Беттердің параметрлері . сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән: Информатика

Сынып: 6

Тақырыбы: Беттің өлшемдері, ернеулері. Құжатты басып шығару.

Мақсаты:

Білімділік: Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару туралы білімдерін қалыпстастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыыру.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Көрнекілік құралдар: Компьютер, презентация, оқулық, дәптер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

IV. Практикалық жұмыс

V.Сергіту сәті

VI. Бекіту

VII. Үйге тапсырма беру

VIIІ.Бағалау

І Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;

б) сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасы: easyQuizzy бағдарламасында үй жұмысы тексеріледі.

  1. Мыналардың қайсысын бірнеше бағанға орналастыруға болады?

  1. Әңгіме

  2. Өлең

  3. Баяндама

  4. Шығарма

  1. Бағандарды құру бұйрығын жолақтың қай тіркеме парағында орналасқан?

  1. Бетті белгілеу

  2. Кірістіру

  3. Басты

  4. Терезе

  1. Бағандарды құрудың алғашқы кезеңі:

  1. Мәтінді теру

  2. Бағанды құру бұйрығын таңдау

  3. Бағандар арасындағы қашықтыұты анықтау

  4. Алдымен мәтінді теруге де, бағандарға бөлу бұйрығын да беруге болады

  1. Бос бетте бағандарға бөлуге болатынын қалай анықтауға болады?

  1. Бағандар батырмасының қосулы тұрғанынан

  2. Пішімдеу сызғышы бойынша

  3. Беттің ені бойынша

  4. Қалып-күй жолы бойынша

  1. Бағандарға бөлінгеннен кейінгі мәтіннің бастапқы қалпына қалай оралуға болады?

  1. Бір бағанды таңдау арқылы

  2. Тез қол жеткізу тақтасындағы Бас тарту батырмасын басып

  3. Бағандардан бас тарту арнайы бұйрығын таңдау арқылы

  4. Бағандарды пішімдеу сызғышында жоою арқылы

  1. Бағандардың анықтауға болатын ең үлкен мүмкін мәні?

  1. 10

  2. 3

  3. 12

  4. 5

ІІІ. Жаңа сабақ.

Үлкен көлемді құжатпен жұмыс жасау барысында құжат беттерін нөмірлеген ыңғайлы. Ол үшін Вставка-Номера страниц командасын таңдаймыз.

Құжатты баспаға жібермес бұрын Файл-Предварительный просмотр командасын таңдаймыз. Содан соң Файл-Печать командасын таңдаймыз. Принтер бөлімінен қажетті принтерді таңдау қажет. Копии бөлімінде число копии өрісінде құжаттың қанша данасы қажет екенін тағайындау қажет. Страницы бөлімінде құжаттың қай бөлімі баспаға берілетіндігі тағайындалады.

Суретке, кестеге немесе мәтінге жиектер қою үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

  1. Жиек істеу қажет мәтінді, суретті немесе кестені белгілеп алыңыз

  2. Пішім мәзірінде Жиектер және бояу әмірін таңдаңыз, жиектер қосымшасын ашыңыз.

  3. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.

  4. Тек жекелеген шеттер үшін жиектер белгілеу үшін Мәнер тобында Басқа әмірін таңдаңыз. Үлгі терезесінде сұлбаның қажетті шеттерін шертіңіз немесе жиектерді белгілеу және жоюға арналған батырмаларды пайдаланыңыз.

Бетке жиектер істеу үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

  1. Пішім мәзірінде Жиектер және бояу әмірін таңдаңыз, содан кейін Бет қосымшасын ашыңыз.

  2. Көркем жиек мысалы жұлдызшалардан құралған жиекті алу үшін Сурет өрісін ашамыз.

  3. Мәнер тобынан жиек мәнерін таңдаңыз. Беттің тек кейбір шеттеріне, мысалы үстіңгі жағына ғана жиек белгілеу үшінМәнер тобынан Басқа параметрін таңдаңыз. Үлгі өрісінде бет кескінінің жиек орналасуы тиіс тұста шертіңіз.

  4. Жиегі бар жекелеген бетті немесе бөлімді анықтау үшін Қолдану тізімінен қажетті параметрді таңдаңыз.

  5. Жиектің беттегі нақты орналасуын анықтау үшін Параметрлер батырмасын шертіңіз.

Мәтіннің бөлектеген үзіндісін бояуды белгілеу үшін:

  1. Пішім мәзірінде Жиектер және бояу мәзірін таңдаңыз, содан кейін бояу қосымшасын ашыңыз.

  2. Қажетті түсті таңдаңыз.

  3. Қолдану өрісінде бояуды неге қолдану (мәтінге немесе ежеге) екенін таңдаңыз.

  4. Ок батырмасын шертіңіз.



IV . Практикалық жұмыс.

Достық.

«Достық»деген қандай тамаша сөз! Осы сөзді айтқанда қар атысып ойнайтын, құпия сырыңды бірге бөлісетін, бірге кітап оқитын досың еске түседі. Жалпы «дос», «достық» сөзінің көптеген құпия сыры бар.

«Біздің Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Барлық ұлт өкілдері бір тудың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл да үлкен достықтың, татулықтың белгісі.Ұлттар достығы туралы да ақындарымыз көп жырлаған. Енді сол ақын сөздеріне кезек берейік.

V.Сергіту сәті: «Айрмашылықты тап»: оқушылар тақтада берілген суреттен 10 айырмашылықты табу қажет.



[pic]

VІ. Бекіту кезеңі. Құрметті оқушылар! Сіздерге тақтада келесідей тапсырма ұсынылған. Сіздер Word мәтіндік редакторы терезесіндегі жолақтардың орның тауып қойуларыныз керек.



VIІ. Үйге тапсырма. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару тақырыбын оқып келу.



VIIІ. Бағалау. Оқушыларды бағалау.