Тақырыбы: Қайталану командасы.
Дəріс мазмұны:
1.Параметрлі цикл(For To Do)
Шарты алдында тексерілетін цикл операторы . (while…do…).
Турбо Паскаль тілінде программаның қайталанатын бөлігін
программалау үшін əртүрлі 3 оператор қолданылады.
Олар: 1) параметрлі цикл (немесе үшін циклі)
əзір циклі
дейін циклі
Параметрлі циклді құрылымы:
FOR цикл параметрі:=бастап ы мəн ТО со@ғы мəн ДО цикл денесі; Мұндағы for (үшін), to (дейін) do(орындау)- қызметші сөздер. Бұл циклде цикл параметрі integer типті бүтін сан, цикл қадамы 1-ге ғана тең.
Қадам -1-ге тең болған параметрлі цикл төмендегіше жазылады:
FOR цикл параметрі:=бастап ы мəн DOWNTO со@ғы мəн ДО
Мысал 1. Алғашқы 50 натурал санның қосындысын жəне арифметикалық ортасын табыңдар.
а) var i, s, k: integer; begin
for i:=1 to 50 do S:=S+i; k:=S/50; Writeln (‘S=’,S,’k=’,k) end.
б) var i, s, k: integer;
begin
for i:=50 downto 1 do
S:=S+i; k:=S/50;
Writeln (‘S=’,S,’k=’,k)
end.
Цикл денесі құрама оператордан тұратын болса, онда олар begin, end операторлық жақшаға алынады.
Мысал 2. 1- 20 аралығындағы қашықтық мəнін дюймнен сантиметрге айналдыратын программа құрыңдар. (1 дюйм=2,5 см.) Program m2;
var D,C : integer;
begin
For D:=1 to 20 do begin
C:=2.5*D;
Writeln ( D,’ Дюйм =’ ,C, ‘ См’ ) end;end.
Мысал 3. Берілген кез- келген бүтін санның көбейту кестесін экранға шығаратын программа құрыңдар.
var i, n, p : integer;
begin writeln(‘Бүтін сан енгіз’); readln(n); for i:=1 to 10 do
begin
p:=n*i;
Writeln (i,’*’, n, ‘=’, p)
end;
end.
2. Əзір немесе шартты алдын-ала тексеру циклі.
Циклдің қайталану саны алдын- ала белгісіз болған жағдайда ]зір немесе Дейін циклі қолданылады. Əзір циклінің құрылымы:
WHILE шарт DO
цикл денесі ;
while (əзір), do (орындау)- қызметші сөздер.
Мысал 1. Барлық екі таңбалы жұп сандардың көбейтіндісін табатын
программа құрайық.
Program m1;
var i, P: integer;
begin
P:=1; i:=2;
While i<=98 do
begin
P:=P*i; i:=i+2; end;
Write (‘P=’, P);
end.
Мысал 2. Екі натурал санның ең кіші ортақ еселігін табатын программа
құрыңдар.
Program m2;
var a,b, EKOE,c: integer;
begin
read (a,b); c:=a*b;
While a<>b do
if a>b then a:= a-b else b:= b-a;
EKOE:=c/a;
Write ('2 санның ең кіші ортақ еселігі =', EKOE); end.
Паскаль тілінде циклді басқару үшін Break жəне Continue -2 оператор қолданылады. Олар циклді қолдану мүмкіндігін кеңейтіп, программа құрылымын жақсартады.
Break- циклді тоқтатуды жүзеге асырады; басқару циклден кейін тұрған операторға беріледі.
Continue -циклдің кезекті қадамының орындалуын мерзімінен бұрын аяқтауды жүзеге асырады; басқару циклдің келесі мəніне беріледі