5-сынып Сабақ жоспары тақырыбы Компьютердің құрылымы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сабақ жоспары 6

Сыныбы: 5 «А»

12. 10. 2016 ж.

Сабақ тақырыбы:

Компьютердің құрылымы

Сілтеме:

Жоспар (күнтізбелік жоспар)

Жалпы мақсаттар:

Компьютердің құрылымдары туралы алғашқы түсінік қалыптастыру үшін жағдай жасау, оның құрамдас бөліктерін анықтау.

Оқыту нәтижелері:

Компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылғыларын, жүйелік тақтаның қызметін, процессорды, оперативті жадын, қатты дискті, CD/DVD-ROM, дыбыстық, желілік және видеокарта (бейнекарта) пернетақтадағы: Shift, CapsLock, Enter пернелері қызметін білу.

Түйінді идеялар:

Компьютердің сыртқы құрылғыларының түрін, олардың қызметіне сипаттама беруді; пернетақтаны мәліметтер енгізу үшін пайдалануды үйрену.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың көрнекіліктері:

Компьютер, оқулық, плакаттар мен журналдар, үлестірмелі материалдар (тест сұрақтары).

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Түсіндіру, сұрақ жауап


Сабақтың түрі:

Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру

Орындалатын іс-әрекеттер:

Мұғалімнің орындалатын іс-әрекеттері

Оқушының орындалатын іс-әрекеттері

1. Ұйымдастыру. (3-5 мин).

1. Сыныптағы оқушыларымен сәлемдесу, түгендеу

2. Өткен тақырыптарды меңгергенін тексеру: (5-8 мин)

А) Оқушыларға сұрақ-жауап ұйымдастыру.

Үйге берілген тапсырманы тексеру .

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1. Компьютер деген не? 2. Компьютердің негізгі міндеттері қандай ?

3. Компьютердің қандай түрлері бар ?

3. Білімді жан-жақты тексеру:

(4-5 мин)

А) Оқушылардың алған білімдерін жан-жақты тексеру.

3. Білімді жан-жақты тексеру:

А) Кестемен жұмыс

4. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық: (1-2 мин)

а) Оқушыларға жаңа сабақтың мақсаттарын түсіндіру.

4. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық:

А) Сабақтың мақсаты мен міндетін қою:

Компьютердің құрылымдары туралы алғашқы түсінік қалыптастыру үшін жағдай жасау, оның құрамдас бөліктерін анықтау.

5. Жаңа тақырыпты түсіндіру: (10-15 мин)

А) Оқушылардың жаңа тақырып бойынша не білетінін анықтап, білімдерін толықтыру.

Ә) Сонымен қатар жаңа сабақ бойынша жаңа түсініктер қалыптастырып, түсіндіру.

5. Жаңа сабақты түсіндіру:

Тақырыпты түсіндіру оқулық бойынша жүргізіледі. Тақырып қиын емес, компьютерлік техниканы қолдану саласына басты назар аударылады.

ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.

Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.

Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.

Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. .Олар: монитор, пернетақта,принтер,маус,модем.Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.

Процессор- компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады.Процесор жадпен жұмыс істейді.Жад микросхемасынан процесор өзіне қажетті ақпаратты алады.

Жедел жад-бұл компьютердің ішкі жады.Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді.Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше.Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) – ақпартты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы – принтер, диспей, графопроектор.

Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.

Монитор-ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады.

Шығаратын ақпараты бойынша

Монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр)

Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді)

Түрлі түсті

Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға

мүмкіндік береді)



Пернетақта (Клавиатура)

Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.

Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:

1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.

2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.

3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.

4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.

Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)

-функционал пернелер: F1-F12

-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace

-меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.

-сандық пернетақта.

Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.

Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Цифрлық-қосымша NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.

Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.

немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.

Shift - бұл кіші әріптерді үлкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock - үлкен әріптер енгізіледі.

Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt

Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.

Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор.

Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.

Сыртқы жад – сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.

Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.

Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқа қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.

Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.

6. Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеру: (8-10 мин)

А) Оқушылардың сабақ бойынша алған, меңгерген білімдерін тексеру.

6. Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеру:

Деңгей бойынша орындалған тәжірибелік жұмыс жаңа білім алудың жалғасы болып табылады. Түсіндіру барысында мұғалім оқушылардың өз бетімен ақпарат алуларына негіз болатындай түсінік береді, оқушылар оқу барысында қызығушылық танытқан бөлімдеріне байланысты қосымша ақпаратты өз беттерімен ала алады.

7. Жаңа сабақты бекіту:

(2-3 мин)

А) Оқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастыру.

7. Жаңа сабақты бекіту:

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

Өзіңді тексер! Тест жұмысы орындалады.

8. Үй тапсырмасын хабарлау және оқушылардың білімін тексеру, бағалау: (1-2 мин)


8. Сабақты қорытындылау:

Үйге тапсырма беру.

Практикум: С деңгейінің тапсырмалары. (Сөзжұмбақ құрастыру)

Оқулық: 6 - тақырып. Оқушыларды бағалау.


Информатика пәні мұғалімі Муратбеков Ж.Т


Тексерген _______________________________________