Зертханалық жұмыс тақырыбы: Auto CAD терезесімен танысу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Auto CAD терезесімен танысу.

Жұмыстың мақсаты: Auto CAD программасының терезесімен танысу және жұмыс жасап үйрену.


Теориядан қысқаша мәлімет

Auto CAD программасын американың Autodesk фирмасы 80 – жылдары шығарды. Бұл программа сызу сызатын адамдардың жұмысын жеңілдетеді.

Auto CAD 2004 программасын толықтай жүктелгеннен кейін Начало работы (Start up) терезесі пайда болады.

Auto CAD программасы жүктелгеннен кейін Start up диалог терезесінде бірнеше режимде жұмыс жасауға мұмкіндік береді. [pic]

Open a Drawing (Открыть) батырмасы бұрын сызылып сақталған сызыуды жалғастыру.

Start from Scratch (Начать с начала) батырмасы параметрлерімен бірге жаңа сызу бастауға мүмкіндік береді.

Use a Template (Использовать Шаблон) батырмасы әртүрлі форматтағы дайын шаблондар бар.

Use a Wizard батырмасы параметрлерін өзіміз бере отырып, жаңа сызу сызамыз.

Auto CAD 2004 программасының терезесі:

























Экранның негізгі бөлігі – бұл жұмыс аумағы. Жоғарғы жақтағы екінші қатар Меню жолы: Файл (File), Правка (Edit), Вид (View), Вставка (Insert), Формат (Format), Инструменты (Tools), Черчение (Draw), Размеры (Dimension), Изменить (Modify), Экспресс, Окно (Window), Справка (Help).

Жұмыс аумағының төменгі жағында Модель (Model), Лист1 (Layout1), Лист2 (Layout2) вкладтары бар.

Төменгі ақ жолақты қатар Командалық жол – бұл жерде таңдаған командаға жауап беріледі.

Командалық жолдың төменінде орналасқан жолақ Режимдер жолағы. Бұл жердегі батырмалар: ШАГ (SNAP), СЕТКА (GRID), ОРТО (ORTHO), ПОЛЯР (POLAR), ВЫРВ (OSNAP), СЛЕД (OTRACK), ВЕСЛИНИИ (LWT), МОДЕЛЬ (MODEL).

Auto CAD программасында сызылған сызуларды сақтағанда *.DWG кеңейтілуі бойынша сақталады.


Бақылау сұрақтар

  1. Auto CAD программасының қандай нұсқаларын білесің?

  2. Auto CAD программасын қалай іске қосамыз?

  3. Auto CAD программасы қандай жолдардан тұрады?

  4. Режимдер жолағының атқаратын қызметі қандай?

  5. А4 және А3 форматтарын қалай сызамыз?

  6. Жұмыс аумағының түсін қалай өзгертеміз?