Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар білуі тиіс: ақпараттың қасиеті – обьективтік, толықтық, адалдық, өзектілік, құндылықты.
Оқушылар үйренуі тиіс: ақпараттың қасиеттерінің мәнін бағалауды, алған ақпараттың белгілі бір қасиеттерге ие екендігіне мысалдар келтіре алуды.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
Білімді дамыту.
Еске түсіру арқылы қандай ақпарат түрлерін алдыңдар?
Қандай сезім мүшелері арқылы ақпаратты қабылдадыңдар?
Алынған ақпарат пайдалы болды ма?
Ақпараттың тағы қандай қасиеттерін атай аласыңдар?
Жаңа сабақты оқып – үйрену.
Ақпараттың қасиетін бағалау керек болған бірнеше жағдаяттарды қарастыру. Мысалы: Сіз көшеде келе жатсаңыз, алдыңыздан бір адам шығып түсініксіз тілде: «Tere! Kas voite oelda, kuidas saada hotelli?» (Сәлеметсіз бе! Айтыңызшы,қонақүйге қалай барады). Сіз үшін бұл қандай ақпарат?
Бекіту
Толық ақпаратты анықтау:
Дәйекті ақпаратты анықтау:
Барлық сабақтар 30 минутқа созылады.
Барлық өсімдіктердің жапырақтары жасыл түсті.
Креслоның екі аяғы бар
Сабақ уақытында мектептің терезелері әрқашан ашық болады.
Информатика кабинетінде компьютерлер орнатылған.
Түсінікті ақпаратты анықтау.
- [pic]
- Квадрат теңдеудің түбірлерін табу үшін дискриминант есептеп шығаруы керек.
- [pic]
- Жедел жәрдем телефон нөмірі 103.
Қорытындылау
Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы.
Оқулықтағы $3-ты оқып, бақылау сұрақтарына жауап беру.