Фигураларды салу. Векторлық нысандары бар қарапайым операциялар. Қисықтарды түзету. 7 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:22-25.02.16

Пәні

информатика

Джалмаганбетова Р

7 «а, ә, б, в, г» сыныптар

Оқу-ісінің меңгерушісі ____________Сарғожаева А


Сабақтың тақырыбы:

Фигураларды салу. Векторлық нысандары бар қарапайым операциялар. Қисықтарды түзету.

Мақсаты:

Оқушыларды Macromedia Flash бағдарламасында сурет салуды және мәтінмен жұмыс жасауды үйрету;

Білімділік:

Оқушыларды векторлық графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканы өңдей, фигураларды салу туралы білімдерін қалыптастыру

Дамытушылық:

Оқушылардың векторлық графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік:

Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс:

Түсіндіру, сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар

Көрнекті құралдар:

Компьютер, слайд, интерактивті тақта

Пән аралық байланыс:

Бейнелеу өнері, ағылшын тілі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасы:

  • Macromedia Flash бағдаламасында қандай терезелер бар?

  • Негізгі мәзірде қандай батырмалар бар?

  • Құрал-саймандар тақтасында қандай батырмалар бар?

Жаңа сабақ

Түзу сызықтар және фигураларды сызу үшін MacroMedia Flash бағдарламасында [pic] Line Tool (Сызық) батырмасы қолданылады.

MacroMedia Flash бағдарламасында қарындашпен түзу және қисық сызықтар сызуға болады. Ол үшін құрал–саймандар тақтасынан [pic] - Рencil Tool (Карандаш) батырмасын қолданамыз. Егер сурет салу барысында Shift батырмасын бірге бассақ салынған сегмент тінтуір бағытына байланысты тік немесе көлденең орналасады.

Құрал–саймандар тақтасындағы [pic] , [pic] , [pic] батырмаларының қасиеттерін [pic] бөлімінен кейін шығатын [pic] терезеде өз қалауымызша өзгертуге болады.

MacroMedia Flash бағдарламасында [pic] Brush Tool (Кисть) батырмасының көмегімен түспен боялған аймақтарды салуға болады. Батырманың режимдері:

[pic]


MacroMedia Flash бағдарламасында [pic] Рaint Bucket Tool (Құю) батырмасы тұйықталған аймақ түстерін анықтайды. Құю жолдары:

[pic]


MacroMedia Flash бағдарламасында [pic] Ink Boottle Tool (Сия сауыт) батырмасы фигураның немесе қандай да бір облыстың түсін, қалыңдық дәрежесін және шекара стилін анықтайды.

MacroMedia Flash бағдарламасында [pic] Eyedroррer Tool (Пипетка) батырмасы бір объектінің құю және жиектеу әсерлерін екінші бір объектіге көшіру барысында қолданылады.

Macromedia Flash MX бағдарламасында үш түрлі мәтінді ұйымдастыруға болады:

1)Static Text – статикалық мәтін;

2)Dynamic Text – динамикалық мәтін;

3)Input Text – толтырылатын мәтін.

Мәтінмен жұмыс жасау үшін мәзірлер тақтасындағы «Text» мәзірін шертеміз немесе құрал-саймандар тақтасындағы [pic] батырмасын басамыз. Қажетті мәтінді құжатқа жазамыз. «Properties» бөлімінен немесе «Text» мәзірін басқан кезде шығатын командаларды қолдана отырып енгізілген мәтіннің қасиеттерін өз қалауымызша өзгертуімізге болады (12-сурет).


[pic] [pic]

12-сурет.Мәтінді форматтау бөлімі.

Енгізілген мәтінді ерекшелеп алғаннан соң әрбір әріпті жеке объект ретінде қарастыруға болады. Ол үшін «ModifyBreak Apart» командасын орындаймыз немесе «Ctrl+B» пернелер комбинациясын басамыз.

