Әлемнің ақпараттық бейнесі тақырыбына сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


6- сынып

Күні ______________

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін    қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, компьютерлер

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

I) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;

Оқушылардың назарын сабаққа бұру

II) Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

  • Қауіпсіздік ережесі неше пункттен тұрады?

  • Өрт болған жағдайда қандай алғашқы көмек көрсетуге болады?

  • Көзбен экранның арақашықтығы қанша см болу керек?

  • Ереженің 2-ші пунктінде не жайында айтылған?

ІІІ) Жаңа сабақ (28 мин)

«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "іпforтаtіо" сөзінен шыққан.

Ақпарат, бұл - айналадағы дүние туралы анықталмағанды (белгісізді)

анықтайтын мәліметтер.

Бүкіл әлемді төмендегі сызба түрінде бейнелеуге болады.












Мегаәлемді галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар, яғни үлкен көлемді нысандар құрайды.

Макроәлемді адам өлшемдерімен салыстыруға болатындай тірі және өлі табиғаттан тұрады.

Микроәлемді өлшемдері өте кішкентай нысандардан – молекула, атом сияқты нысандардан тұрады.

Барлық нысандар заттардан тұрады.

Зат дегеніміз бізді қоршаған нәрселер- ауа, жер, су, адам және т.б.

Ақпараттық үдеріс (процесс) – қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс – әрекет.



Ақпаратты қабылдау тәсілдері

Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды



IV) Бекіту (3 мин)

1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

2. Адам  ақпараттың қандай түрлерін  қабылдай алады?

3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?

5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?

6. Бит, байт деген не?


V)Үйге тапсырма беру, бағалау (2 мин)

§2 Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ережелерді жаттау.

Маутбекова Арайлым Сағындыққызы