Тақырыбы: Word мәтіндік редакторына графикалық, бейнелік
объектілерді кірістіру
Мақсаты:
Білімділік:
Мәтінге Clip Gallery және басқа программалардан сканерден, файлдан және WordArt объектілерін енгізу ,өңдеу жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық:
Оқушылардың мәтінге графикалық , бейнелік объектілерді кірістіруді орындау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру және ұқыптылыққа баулу.
Типі : Жаңа сабақты меңгерту
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Практикалық
Көрнекілігі: Бағалау парағы, Слайд, Интерактивті тақта, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: геометрия, бейнелеу, қазақ тілі
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
II. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардан өтілген сабақ бойынша
тапсырмалар беру.
1.Тапсырма
Папка жасау ат беру
2. Тапсырма
Word мәтін бағдарламасын ашып , сақтау
3.Тапсырма
Ашылған парққа кесте құру бағаны-6 жолы-10.
4.Тапсырма
Құрған кестенің ұяшықтарын біріктіру, ұяшыққа бөлу
III. Жаңа сабақты меңгерту
Слайдтан
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мақсаты көрсетіледі.
Көптеген құжаттарда әртүрлі иллюстрация түріндегі объектілер бар.
Word редакторында мәтіндік құжат ішіне алдын ала басқа программаларда дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар,графиктер,суреттер және дыбыстық объектілерді еңгізуге болады.
Құжат ішінде отырып , оны белгілеп алып кез келген өңдеу командаларын орындауға болады . Бұл обьект құрылған программаны іске қосу үшін обьектіні белгілеген соң тышқанды екі рет шертеміз.
Кірістіру → Сурет ( Вставка Рисунок) командасын орындай отырып,мәтінге:
[pic]
А) Картинкаларды (ClipArt программасының обьектілерінен)
ә) Басқа файлдағы обьектілерді
б) Автофигураны
в) WordArt обьектісін.
г) Сканерден
д) Диаграмма ( Excеl электрондық кестесінде құрылған диаграмма ларды)
енгізу мүмкіндіктері бар
1. Мәтінге Clip Gallery программасының обьектілерін енгізу
Сурет → Картинкалар командасын орындағаннан кейін , экранға әр түрлі графикалық қосуға мүмкіндік беретін терезе ашылады.
Бұл терезе графика ,суреттер,дыбыстар ,видео астарлы беттерінен тұрады.
Графика -бұл астарлы беті ашқанда Clip Gallery кітапханасынның бөлімдері мен ондағы суреттер шығады. ClipArt программасының терезесі жиыны көрсетіледі
[pic]
Қажетті суретті ерекшелеп , оң жақтағы кірістіру батырмасында курсорды шерту арқылы курсор тұрған жерге сол суретті енгіземіз.
2. Файлдан объект енгізу
Объектілерді алдын ала құрып ,файлға сақтап қойып,кейін оны ішіне байланысқан объект ретінде енгізуімізге болады.
Кірістіру→ Сурет → файлдан крмандасын орындаймыз.
Сурет енгізу сұхбат терезесінде енгізілген объекті орналасқан файл атын көрсетеміз
Сканерден объект енгізу
Егер , қағаздағы құжаттың , суреттің көшірмесін компьютер экранына шығару мүмкіндігін беретін сканер құрылғысы болса , оны компьютерге қосамыз.
Сканерден көшірме қойылатын орынға курсорды орналастырамыз.
Кірістіру→ Сурет → сканерден командасын орындаймыз
WordArt объектілерін енгізу
Фигуралық мәтінді жазу үшін арнайы WordArt программасын қолданылады.
Сурет салу саймандар тақтасындағы WordArt объектісн қосу [pic]
батырмасы
немесе Кірістіру → Сурет → WordArt командасын пайдаланамыз
Мәтінді әртүрлі тәсілмен бейнелеп жазу ,оған көлеңке салу , қисайту , айналдыру ,созу , үлкейту , қысқарту мүмкіндік береді
«WordArt объектісінің жиынтық» терезесі
[pic]
Тышқан курсорын мәтін қойылатын орынға орналастыру
Кірістіру → Сурет → WordArt орындаймыз
Ашылған терезеде мәтінді жазу стилінің өзімізге ұнаған біреуін таңдап аламыз да, ОК батырмасын басамыз.
Объектіде тышқанды екі рет шертсек , Мәтін өзгерту терезесі ашылады. [pic]
6 . Автофигуралар объектісін енгізу
Бұл менюдің құрамында сызықтан басқа негізгі фигуралар , фигуралық бағыттаушы , блок-схемалар, жұлдызшалар,ленталар, түсіндірмелер деген әрқайсысы бірнеше саймандардан тұратын командалық жолдар.
Кірістіру → Сурет →Автофигуралар
[pic] [pic]
Бекіту
Тапсырмаларды орындау (Мұғаліммен бірге орындау)
Тапсырма №1
1. Жаңа құжат құрыңыз . Clip Gallery программасының Білім бөліміндегі өзіңізге ұнаған объектіні мәтін ішіне енгізіңіз.
2. Осы объектінің астына . Ы.Алтынсариннің мына нақыл сөзін теріп жазыңыз «Мұғалім- мектеп жүрегі»
Тапсырма №2
1. Жаңа құжат ашыңыз , WordArt жиынтығынан біреуін таңдап , «информатика» сөзін жазып шығыңыз.
2. Информатика сөзін әр түрлі бағытта бұрып отырып , өзіңізге ұнаған күйде қалдырыңыз.
Бақылау сұрақтары:
Word мәтіндік редакторына объектілерді еңгізуге бола ма?
Объект файлдан қалай енгізіледі?
Объект сканерден қалай енгізіледі?
Бұрын енгізіліп қойған объектіні өзгертуге бола ма.
Автофигуралық объектіні енгізіге бола ма?
Автофигуралардың көлемін өзгертуге болама?
Үйге тапсырма беру:
Қазақ зиялылардың суретін компьютерге енгізіп файл арқылы Word
мәтіндік редакторына енгізу және эссе жазу.