Пән аты: Информатика Бекітемін: ......................................
Сабақ ___Сынып: ______ Мерзімі ___________ Пән мұғалімі .................................
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және визуалды программалау технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алгоритмдеу жэне программалауга, алгоритм түрлеріне түсініктеме беру.
Visual Basic тілінің ерекшеліктерін, нысанга бағытталған программа технологиясын тү- сіндіру.
Дамытушылық: Нысан туралы түсінікпен, нысанға бағытталған программалаудың негізгі түсініктерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Нысанның касиеттеріне мысалдар келтіру арқылы ойлау өрістерін қалыптастыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, үлестірмелі карталар
Сабақтың барысы
¥йымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1.Программа деген не?
2.Нысанға бағытталған программаны қай сыныпта оқыдыңдар?
3.Нысан деген не?
4.Қандай түрлерін білесіңдер?
5.Қандай мысал келтіре аласыңдар?
ІІІ.Білімді жан-жақты тексеру
ІV.Жаңа сабақ
V.Жаңа сабақты бекіту
VI.Сабақты қорыту
VII.Үйге тапсырма
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория
Қазіргі дамыған заман талабына сай адамдар атқаратын жүмыстарын (жазу, математика- лык есептер шығару, суреттер салу, модельдер кұруды т.б.) компьютерді пайдалану ар- қылы орындайды. Сондықтан кез келген атқаратын жұмыстың алдын ала жазылған алгоритм! болуы қажет. Алгоритм арқылы істің нәтижесіне жетуге болады жэне алгоритмнің негізінде программа құрылады. Программалаушылар программаны орындау кезінде, алдын ала алгоритмді ойластырып алады.
Негізгі үгымдар:
Орындалатын іс-эрекеттің немесе алға қойылған мақсаттың нэтижеге жету жолын рет- телген тізбектер түрінде орындау алгоритм деп аталады.
Алгоритм орындаушысы дегеніміз - қүрастырылған алгоритмді басқарушы адам немесе машина.
Программа - алгоритм, ол арнайы программалау тіліне негізделіп жазылады. Программалау тілі - алгоритмдерді жэне алгоритмдік тілде жазылған амалдар тізбегін орындау үшін қолданатын, компьютерге түсінікті арнайы тіл.
Алгоритм орындалуын қарай бірнеше қасиеттерге бөлінеді:
Алгоритмнің үзіктілігі.
Алгоритмнің анықтылығы.
Алгоритмнің нәтижелілігі.
Алгоритмнің жалпыламалығы.
Алгоритмнің үзіктілігі - мүнда алгоритм жеке қадамдардан қүрылады. Орындалу кезін- де эрбір қадамы анық жэне аяқталган болу керек. Орындаушы алдыңғы қадамды аяқтап барып келесі қадамға өте алады.
Алгоритмнің анықтылығы - алгоритмнің эрбір қадамы немесе әрекеті бірмэнді жэне анық болу керек.
Алгоритмнің нәтижелігі - белгіленген қадамдардан кейін алгоритм нәтиже беру керек.
Алгоритмнің жалпыламалығы - алгоритм бір ғана мәселені емес, барлық біртипті мәселені шеше алады.
Алгоритмнің тілдері:
Табиғи тіл - алгоритмді сөз тіркестері арқылы қарапайым тілде жазу (орындаушысы адам).
Графикалық тіл - алгоритмді блок-сызба түрінде корсету (орындаушысы адам).
Алгоритмдік тіл - табиғи тіл арқылы берілген эмірлік сөздер арқылы беріледі (орындаушысы адам).
Программалау тілі - программа тілінің эмірі (орындаушысы компьютер). Алгоритм түрлері
Алгоритмді құрылымына қарай сызықты, тармақталған, қайталану (циклдік) деп
үшке бөледі.
Егер орындаушы әрекеттерді рет-ретімен тізбектей орындап нәтижеге жетсе, онда ол сызықты алгоритм деп аталады.
Егер орындаушы әрекеттерді шартты тексеру арқылы жүзеге асырса, онда ол тар- мақталган алгоритм деп аталады.
Алгоритм орындалу кезінде нэтижеге жету үшін әрекеттер бірнеше рет қайталаныла- тын болса, онда ол қайталану алгоритмі (циклдік) деп аталады.
Программа қүру кезеңдері:
Берілген тапсырманың орындалуы (қолданушы болашақ программаның жүмыс істеу кезінде орындалатын әрекеттерді анықтап жоспар құру керек).
Интерфейс құру (бүл экранда пішін кірістіріп көрнекілігін безендіру).
Берілген тапсырмаға алгоритм құру.
Алгоритмді программалау тілінде кодтау.
Қадамдық шегініс (программадағы қателерді тексеру).
Программаны тестілеу (бұл программаның дұрыс жүмыс істеп түрғандыгына көз жеткізу).
Қүжат құру.
Визуалды программа технологиясы нысанга бағыталған программа ортасында жүмыс іс- теуден басталады.
Windows амалдық жүйесіндегі программалар пайдаланушыларға (Graphical User Interface) өздерінің графикалық интерфейстерімен таныс. 1991 жылы Стивен Гибсонның (компьютерлік технологияның жэне компьютерлік қауіпсіздіктің бас маманы, програм- маларды ойлап табушы) программа жазуы бойынша Visual Basic тілі пайда болды.
Visual Basic тілі не? деген сүраққа жауап іздейтін болсақ:
Visual Basic тілі - визуалды графикалық интерфейс қүру құралы. Қүралдар арқылы пайдаланушы программа жазғанда уақытты үнемдейді.
Visual Basic тілі қазіргі кезде оқу қүралы болып саналады. Себебі ол көрнекті, логи- калы, қарапайым, жеңілдігімен ерекшеленеді.
Visual Basic тілі «Microsoft» фирмасының таңдап алған тілдерінің бірі, ол Microsoft фирмасының жаңадан шыгатын жүйелеріне (Windows 7, Windows 8) келтіріліп шы- гарылады. Visual Basic тілінің жаңа Visual Basic Applications шығарылымында Excel, Access қосымшаларын, ал Visual Basic Script - Интернет қосымшаларын қүруға мүм- кіндік береді.
Қорытынды кезең Сабақтан білгеніміз:
Үй тапсырмасы
Кез келген 3 нысанды алып қасиеттерін, эдістерін сипаттап дэптерге жазып келіңдер.
Оқулықтағы бақылау сүрақтарына жауап беруге дайындалу.