Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау. ASCII коды.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7сынып

3 сабақ

Тексерген:_______________

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау. ASCII коды.

Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді, өңдеуді және сақтаудың тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.

Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдармен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, ASCII кодтарымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Үйге тапсырма


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

  3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

  4. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір.

  5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?

  6. Қандай тілдерді білесіңдер?

  7. Байланыс тілі деп нені айтады?

Жаңа түсініктер:

Аақпаратты белгілі – бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау , қабылдау, ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу ( кодтау) түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрлау деп те айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфавиті 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек, мысалы: 1 – құрылғыда ток бар, ал 0 – жоғын, немесе 1 – жоғары кернеу, 0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе оған сәйкес код разрады бар, о немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп айтады. Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді қолдану қабылданған 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен, яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодталу комбинацияларының жиынтығын кодтау кестесі деп атайды.

ASCII коды

Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код - ASCII коды – американдық апарат алмасудың стандартты коды.

Кодтау кестесінің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен тұрады: стандартты, баламалы.

Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0 – ден 127 – ге дейінгі кодтар:цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.

Баламалы бөліктегі – 128 – ден 255 – ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттер (орыс, қазақ). Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі 2 – суретте келтірілген.


Парта сөзін кодтау үшін

  • Мәтіннің әр символының кодын ASCII кестесінен табу керек. Оның коды – екі он алтылық сан, оның біріншісі – осы символ орналасқан көлденең жолдың номерін, ал екіншісі тік баған номерін көрсетеді. Сосын сәйкестендіру кестесінен оны екілік жүйеге ауыстыру керек.

Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.1, 2, 3, 4, 5, тапсырмаларды және оқулықтағы 4 беттегі тапсырмаларды орындау.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Кодтау мен кері кодтау деген не?

  2. Бит, байт деген не?

  3. Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

  4. Оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау.

Үйге тапсырма: 1.2 – тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.2.6, 1,2,7 тапсырмаларды орындау