Әріптерге құю (заливка) жұмысын орындаған тек қана түстерді емес, қандай да бір объектіні қолдануға болады. Ол үшін әріпті ерекшелеп аламызда «Color Mixer» терезесінен «Bitmap» қасиетін таңдаймыз. Төменде ашылған сұхбатты терезеден қалаған бейнені тінтуір нұсқағышымен нұсқасақ болды.


Сабақты бекіту. Компьютерде тәжірибелік жұмыс жүргізу

Тапсырма 1

  1. Жұмыс үстелінен Macromedia Flash бағдарламасын ашыңыз. [pic]

  2. Пайда болған терезеден Flash Document – ті таңдаймыз [pic]


  1. Көз алдымызда Macromedia Flash жұмыс терезесі пайда болды. Енді құрал –саймандар тақтасынан шеңбер салу [pic] батырмасын басамыз , бояу құралы батырмасын [pic] таңдап жасыл градиент түсін белгілейміз.

[pic]


  1. Жұмыс аймағында тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып шеңберді саламыз.





[pic]

  1. Тышқанды кадрлар терезесіндегі 40 кадрға апарып, тышқанның оң жақ батырмасын шертін Insert Keyframe – ді таңдаймыз.






[pic]

  1. Нәтижесінде кадрлар терезесі осылай өзгереді.



[pic]




  1. 1- 40 кадр арасындағы кез келген жерге тышқанның оң жақ батырмасын басып Create Motion Tween- ді таңдаймыз.

[pic]




  1. Нәтижесінде кадрлар терезесі осылай өзгереді.




[pic]


  1. Енді 1-ші кадрды басып, шарды жұмыс аймағынан тыс сол жақ шетіне шығарып тастаймыз.


[pic]



  1. Енді ең соңғы ,яғни, 40-шы кадрды басып, шарды жұмыс аймағынан тыс оң жақ шетіне шығарып тастаймыз.



[pic]


  1. Тышқанды 70 кадрға апарып, тышқанның оң батырмасын басып , Insert Keyframe –ды таңдаймыз.

  2. 40-70 арасындағы кез –келген кадрды таңдап, тышқанның оң жақ батырмасын басып Create Motion Tween- ді басамыз. [pic]



  1. Енді ең соңғы ,яғни, 70-шы кадрды басып, шарды жұмыс аймағының ортасына апарамыз.



  1. Құрал – саймандар тақтасынан пішім өзгерту құралын [pic] [pic]

пайдаланып , шар көлемін үлкейтеміз.

  1. Ctr + Enter батырмаларын басамыз. Қимылдап жатқан шар анимациясын көреміз.





Тапсырма 2

  1. Меню жолынан File New-> Flash Document -> Ok батырмаларын басып жаңа құжат құрамыз.

  2. Құрал саймандар тақтасынан Текст жазу құралын [pic] таңдап , жұмыс орнын бір рет шертіп , есімімізді жазамыз. [pic]

  3. Тышқанды кадрлар терезесіндегі 40 кадрға апарып, тышқанның оң жақ батырмасын шертін Insert Keyframe – ді таңдаймыз.

  4. 1- 40 кадр арасындағы кез келген жерге тышқанның оң жақ батырмасын басып Create Motion Tween- ді таңдаймыз.

  5. Енді 1-ші кадрды басып, таңдау құралымен жазуды жұмыс аймағының сол жақ жоғары бұрышына апарамыз.

[pic]

  1. Енді ең соңғы ,яғни, 40-шы кадрды басып, жазуды жұмыс аймағының оң жақ төменгі шетіне апарамыз.

  2. Тышқанның сол жақ батырмасымен 1-ші кадрды басып , қасиеттер панелінен Rotate-> CW басамыз.


  1. Ctr + Enter батырмаларын басамыз. Айналып жатқан жазуды көреміз. [pic] [pic]

Сабақты қорытындылау

Қорытындылау. Енді балалар бүгінгі сабақта нені үйрендік. Соған тоқталып, жазып шығамыз.










Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасы

Macromedia Flash туралы қосымша материалдар іздеп келу. Сөзжұмбақ, ребус құру.