Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жоспары №15


Оқытушы: Серикбаева С.К. пәннің аты Информатика

Оқу тобы: _____________________________________________ күні: ____________________________

Сабақ тақырыбы Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару

Сабақтың түрі: аралас сабақ



Сабақтың мақсаты

Білімділік: Excel –де пайыз есептерін шығаруды үйрету.

Тәрбиелік: студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, уақытты үнемдеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Экономикалық мазмұндағы есептерді шығаруға дағдыландыру.




Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру сұрақ-жауап, жеке жұмыс

 Сабақты жабдықтау: Қолданылатын көрнекі және оқытудың техникалық құралдары:

Таратылатын материалдар____________________________________________________

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақты жүргізу кезеңдері

(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)


Қосымша және берілген уақыт (мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

  • Сабақты өткізуге оқытушының психологиялық даярлығы


  • Сәлемдесу


  • Түгендеу


ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (топтағы әр студентпен қарым-қатынасқа түсе алу деңгейі)

15 мин

үй тапсырмасы: Функция есептерін шығару. Диаграмма тұрғығу


1. Диаграмма дегеніміз не?


2. Диаграмма түрлері


3. Диаграмма тұрғызу жолдары


ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау (түсіндірудің жүйелілігі, түсініктілігі, пәнаралық байланысы, оқытушының өзіне – өзі сенімділігі)

40 мин

Жоспары:


1. Қаржылық функциялар


2. Пайыз есептерін шығару жолдары














ІV. Жаңа тақырыпты бекіту (қорытындылау, бағалау). (Қорытындылау, бекіту сұрақтарының мақсаттылығы, сөйлеу мәнері, мәдениеті, қимыл – қозғалысы)

20 мин

Тапсырмалар орындау




V.Үй тапсырмасы (тапсырма түрі, көлемі, психологиялық кері байланыстың болуы)

2 мин

Ахметов .А., Ахметов Д. Қаржылы математика MS EXCEL-де, «Бастау» Алматы 2010, Пайыз функцияларын толықтырып оқып келу.





MS Excel-де кез-келген функциямен жұмыс істеу үшін жұмыс бетінде функцияның негізгі аргументтерінің мәндерін дайындап алу керек.

Вставка - Функция командасының көмегімен функция шеберін шақырып, Финансовые категориясынан керекті функцияны таңдаймыз. Функция шебері 2.1 суретте көрсетілген.

Функцияның аргументтерін сипаттау Функция аргументтері терезесінде орындалады. Функция аргументтері терезесі 2.2 суретте көрсетілген. Егер аталған функция туралы толығырақ анықтама керек болса, онда Справка по этой функции сілтемесіне басамыз. Нəтижесінде Справка Microsoft Excel терезесі ашылады. Справка Microsoft Excel терезесі 2.3 суретте көрсетілген .


[pic]


2.1-сурет Функция шебері терезесінен финанстық функцияны таңдау


Егер функцияның аргументі басқа ішкі функцияның есептеу нəтижесі болса, онда Функция шебері қайта шақырылады.

Аргументтер терезесінде аргументтердің мəндері немесе мəндер орналасқан ұяшықтар адресі енгізілгеннен кейін ОК батырмасын басамыз

[pic]


2.2-сурет – Функция аргументі терезесі


[pic]


2.3-сурет – Функциялар туралы анықтама жүйесінің терезесі

.

Функцияларды Функция шеберін шақырмай ақ, бірден енгізуге де болады.

Аргументтерді енгізу барысында мыналарды есте сақтаған жөн:

- Шығындарды білдіретін аргументтер (мысалы, жыл сайынғы төлемдер) теріс сандармен, ал кірісті білдіретін аргументтердің мəндері (мысалы, дивидендтер) оң сандармен беріледі;

- барлық дата функция аргументі ретінде сандық форматта болады;

- логикалық аргументтерге Ақиқат жəне Жалған тұрақты мəндері қолданылады;

- əр аргумент өз орнында болуы керек. Егер қандай да бір аргументтің мəні болмаса, орны бос қалады, бірақ міндетті түрде аргументтерді бөліп тұратын таңбалар қойылады.

1-есеп. 1 000 000 000 көлемінде ссуда 5 жылға, 12 % жылдық ставкамен берілген. Төртінші жыл үшін негізгі төлем шамасын анықтау керек.

Шешімі: ОСПЛТ(ставка; период; кпер; пс; бс) функциясын қолданамыз.

Біздің есебімізде функция түрі: ОСПЛТ(12 %; 4;5;1000000000)

Есептеу терезесі 2.4 суретте көрсетілген:


[pic]


2.4-сурет – Займ бойынша негізгі төлемдерді есептеу


Мұнда В8 ұяшығына мына формула енгізіледі:

= ОСПЛТ(B5;B6;B4;B3)

2-есеп. 10 %-тік жылдық ставкамен 20 жылға берілген ипотекалық ссуданы есептеу керек. Бастапқы салымы 25 %. Ипотекаға алынатын үйдің құны 350000 болсын

Шешімі:

Займ бойынша төленетін төлемдерді есептеу үшін ПЛТ функциясын қолданамыз:

ПЛТ(ставка; кпер; бс; пс; тип)

Біздің есебіміздегі функция түрі:

ПЛТ(10 %/12; 20*12; -350000*(1-25 %))) – ай сайынғы төлемдер;

ПЛТ(10 %; 20; -(350000*(1-25 %))) – жыл сайынғы төлемдер.

Есептеу терезесі төмендегідей 2.5 сурет және 2.6 суреттерде көрсетілген:


[pic]


2.5-сурет – Ипотекалық ссуданы есептеу


[pic]


2.6-сурет – Ипотекалық ссуданы есептегенде қолданылған формулалар

3-есеп. 20 жылға 11 % жылдық ставкамен 52000 тенге ақша салынғанда шотта қанша ақша болатынын есептеу керек. Процент ай сайын есептеледі.

Шешімі:

Болашақ құнды есептеу үшін күрделі процентті есептейтін БС функциясы қолданылады:

БС(ставка; кпер; плт; пс; тип)

Біздің есебімізде функция төмендегідей жазылады:

БС(11 %/12;20*12;-52000)

Есептеу терезесі 2.7 суреттегідей болады:


[pic]


2.7-сурет – Салымның болашақ құнын есептеу


Болашақ құнның шамасын есептеу үшін В8 ұяшығына мына формуланы жазамыз:

= БС(B4/B5;B6*B5;-52000)

4-есеп. Проектіні іске асыру барысында жыл сайын түсетін пайда 54 000 000 болады деген болжам бар. Проектінің өзін-өзі ақтау мерзімін анықтау керек. Алғашқы инвестиция мөлшері 140 000 000, дисконттау нормасы 7,67 %

Шешімі:

Төлемдер мерзімін анықтау үшін КПЕР(ставка; плт; пс; бс; тип) функциясы қолданылады. Біздің есебіміз бойынша КПЕР(7,67 %; 54000000; -140000000) = 3

5-есеп. Облигация 200 000 номиналмен 7 жылға шығарылған. Процентті есептеу мынандай тəртіппен жүргізіледі: бірінші жылы – 11 %, келесі үш жылда – 16 проценттен, қалған үш жылда – 20 проценттен. Күрделі проценттік ставкамен облигацияның болашақ құнын есептеу керек.

Шешімі:

Күрделі проценттік ставкамен болашақ құнды төмендегі функцияның көмегімен есептейміз:

БЗРАСПИС(первичное; план)

Біздің есебіміз үшін ол 2.8 суреттегідей түрде болады:


[pic]


2.8-сурет – Күрделі проценттік ставкамен өсетін құнды есептеу


Мұндағы В15 ұяшыққа = БЗРАСПИС(B3;B7:B13) формуласын енгіземіз

5-есеп. Проект бойынша шығындар 600 млн. Келесі 5 жыл ішінде түсетін пайда: 50, 100, 300, 200, 300 млн. Пайда нормасы 15 % болғанда инвестиция айналымының жылдамдығына байланысты проектінің тиімділігін бағалау керек.

Шешімі:

Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын есептеу үшін ВСД(значения; предположения) функциясы қолданылады. Біздің есебімізде Значения аргументі ғана қолданылады. Олардың біреуі міндетті түрде теріс сан болады. Егер инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы пайда нормасынан жоғары болса, онда проект тиімді деп саналады. Ондай болмаған жағдайда проект іске асырылмау керек.

Есептеу терезесі 2.9 суретте көрсетілген :

Мұнда В13 ұяшығына мына формуланы енгіземіз:

= ВСД(B4:B9)

В15 ұяшығына енгізілетін формула:

= ЕСЛИ(B13>B11;"Проект тиімді";"Проект тиімсіз")


[pic]


2.9-сурет – Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын есептеу