Сабақтың тақырыбы: Адам ақпаратты қалай қабылдайды. Ақпарат және оны бағалау
Сабақтың мақсаты: Ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпаратты
жеткізудің, өңдеудің техникалық құрылғыларымен таныстыру.
Білімділік: Оқушыларды ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы
бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабардың ақпаратық көлемін есептеуге үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабакта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері Сабактың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру .
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Кодтау мен кері кодтау деген не?
• Бит, байт деген не?
• Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?
• АSСІІ коды дегеніміз не? Оның қызметі қандай?
Жаңа түсініктер:
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.
Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы апарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналдар жіберу.
Сигналдар аналогтық (үздіксіз), дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтық сигналдарға мысалдары: температура, ток, кернеу, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфабит әріптері, музыкалық нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудіү уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айнаддыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.
Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізе ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық. объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың акпаратгың көлемі деп - хабардың ұзындыгын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез-келген сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немес 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
1 бай=8 бит;
1 кбайт(килобайт)=1024 байт;
1 мбайт(мегабайт) =1024кбайт;
1 гбайт(гигабайт) =1024 мбайт.
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.8, 9, 10, 11 тапсырмаларды орындау
1.2.9: Жауабы: 22 символ, 22 байт, 176 бит.
1.2.10. Шешуі:
Бір беттің ақпараттық көлемі 39*67=2613 символ~2613 байт
Кітаптың ақпараттық көлемі 2613*290=757770 байт = 757770 : 1024 =740Кбайт
740:1024 = 0,722 Мбайт
0,722 < 1,44 Жауабы: кітапты бір дискетке сыйғызуға болады.
1.2.11.Оқу жылдамдыгы мен сөйлеу жылдамдыгын анықтау үшін оқушыларга екі-екіден жұмыс істеу ұсынылады.
Шешу үлгісі: Минутына 1140 символ Секундына 1140:60—19символ 19 бсшт
19x8 =152 бит 19:1024 =0,0185 Кбайт
Жауабы: секундына 19 байт, 152 бит, 0,185 Кбайт
Сабақты бекіту сұрақтары:
• Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеуге, қай кезде есептемеуге
болады?
• Ақпараттың қандай қасиеттері бар?
• Ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу бірліктерінің туындыларын атаңдар.
• Кітапта 290 бет бар, бір бетте 39 жол, ал әр жолда 67 символ бар. Бұл кітапты
сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға болама?
Үйге тапсырма: 15-16-17 беттерді оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау, сөзжұмбақ құрастырып келу.