Ашық сабаақ. Тақырыбы:Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі.Құжаттарды құру және сақтау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қысқа мерзімді жоспар

Информатика пәні мұғалімі Сағымбекова Эльмира

Сынып: 6 «б».

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы

Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі.Құжаттарды құру және сақтау

Сілтеме

Слайдтан тапсырма көздері, топтық тапсырмалар, оқулықтағы мәтіндер, АКТ.

Мақсаты

Оқушыларды MS WORD мәтіндік редакторымен таныстыру . «Құжат құру» сұхбат терезесінің мүмкіндіктерін анықтау, тапсырмаларды орындай отырып, құжатты сақтауды үйрену.

Оқыту нәтижесі

MS Word редакторының іске қосу жолдарын біледі. Терезе элементтерімен танысады. Мәтін теруді, құжат құруды және сақтауды үйренеді.

Негізгі идеялар

Компьютерлік технология түрлерін үйренуімен байланысты.

Тапсырмалар



















Білу.











Түсіну.



















































Қолдану.

















Талдау.





Жинақтау.

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс әрекеті

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу.

Психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек. 

2. Топқа бөлу: Топ аттары «Компьютер» және «Монитор». (Жас ерекшелігіне қарай топқа бөлу)

1-тапсырма: «Ойлан-жұптас-бөліс».

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға сұрақтар қою арқылы жұпта талқылап,ортақ ойларыңызды ортада бөлісейік .

  1. Модель деген не?

  2. Модельдеу дегеніміз не?

  3. Модель кезеңдері неше бөліктен тұрады?

  4. Модельдің қандай түрлері бар?

  5. Жердің моделі не?

Жаңа сабаққа шолу : Мәтіндік процессор-бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы.  Сонымен қатар пішмдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана  DOS-ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді. 

MS WORD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.

           Казіргі кезде дербас компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады.

Пуск => Программы => MS WORD ( Жіберу => Бағдарламалар => MS WORD). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға MS WORD мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

            Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

            Терезенің тақырып жолында құжат аты және MS WORD бағдарламасының аты көрінеді.

            Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланатын командаларды шығару батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін алу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

            MS WORD – та құжат құру

MS WORD құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:

1.      Қаріп және оның өлшемін таңдау

2.      Мәтінді енгізу және редакциялау

3.      Мәтінді пішімдеу

4.      Құжатты сақтау және ашу

5.      Баспаға шығару

2-тапсырма: «Информатикалық диктант» ДК мен жұмыс.

Мәтін: Адам баласының ажары да, бақыты да отбасыдан басталады. Ал отбасы бақыты деген не? Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты, оның тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады

3-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Деңгейдік тапсырмаларды орындау

MS Word редакторы не үшін қажет деп ойлайсыздар, редактор қандай қасиеттерімен маңызды?



«Ой толғаныс». Бүгінгі сабақтан алған алған білімдерін жинақтап, ой елегінен өткізу ұсынылады.

Бес жолды өлең

  • MS WORD МӘТІНДІК  редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • MS WORD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

  • MS WORD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.

  • MS WORD мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз.














Оқушылар топқа бөлінеді.





Үй тапсырмасына қайта шолу жасайды, сұрақтарға жауап береді.











































Редактор мүмкіндігі және іске қосу жолымен танысады.

Терезе элементтерін біледі.

















Мәтіндік редакторда мәтін тереді, пернетақтамен жұмыс жасауды үйренеді

Деңгейлік тапсырма орындайды.

.





Ойларын жинақтайды, бес жолды өлең құрастырады.

Жаңа сабақ туралы ойларын қорытып, топ болып бірлесе отырып жаңа сабақты пысықтайды

Бағалау.



Кері байланыс

Бағалау, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау,

жиынтық бағалау.

Оқушылар кері байланыс жасау «Т» кестесін (не үйренегені және не білгісі келетіні туралы) толтыру керек.

Әр оқушы өзін бағалауды үйренеді.



Сабақта алған әсерлерін «Т» кесетесіне толтырады.

Кейінгі тапсырмалар

§16. Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. 85-92-беттер.

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

Қорытынды

Өздеріне сенімді бола бастады, еркін пікірлей алды