Тәрбие сағаты на тему Мамандығым мақтанышым

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі











ТӘРБИЕ САҒАТЫ







«Мамандығым-мақтанышым»











Дайындаған: пән оқытушысы:Д. Қасымбекова












2016-2017 оқу жылы







Тәрбие сағатының мақсаты: 

1-жүргізуші:Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар және студенттер! Бүгінгі №70 «»топ студенттері ұйымдастырып отырған «Мамандығым-мақтанышым» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

жүргізуші:Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.

1-жүргізуші:Мамандық - Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді.

Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т. б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде - кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, Ж. Аймауытов айтқандай, «Өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік!» деген екен.

2-жүргізуші:

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз
,-деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: фермер есепші, аспаз, көлік жүргізуші Мал дәрігері және т.б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдауымыз керек

Көрікті оймен көмкерілсе күндерім. 
Жауқазындай жайқалса егер күндерім.
 
Сол өмірде бар қуаныш сыйлайтын,
 
Мамандығым мақтанышым бұл менің.
 
Білімімді шындай берсем күнде мен ,
 
мамандығымның құдіретін білгенім.
 
Сол құдіреттің , құт қазығы саналған.
 
Мамандығым мақтанышым бұл менің.

.

1-жүргізуші:Ия. Қазіргі заманда ең қажет мамандықтардың бірі осы мамандық деп білемін. Өйткені токарсыз өмірді елестету мүмкін емес. Осы орайда токарь мамандығының шығу тарихы жайлы қысқаша баяндамаға кезек берсек.

Баяндама:Қарапайым токарь станоктары оте ерте замандарда пайда бола бастаған.Соның бірі өңделетін тетік екі ағаш тіреуішке орнатылып, оны айналысқа келтіру арқан жәрдемімен екінші адам орындайтын.Негізгі жұмыскер қолындағы кескіш немесе қырғыш аспап арқылы өңдеген.Токарь станоктарын жетілдіру қарқыны өте баяу болатын.Тек 1712 жылы дүние жүзінде тұңғыш рет Мәскеудің математика және навигация ғылымдары мектебінде тәрбиеленген орыс механигі Андрей Константинович Нартов кескіш аспапты бекітіп механикалық қозғалысқа келтіретін токарь станогын ойлап тапты.Нартовтан кейін токарь станоктарын жасау мен дамыту Тула және басқада қару-жарақ сауыттарында орындалым келеді. Жалпы алғанда станокта жетік білетін маман басқарып келген,ал қазіргі кезде де адам қадағалап, реттеп бақылап тұрады.Токарь станоктарында жону «точение» арқылы өңдейтін болғандықтан станокқа «токарь» станогы,ал онда жұмыс атқаратын адам, токарь маманы деп аталады .Сондай-ақ Средневолжск станок жасау зауытында шығарылатын моделі 1616 токарь-винткескіш станоктары шығарылды.Токарь-винткескіш станоктарының 1А62,1620 моделі Мәскеудің, Красный пролетарий зауытында көптеп шығарыла бастады. Олардың айналдырығының айналу саны 18-3000ай/мин, электрқозғалтқышының қуаты 13 квт. 1А62 модельді токарь-винткескіш станогы өте әмбебап , өндіріс өнімділігі мен өңдеу сапасы жоғары станоктар қатарына жатады. Олармен қатар өте жоғары қуатты ,массаы мен өлшемдері үлкен ірі станоктар да жасалып және қолданылып келеді Мәскеудің Коломна қаласында қаласында ауыр станоктар жасайды. Ол станоктың диаметрі 3000мм ұзындығы 30метр,электрқозғалтқыштарының қуаты 260 вкт.

1-жүргізуші:Келесі кезекті әнге берсек___________________________

2-жүргізуші:

Болса кімнің талабы,

Өмірден жол табады.арапайым

Мақсатына лайықңделетін

Мамандығын алады -дей келе келесі кезекті көркем сөзге берсек______________________________

1-жүргізуші:«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық.

1-жүргізуші:Келесі кезекті әнге берсек___________________________

Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білімалған.
Биболған, болысболғанөнеремес,
Еңбектіңбұданөзгебәріжалған.
Көкжүзінеалаулы,
Міндетемесайболу.
Еңбастысықалаулы,
Кәсібіңе сай болу!-дей келе келесі кезекті биге берейік.

2-жүргізуші:


Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер - білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі - болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін.


2-жүргізуші:Қадірменді қауым бүгінгі Мамандығым-мақтанышым атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Келесі кезекті құттықтау сөздеріне берсек: