Конспекты по информатика Компьютер және денсаулық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Компьютер және денсаулық

[link] . Көбінесе адамдар өздерінің қызығушылықтарының арқасында, жаңа нәрселерді сынап көру мақсатында интернетке жіпсіз байланып жатады.

Өмірдің шынайылығынан алшақтау адамның жеке басының мәселелерінің туындауына және әлеметтік ортадағы қиындықтардың тууына алып келіп соғады. Мысалы, жеке тұлға ретінде қалыпса алмауы, өмірдегі өзгерістер, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және жалғыздық. Кейде ойға алған істері орындалмай, тауы шағылған жандар интернетарқылы жандарына пана іздейді, яғни, өзіндегі депрессия мен қорқынышты елемеу үшін не болмаса қым-қуыт тіршіліктің реніштерін ұмыту үшін осындай амалдарға барып жатады.

Симптомдары

Ғалымдар ауру мен интернетке тәуелділіктің тұжырымдамасына келгенде әрқилы пікірде болғанмен, интернетке тәуелделектің симптомдарына қатысты бір ауыздан төмендегідей бәтуа берген:

  • Интернетте жиі әрі бас алмай (ішіне кіріп кеткендей) отыру;

  • Бақылауды жоғалту (белгілеген уақытынан көп отыру);

  • Айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасының бұзылуы (оларды елемеу, байланысын үзу);

  • Жұмысын қысқартып, оны тастап, интернетке ұмтылып тұру;

  • Интернетте отыруды әдетке айналдыру;

  • Интернетті пайдалануға кедергі туа қалғанда жүйкесінің қозуы;

  • Көп рет интернет пайдалануды қоямын деп қоя алмау;

Сондай-ақ, компьютердің алдында шамадан тыс көп отыру төмендегідей зиян шектіреді:

  • Отырғанда денені дұрыс ұстамау омыртқа мен мойынға күш түсіреді;

  • Ұзақ әрі үзіліссіз отыру көздің көру қабілетін нашарлатады;

  • Интернетте көп отыру бас ауруы мен биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады;

  • Кейбір адамдарда қан айналым жүйесі мен салмаққа қатысты қиындықтар тууы мүмкін.

Сонымен қатар мынандай кері әсерлері болуы да ғажап емес:

  • Интернет қызметіне төленетін ақының көбеюі;

  • Шынайы өмірден алшақтап кету;

  • Іс-әректі мен мінезінің құбылуы;

  • Әлеуметтік ортадан оқшаулану (үйдегі адамдар, достары);