Берілген уақыт | Пәні: Информатика | Мерзімі: 14.03.2014 жыл | Сыныбы: 8«Ж» |
Сабақтың тақырыбы: | 3. Графикалық объектілерді және көркем жазуды кірістіру |
Сабақтың реті: | 3-сабақ |
Жалпы сабақтың мақсаты: | Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіреді, суреттер мен жазулырды пішімдейді |
Күтілетін оқу нәтижелері:
| Оқушылар мәтіндік процессорда графикамен жұмыс жасауды үйренеді; шығармашылықпен жұмыс жасай алады. |
Түйінді идеялар: | Мәтіндік процессорда көркем жазуды, фотоаппаратты, телефонды, видеокамераны пайдалана отырып, графикалық объектілермен жұмыс жасауды меңгереді. |
Сабақтың типі: |
|
Сабақты ұйымдастыру түрі: | Тренинг-тәжірибе |
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: | «Сәлемдесу», «Шашу» әдісі, «Бас бармақ», «Шар ішіндегі сұрақ», «Қар үйіндісі», «Өрмекші торы», «Түртіп ал», «Күту» ағашы. |
Жұмыс түрлері: | Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс |
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: | Интерактивті тақта, ғаламтор, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер |
І Қызығушылығын оятукезеңі: |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
2 мин | 1-әрекет . «Сәлемдесу», «Екі өтірік бір шын» әдісімен сергіту жаттығуын жасату
| Оқушылар ойларынан екі өтірік, бір шын оқиға айтады, оны топтағы оқушылар табады.
|
1 мин | 2-әрекет . Түрлі конфеттерден «Шашу» шашу арқылы топқа бөлу.
| Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады |
2 мин | 3 – әрекет. Ұжымдық жұмыс. «Күту ағашы» әдісі арқылы оқушылардан сабақтан не күтетіндерін анықтау. | Оқушылар күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндерін стикерге жазып іледі. |
5 мин | 4-әрекет. «Шар ішіндегі сұрақ» әдісімен үй тапсырмасын тексеру. | Оқушылар әр топта үрленген шардың ішіндегі сұрақты топта талқылап, жариялайды. Басқа топтар толықтырады |
1 мин | 5-әрекет . Жауаптар «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады | Топтар бір – бірінің жауабына бас бармақтарын көрсету әдісі арқылы бағалады. |
3 мин | 6-әрекет. Топтық жұмыс: «Қар үйіндісі» әдісін пайдалану арқылы топта ребус шешу тапсырылады
| Әр топқа дайын ребустар таратылады, сол ребусты шешеді және ребуста қолданылған суреттер жайлы жұптасып шағын әңгіме жазады. |
1 мин | 7-әрекет . «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау | Оқушылар әр топтың жұмыстарын бас бармақтарын көрсету арқылы бағалайды. |
| ІІ Мағынаны тану кезеңі: |
10 мин | 8-әрекет . Интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы обьектілерді пайдаланудың жолдары көрсетіледі | Оқушылар WORD-та объектілермен жұмыс жасауға болатындығын түсінеді. Әр оқушы кітапты оқиды, жұптасып объектілерді калай кою керек, калай көбейту керек, үлкейту, кішірейту, безендіру әдістерін талқылайды, түсіндіреді
|
| ІІІ. Ой толғаукезеңі |
| 9-әрекет . «Тапсырмаға толы қораптан» тапсырма беру | Оқушылар қорапттан өздеріне ребустар таңдап алады. |
5 мин | 10-әрекет. Топтық жұмыс: Оқушыларға ребуспен жұмыс жасату, ребуста қандай сөз жасырылғанын анықтату. | Оқушылар топта таңдап алған реустарды шешеді, қандай сөз жасырылғанын анықтайды.
|
1 мин | 11-әрекет . «Өрмекші торы» әдісімен жариялау | Компьютерлік желіні немесе электрондық почтаны немесе агента арқылы оқушылар өз жұмыстарын интербелсенді тақтадан көрсетеді |
2 мин | 12-әрекет . Дайын критерийлер арқылы бағалату | Оқушылар алдын аладайындалған критерийлар арқылы жұмысты бағалайды |
| 13-әрекет . «Түртіп ал» әдісі бойынша үйге тапсырма | Оқушыларға өздерінің суреттерін пайдалана отырып ашық хат немесе туылған күндеріне шақыру билеттерін жасау тапсырылады |
| 14-әрекет. Мұғалім баға қояды.
| Барлық бағалаулар ескеріледі |
2 мин | 15-әрекет. Жеке жұмыс: «Күту ағашы» әдісі бойынша кері байланыс жасату
| Оқушылар күтілетін нәтижеге ойларын анық жеткізеді, бірін-бірі бағалай алады. Оқушылар әдіс негізінде сабақта алған әсері мен ұсыныстарын стикер арқылы жабыстырып кері байланыс жасайды |
| Мұғалім | Байбалақова Зейнегүл Қырғызбайқызы |
| Тренер | Есентаева Айжан Идирисовна |