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система -ОС) негізгі болып табылады.
ОЖ — компьютердің барлық мәліметтерді өндеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ - әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады. компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді.
ОЖ-лер өте көп, бірақ біздің арнайы қарастыратынымыз — үйде және мектептерде түрған компьютерлердің операциялық жүйелері. Бұдан аз-ақ уақыт бұрын мүндай компьютерлерде ОЖ МS DОS тұратын. Қазіргі кезде кең тараған жүйелер: WINDOWS 95, WINDOWS 98, WINDOWS NT.
Бұл операциялық жүйелердің және көптеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың, бағдардамалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жасаушысы) — американың Місrosoft фир-масы.
Компьютерде жұмые істеу - негізінде оның ОЖ-мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және "жақын достықта" екендігі өте маңызды.
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілін интерфейс деп те атайды. Дербес компьютерлерде қатынасудың - интерфейстің - командалық және терезелік екі тәсілі болады.
Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ-нің командаларының, жиынтығының кемегімен қатынас кұралады, олар өте көп және жазылу түрлері де әр түрлі. Командалық интерфейсі бар ОЖ-ға ОЖ МS DОS жатады, ол компьютерлерде соңғы жылдарға дейін негізгі болын келді. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу үшін, ОЖ МS DОS нұсқауларының қалың томдарын оқып үйрену қажет болды.
Терезелік интерфейстің жөні басқа, ол WINDOWS типті ОЖ -де жүзеге асырылған. Мұнда компьютермен қатынасу көбіне тек маус құрылғысы арқылы жасалады. Компьютермен жұмыс істеу үшін, экранда графикалық бейнелер түрінде керсетілген әрекеттерді маустың көмегімен таңдау жеткілікті. Экранда графикалық формаларды таңдау, жедел көмек жасау (оперативті көмек сөз), анықтама жүйесі адамның компьютермен катынас кұруды сезу дөрежесінде түсінікті етеді.
Оның үстіне ОЖ WINDOWS бір мезгілде бірнеше мәселелерді. ал МS DОS тек бір мәселені ғана шешуге мүмкіндік береді.
Әрине. WINDOWS типті ОЖ-лер тек белгілі жағдай жасалғанда, яғни процессордың жұмысынын жылдамдығы арттырылғанда, компьютердің жедел және тұрақты жадының көлемі үлкейтілгенде ғана МS DОS -тың орнын басты.
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама мәліметтерді өңдеудің нақты мәселесін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжатгар құруға, графикалық объектілер даярлауға, әр түрлі есептеулер жүргізуге және өздеріңнің демалыстарыңды ұйымдастыруға т.б. жасауға болады.
Қолданбалы бағдарламаларды арнайы және әмбебап бағдарламалар деп екі топқа бөледі.
Арнайы (мамандандырылған) бағдарламаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады, мысалы, бухгалтерлік бағдарламалар, проект жасаушылар, дәрігерлер пайдаланатын т.б. бағдарламалар.
Әмбебап бағдарламаларға мәтіндік және графикалык редакторлар, электрондық кестелер, электронды пошта бағдарламалары, яғни адамдардың көбі пайдаланатын бағдарламалар жатады. Бірімен-бірі байланысты бірнеше қолданбалы бағдарламаларды біріктіретін бағдарламалар да бар, оларды интегралданған бағдарламалар дестесі деп атайды. Мысалы, мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасын басқару жүйесі.
Жүйелік бағдарламалық жасақтамаларға драйверлер де жатады. Бұл компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалар, оларда осы құрылғылар жөнінде барлық ақпарат болады. Операциялық жүйе қосылатын құрылғылармен олардың драйвері арқылы қатынасады. Мысалы, ОЖ винчестерге белгілі бір мәліметтерді оқып алуға команда береді. Ал винчестердің драйвері моторды қосуға, бастиекті жадтың белгілі жеріне әкелуге және оқып шығуға команда береді. ОЖ-нің драйвер арқылы жұмыс істеуі қосылатын құрылғыларды ұдайы ауыстырып және жаңалап отыруға мүмкіндік береді.
Төртінші тараудан бастап сендерді кейбір қолданбалы: WordPad, Калькулятор, Раіnt бағдарламаларымен таныстырамыз. Олар WINDOWS-тың құрамына кіреді, сондықтан оларды оның қолданбалары деп атайды. Осыған байланысты WINDOWS'98-ді біріктірілген жүйе деп атайды, себебі бұған операциялық жүйе бөлігінен басқа да қолданбалы бағдарламалар кіреді.
Бағдарламалау жүйелерінің құрамына бағдарламалау тілдері және арнайы бағдарламалар кіреді, олардың көмегімен құрылған бағдарламалар компьютердің жадына енгізіледі, түзетіледі, тестіленеді және орындалады.
Жүйелік бағдарламаларды көбінесе бағдарлама құрушылар (бағдарламалаушылар) пайдаланады.
Бағдарламалау тілдері өте көп. Мысалы, Паскаль, Бейсик, СИ, Фортран, Кобол, Пролог, Ассемблер, ПЛ-1 тағы басқалар. Осы тілдерде бағдарламалаушылар бағдарламалар жазады және арнайы жүйемен, бағдарламалардың көмегімен оларды өндейді, тексереді және қолдануға дайын түрге келтіреді.
Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады. Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады. Оны көп жағдайда оперативті жад деп атайды. Компьютердің сыртқы жады ақпаратты көп мерзімге сақтауға арналған, ол иілгіш және қатқыл дискілерде, магаитті таспаларда, оптикалық және магнитті-оптикалық дискілерде орналастырылады.
Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
V. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
VI.Бақылау кезеңі
Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?
ОЖ-нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атаңдар.
Интерфейс деген не? Қандай интерфейстерді білесіңдер?
Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?
Олардың классификациясын түсіндіріңдер
Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?
Драйвердің рөлі қандай?
Үйге тапсырма: «Информатика - 5 сынып» Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, §8, 59-67 беттер